ай
Тағайындау • 12 Сәуір, 2021
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ауа райы • 12 Сәуір, 2021
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 12 сәуір күнгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Қостанай облысының тұрғындарына сәуір айының екінші жартысынан бастап жаппай вакцина егу басталады. Осыған орай, сәуірдің онына қарай облыс орталығына Қарағанды фармакологиялық зауытында құйылған ресейлік «Спутник V» және отандық «QazVac» вакцинасының 45 400 құтысы жеткізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Грузия Жазушылары үйінде қазақтың ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының грузин тілінде алғаш басылып шыққан өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Грузияның Мәдениет министрлігі мен Жазушылар одағының, әдеби топтарының, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жол қызметкерлерінің сапасыз жұмысын сынға алды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экология • 09 Сәуір, 2021
Жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, су шаруашылығы нысандарының жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Сәуір, 2021
Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды
Қанатбек Жайсаңбаев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 08 Сәуір, 2021
Астана бір ай бойы – «қызыл аймақта»
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиялық ахуал жөніндегі кеңесте шектеу шаралары мен рейдтер белгілі нәтижеге қол жеткізе алмай отырғанын айтқан болатын. Мамандар мұның себебін халықтың шектеу шараларын сақтауға селқостығы мен кәсіпкерлердің жауапсыздығынан іздейді.
Президент • 08 Сәуір, 2021
Президент қазақстандық ғалымдарға қолдау көрсетуде - Асхат Аймағамбетов
Мемлекет басшысы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтын және отандық QazVaс (QazCovid-in) вакцинасын әзірлеген ғалымдарға қолдау көрсетіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 08 Сәуір, 2021
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 07 Сәуір, 2021
Айжан Сқақова: Ғылымның деңгейі құлдырап барады
ХП фракциясының мүшесі Айжан Сқақова өзінің депутаттық сауалында қазақстандық ғылым Парагвай мен Камбоджадағы ғылым секілді қаржыландырылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 07 Сәуір, 2021
Қазақстанда қашан күн жылынатыны айтылды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидромет» гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы сәуір айындағы ауа райының болжамдарын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Елордадағы бірнеше мектепке «Алаш» қайраткерлерінің есімі беріледі
Елорданың бірқатар мектебіне «Алаш» қайраткерлерінің есімдері берілмек. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 07 Сәуір, 2021
Еліміздің 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елдегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды
Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы болып Түлебаева Светлана Дүмбайқызы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
«Қайырымды істер марафоны» қарқын ала бастады
«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы қарқынын үдете бастады. Күн сайын еліміздің барлық өңірлерінде мыңдаған қазақстандық қайырымды істер жасап, оларды әлеуметтік желілерде бөлісіп, «Жақсылық жұқпалы» деген даналықты ұран етіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 06 Сәуір, 2021
Қытайдың кезекті бесжылдық жоспары
ЛОНДОН. Қытайдың заң шығарушы органы Бүкілқытайлық халықтық конгрестің биылғы жиыны – кейінгі кезеңдегі маңызды оқиғаның бірі. Қазіргі таңда Қытай сыртқы саясатта қиын жағдайға тап келіп отыр. Яғни елдің саяси қуғын-сүргіні мен мәжбүрлі дипломатиясына қарсы мемлекеттердің саны күннен-күнге артып келеді. Сондықтан экономикалық даму моделіне тиісті өзгертулер енгізу бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Бүгінде Қытай көшбасшылары «орта таптың табыс тұзағы» деп аталатын ұғымды айтудан қанша жерден басын алып қашқанымен, олардың бұл қауіптен құтылуға кіріскені айдан анық аңғарылады.
Руханият • 06 Сәуір, 2021
Тегінде бұл, бұлбұлдай ән салған, қырандай қалықтаған, нөсердей төккен, ақтүтек борандай ұйытқып соққан, найзағайдай көкке тік шаншылған, бұлттан шыққан күндей ашылған, сарқырамадай төгіліп аққан ағыл-тегіл төкпе өнерді ойлап тапқан ата-бабаларға мың сан алғыс айтуымыз керек. ЮНЕСКО айтыс өнерін тегіннен тегін «мәдени шедевр» деп танымаған да болар.
ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру құқығы берілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хаттама толтыратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 06 Сәуір, 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғауды күшейтеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қарауына ӘҚБтК-нің кәсіпкерлік қызмет саласындағы баптары бекітілген, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу аясында шетелдік және отандық инвесторларды қорғау тұрғысынан Антикордың әлеуетін күшейте түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
Ираннан Қазақстанға жаңа рейс іске қосылды
Ирандық Kish Air әуекомпаниясы Горган мен Ақтау арасында алғашқы рейс орындады, деп хабарлайды Egemen.kz RNA басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
7 сәуірде республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Сәуір, 2021
Ресми шағымдар нашар интернет мәселесін шешуге көмектеседі
2021 жылы 286 ауыл 2G-ден 3G және 4G-ге, 51 ауыл спутниктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына ауыстырылады, халқының саны 250 адамнан аз тағы 292 ауыл байланыс сапасын жақсартады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық даму министрлігінің басшысы Бағдат Мусин мәлімдеді. Оның айтуынша, техникалық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, байланыс сапасын бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.
Руханият • 06 Сәуір, 2021
Ақтоты Райымқұлова Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына барды
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жұмыс барысымен Алматыдағы ЮНЕСКО ұйымы аясындағы ІІ санатты Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 05 Сәуір, 2021
Қазақ көркемсөзінің көшелі көшінде талантымен танылған, шығармашылық шеберлігі шыңдалған көрнекті жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы сексеннің сеңгіріне шықты. Ол осынау мерейлі жасын жаңа шығармасымен қарсы алып отыр. Шау тартса да шабытына тұсау түспеген жазарманның қазақ елінің кешегі қилы кезең, зұлмат замандағы өмір өткелдерінен сыр сабақтаған «Тағдыр толқыны» романы тақырыбы тосын болмаса да, кестеленуі көркем, түйіні тәлімді туынды. Уақыт бөліп оқып шыққан оқырманның қай-қайсысы да біздің пікірімізді қоштай кетеріне сенімдімін.
Әдебиет • 05 Сәуір, 2021
Ғылым адамның ақылына, өнер сезіміне әсер етуі керек. Сол үшін дарынды сөз жүйесін меңгерген кез келген кәсіби қаламгерден ең алдымен сезімді селт еткізетін дүниелер күтіледі. Марқұм, жазушы Талғат Кеңесбайдың шығармашылығы дәл осы үдеден шығатын көркем туындыларға бай еді. Зерттеушілердің көзіне іліккен «Лениннің бәтеңкесі» «экспериментке құрылған шығарма» деген баға алғаны есімізде. Оның шығармашылығы бастан-аяқ эксперимент еді деуден аулақпыз, бірақ меніңше «Гауһары» да эксперименттің көркем үлгісі сияқты.
ANTIKOR • 05 Сәуір, 2021
Бас мүфти: Жемқорлықтың зияны халыққа тиеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жемқорлық мемлекеттің дамуына кедергі болғандықтан, үлкен күнә болып саналатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Бағаны тұрақтандыратын жобаларға қолдау көрсетуіміз керек
Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабы 333 кварталда «Темиршиков» ЖК нан-тоқаш өнімдерін өндіретін наубайхана іске қосылды. Жоба құны – 300 млн теңге. Жеке кәсіпкерлер 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Ауа райы • 05 Сәуір, 2021
Қазақстанның кей өңірлерінде күн жылынады
«Қазгидромет» РМК 6-8 сәуір аралығында еліміздің кей өңірлерінде күн жылынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Сәуір, 2021
Шәрбану Бейсенова «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова танымал жазушы, журналист, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәрбану Бейсенованы «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.