құн
Руханият • 08 Тамыз, 2020
"Abai world challenge" атты Абай өлеңдерін оқудан халықаралық челлендж басталады
10 тамызда сағат 15.00-де "Abai world challenge" атты Абай өлеңдерін әлем тілдерінде оқудан халықаралық челлендж басталады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 27 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.
Руханият • 24 Шілде, 2020
Абайдың әні алғашқы рет жапон тілінде шырқалды
Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде "Көзімнің қарасы" әнін орындау арқылы құттықтады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Bek Air қайтарымсыз билет туралы екінші сотта да жеңіліс тапты
Сот Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Bek Air АҚ-на қатысты екінші талабын қанағаттандырды. Бұл туралы Алматы қаласының Түрксіб соты мәлімдейді, деп жазады Egemen.kz
Абай • 23 Шілде, 2020
Абайдың қара сөздері нидерланд тілінде қайта басылды
Абайдың 175 жылдығына орай ғұламаның қара сөздері нидерланд тілінде қайта басылып шықты. Қазақстанның осы елдегі елшілігі мен Алматыдағы әдебиет және өнер институты бірігіп туындының тұсаукесерін онлайн өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Маусым, 2020
Армениядан әкелінген көлікті тіркеу құны қанша тұрады?
Тіркеу автокөліктің иесіне, яғни Армения Республикасында берілген техқұжатта көрсетілген тұлға бойынша жүзеге асырылады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов атап өтті, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда Абай Құнанбаев бейнеленген мурал пайда болды
Абай даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың портреті пайда болды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 05 Маусым, 2020
Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді - министр
Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.