ас
Тағайындау • 24 Тамыз, 2020
Шымкент қаласы дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Тамыз, 2020
"Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалінің иегерлеріне 830 мың теңгеден төленеді
Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді. Бұл туралы онлайн өткен "Тамыз" кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.
Білім • 24 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді
Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпы білім беру қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Аюбаев қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мұхтар Аюбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Атырауда Каспий теңізінің жағалауы әлі өртеніп жатыр
Өрт те – тілсіз жаудың бірі. Қалай тұтанғанын да аңғармай қаласың. Кешеден бері Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртеніп жатыр. Әзірге сөнер түрі жоқ, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Тамыз, 2020
«Севилья» - Еуропа лигасының алты дүркін жеңімпазы!
«Севилья» мен «Интер» арасындағы Еуропа лигасының финалы 3:2 есебімен аяқталды.
Спорт • 21 Тамыз, 2020
Бүгін түнде Еуропа лигасының финалы. Кім жеңеді, кім жеңіледі?
Қатарынан 11 ойында жеңіліс көрмеген Миланның «Интер» командасы бұл жолы да жеңісті жолын жалғастырғысы келетіні анық. Алайда олардың қарсыласы «Севилья» Еуропа лигасының кубогын бес мәрте жеңіп алғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан андалусиялық команда аталмыш турнирде басты фовориттердің бірі. Қай жағынан алып қарасақ та екі ұжымға да бұл кездесу оңайға соқпайды.
Білім • 21 Тамыз, 2020
Педагог мамандығын таңдаған түлектер саны артып келеді
Осы жылы педогогикалық мамандықтарды таңдаған түлектер саны едәуір өскен. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педогогтердің республикалық "Тамыз" кеңесінде айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 21 Тамыз, 2020
Білім саласына жаңа жоба енгізіледі
Биыл жаңа оқу жылынан бастап еліміздің білім беру ұйымдарына "Құндылықтарға негізделген білім беру" жобасы енгізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Тамыз, 2020
Мектеп оқулықтарында біраз кемшілік бар – А.Аймағамбетов
Елімізде мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда біраз кемшілік бар. Сондықтан оларды әзірлеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Республикалық "Тамыз" кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 21 Тамыз, 2020
Асхат Аймағамбетов отандық COVID-19 вакцинасы туралы айтты
Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отандық COVID-19 вакцинасы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 21 Тамыз, 2020
Волонтерлер бірқатар қала тұрғындарына 5000-нан астам маска таратты
SK Volunteer Волонтерлер лигасының белсенділері Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындарына 5000-нан астам көп реттік қорғаныс маскаларын таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 21 Тамыз, 2020
Алматы әскери госпиталінен індеттен айыққан соңғы науқас шығарылды
Алматы қаласында коронавирустық инфекцияны жұқтырған соңғы науқас әскери госпитальдан шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 21 Тамыз, 2020
Алматыда өткен жылы 3,5 мың қылмыстың беті ашылды
Өткен жылы Алматы қаласының учаскелік полиция инспекторлары 3,5 мың қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Саясат • 21 Тамыз, 2020
Асқар Мамин "Роскосмос" басшысымен кездесу өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 21 Тамыз, 2020
Елордада жұмыс істейтін жастар үшін жалдамалы баспана салу жалғасады
Қала әкімі Алтай Көлгінов бүгін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2020
Алматы облысында бесінші сынып оқушысы үйінен кетіп қалды
Алматы облысы, Көксу ауданының полицейлері белгісіз бағытқа кетіп бара жатқан баланы тауып алып, анасына тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 20 Тамыз, 2020
Өзін ғана ойлаған тұрғындар өзгелерді көзге ілмеген
Петропавлдың оңтүстік қақпасының кіреберісінде тамаша "Жас өркен" шағын ауданы бой көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 20 Тамыз, 2020
Үкіметтік емес ұйымдар белсенділігі екі есеге артқан
Белсенді қызмет ететін ұйымдар саны – 1885-тен 2594-ке жеткен. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы: Күллі түркінің рухани ұстазы − Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Бүгін Түркістан облысына сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы "Сапар" орталығы мен "Жібек жолы" саябағын жоғары бағалады
Бүгін Түркістан облысына сапары барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Сапар" орталығы мен "Жібек жолы" саябағын жоғары бағалады. Бұл туралы Мемлекет басшысының Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 20 Тамыз, 2020
Президент Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты
Мемлекет басшысы Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының қолдауымен салынған, жалпы аумағы 32 гектар жерді қамтитын "Жібек жолы" саябағына барды. Онда қалада іске асып жатқан жобалармен танысты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы: Түркістан – қазақтың алтын бесігі, рухани орталығы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып қайтты. Бұл туралы Президенттің Twitter-дегі жазбасына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2020
Көлік мәселелері жөнінде заң жобасының тұжырымдамасы мақұлданды
Ағымдағы жылдың 13 тамызында Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Тұжырымдама мақұлданды. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан • 20 Тамыз, 2020
"Астана моторс" компаниясы мақтааралдықтарға үй жиһаздарын сыйға тартты
Еліміздегі "Астана моторс" компаниясы Мақтаарал ауданындағы су басқан Өргебас және Фирдауси ауылының тұрғындарына жалпы сомасы 50,5 миллион теңгені құрайтын 426 жинақталған үй жиһаздарын сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Тамыз, 2020
Ерлан Саиров: Жақтастар лигасы праймериздің ашық және әділ өтуіне қоғамдық бақылау жасайды
"Nur Otan" партиясы Жақтастарының лигасы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен болған кездесуде праймериз мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу барысында тәуелсіз бірлестіктердің, оның ішінде өңірлерден келген 50-ден астам өкіл сұрақтарын қойып, "Nur Otan" партиясының праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын да ортаға салды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 20 Тамыз, 2020
Алматыда індет жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу мен ауруды басқару моделі таныстырылды
Бұл күндері мегаполисте эпидемиялық ахуал тұрақтанғанымен, көптеген мекеме мен кәсіпорын жұмысының қайта жандануы індеттің қайта өршуіне әкеліп соқтыруы ғажап емес. Өмір осы арнасынан ауытқымауы үшін мегаполисте атқарылып отырған шаралар легі аз емес. Сонымен Алматыда "COVID-19 вирусын жұқтырғандар науқастарды ауруханаға жатқызу және ауруды басқару моделі" таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 20 Тамыз, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты
Былтырғы Арыс қаласында болған жарылыстан бүлінген нысандардың бірі темір жол бекетінің ғимараты болатын. Президент Түркістан облысына сапары барысында «Арыс -1» теміржол вокзалының қазіргі ахуалымен, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 20 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Мырзакенттегі жаңа ықшамауданның құрылысымен танысты
Қазақстан Президентінің Түркістан облысына сапары Сардоба су қоймасындағы апаттан зардап шеккен тұрғындар үшін Мырзакент ауылында салынып жатқан жаңа ықшамауданның құрылысымен танысудан басталды. Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан • 20 Тамыз, 2020
Шымкентте өткен тәулікте COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелмеді
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Қаладағы эпидемиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz