жаңалық
Видео • 12 Қазан, 2020
Өткен аптаның өзекті жаңалықтары
Кезекті топтамада елде және әлемде болған маңызды оқиғаларға шолу жасаймыз. Өткен аптада елде және жаһанда бірқатар елеулі оқиға болды. Атап өтсек, Мемлекет басшысы коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөз сөйледі. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын, алайда бұл жұмысты бүкіл ел болып, жұмыла білсек қана өз нәтижесін беретінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Қазан, 2020
Өткен аптаның айшықты жаңалықтары
Өткен аптада елде және әлемде бірқатар оқиға болды. Атап айтсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркістан қаласына барды. Тұңғыш Президент сапар барысында "Түркістан-Арена" стадионына және "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды. Сонымен қатар ол халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2020
Бұл топтамада елде және әлемде болған маңызды оқиғаларға шолу жасаймыз. Өткен аптада елде және әлемде бірқатар оқиға болды. Атап айтсақ, Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі. Онда ол БҰҰ аясында Аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру идеясын мұқият зерттеуді ұсынды. Президент осындай орталықтың бірін Қазақстан аумағына орналастыруға дайын екенін жеткізді.
Экономика • 10 Маусым, 2020
Ұлттық банк теңге неге нығайғанын түсіндірді
Бүгін Ұлттық банкте өткен онлайн жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова наурыздағы дағдарыс, сәуірдегі дүрбелең және мамыр айындағы бетбұрыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz