Соңғы жаңалықтар
Экономика • 26 Қараша, 2018
Б. Сағынтаев: тарифтерді төмендету тапсырмасы 1 қаңтардан орындалуы керек
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында электр энергиясына, көмірге, ТКШ қызметтеріне бағаны төмендету мәселесі және Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларды орындау аясындағы байланысы қаралды.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Байланыс қызметтерінің бағасын төмендету үшін қолжетімді «әлеуметтік» тарифтер әзірленеді
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кабельдік кәрізжелілерін жалға беру қызметі тарифтерін, сонымен қатар, ауылдарда кабельді телефон мен интернет тарифтерін реттеу бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жұмысы қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова баяндады, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Экономика • 26 Қараша, 2018
Электр энергиясы мен тауарлық газ бағасын төмендету туралы бұйрықтар бекітіледі
Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысы Президенттің 07.11.2018 ж. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәселеден басталды. Электр энергиясы мен көмір тарифтерін түсіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтып берді, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Қостанайда Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ХХҮІ сессиясы өтті
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының сессиясына этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Ғылыми-сараптау топтарының, Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты.
Әлем • 26 Қараша, 2018
Бокстан әлем чемпионатында Қытай құрамасы озды
Үндістанның астанасы – Нью-Делиде өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жалпы командалық есебінде Қытай құрамасы қарсылас шыдатпады.
Экономика • 26 Қараша, 2018
Ж. Қасымбек көмірдің сатылу бағасы түпкі және бөлшек сауда орындарына 15-20%-ға төмендейтінін айтты
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысының тарифтерді төмендету және тарифтердің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірлердегі көмірмен қамту және түпкілікті тұтынушылар үшін бағаны төмендету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
24 қарашада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бұрынғы Квазар сауда орталығының аумағында өтті. Келесі жәрмеңке 1 желтоқсанда өтеді.
Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Алматыда Мемлекеттік Күзет сарбаздары ант қабылдады
Қай мемлекеттің де тыныштығын қорғауда ішкі қауіпсіздік маңызды рөл атқарады. Әскери өмірдің айнасына айналған Мемлекеттік күзет қызметі ширек ғасыр бойы ел игілігі мен қоғам қауіпсіздігі жолында табанды қызмет етіп келеді. Осынау қуатты құрылымның қатары биыл да жас сарбаздармен толығып отыр.
Экономика • 26 Қараша, 2018
Үкімет отырысында тарифтерді төмендету мәселесі талқыланды
Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ТКШ саласындағы монополистердің қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Хоккей • 26 Қараша, 2018
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойындарын Ярославльда өткізген «Барыс» жергілікті «Локомотив» клубынан 3:5 есебімен ұтылып қалды.
Әлем • 26 Қараша, 2018
Осакадағы турнирде Жапонияның дзюдошылары озды
Жапонияның Осака қаласында аяқталған Grand Slam турнирінде өнер көрсеткен Қазқастанның 13 дзюдошысының бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ.
Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Экономика • 26 Қараша, 2018
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Есімханов Сұңғат Қуатұлы Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымда қызмет атқарған А.Шкарупа ұсынылған өтініш бойынша қызметінен босатылды.
Президент • 26 Қараша, 2018
Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Оралда академик Қ.Жұмалиевтің мерейтойына орай халықаралық конференция өтті
Орал қаласында академик Қажым Жұмалыұлы Жұмалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Қажым оқулары - 1: Әлем мәдениеті контексіндегі білім жүйесінде жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынды Білім және ғылым миниcтpлігі және Бaтыc Қaзaқcтaн облысы әкімдігінің қолдауымен, Бaтыc Қaзaқcтaн инновациялық-технологиялық унивеpcитеті, педагогика факультетінің ұйымдастырды.
Dala, aýyl, týǵan jer uǵymdary qazaq halqy úshin kıeli qubylys. Munyń mánin túsinýge bolady. Bizdiń baıtaq dalamyz sandaǵan ǵasyr boıy halqymyzǵa qaltqysyz qyzmet etip keldi. Bizdegi kóshpendi ómir saltynyń qalyptasýyna, halqymyzdyń basty tirshilik kózi retinde mal sharýashylyǵyn tańdap alýyna dalanyń tıgizgen yqpaly zor.
Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Ақтөбелік жасотандықтар жалғызбасты қарияларды қамқорлыққа алған
Жалғызбасты қариялар алғашқы қарды күдікпен қарсы алады. Қыста оларға өз бетімен қозғалу қиынға соғады, ал жеке секторда тұратындарға уақытында көмектеспесе, өз үйлерінде қамалып қалу қаупі бар, деп хабарлайды Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Кино • 26 Қараша, 2018
Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай «Айтматов және Кино» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әдебиет • 26 Қараша, 2018
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы
Елімізде заңсыз айналымдағы атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар азайған. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғындардан суық қаруды ерікті түрде қайтару жөніндегі биылғы іс-шараның аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов мәлімдеді.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Энергия инфрақұрылымы жаңғыртылуда
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 34-қадамында белгіленген міндеттерді іске асыру аясында Павлодар өңірінде бірқатар жобалар қолға алынған. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, бұл күндері өңір экономикасына мемлекет-жекеменшік әріптестігі бағыты арқылы қомақты инвестиция тартылуда. Жалпы құны 5,5 млрд теңге болатын 11 жоба бойынша келісімшарт бекітілді. Оның ішінде денсаулық сақтауға қатысты – 8, энергетика және 1 әлеуметтік қызмет көрсету салаларына тиесілі 2 жоба бар. Облыс орталығы және Екібастұз қаласында көшелерді жарықтандыру желілерін модернизациялау бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Қазіргі кезде ел экономикасына сүбелі үлес қосып отырған ірі өндіріс орындары қайта жаңғыртылып, цифрландыруға қадам басты. Соның нәтижесінде өнім өндіру көлемі арта түсті. Жуырда Павлодар өңірінде алюминийдің 60 миллионыншы тоннасы өндірілді. Бүгінде отандық алюминий тотығы Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Еуропа елдеріне жіберілуде.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Экономиканың қозғаушы күші – экспорт
Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиіс», деп ерекше атап көрсетті. Бұл емес. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс ахуалында экономиканы дамытатын қозғаушы күш – жаһандық бәсекеге қабілетті экспорттық өнім шығаратын өндіріс екендігін Елбасы бұдан бұрын да талдап көрсеткен, міне тағы «тайға таңба басқандай» тап басып отыр.
Аймақтар • 26 Қараша, 2018
Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан
Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, бұл – 1961 жылы Шәкәрім қажының сүйегі салынған шабадан. Бұл шабаданмен Ахат ата Құрқұдықта жатқан әкесі Шәкәрімнің сүйегін топырақтан аршып алып, Бақанастан Жидебайға әкеліп жерлепті.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Отандық кәсіпкерлер халықаралық байқауға қатысады
Қазақстандық кәсіпкерлер алғаш рет халықаралық «Quality Innovation of the Year» – «Жылдың сапалы инновациялары» байқауына қатысады. Онда елімізде өндірілетін инновациялық медициналық өнімдер, құрғақ топырақты ылғалдандыруға арналған материалдар, өңделген қалдықтардан шығарылған киім-кешек, вакуумды қаптамадағы ет деликатестері таныстырылады.
Әлем • 26 Қараша, 2018
BBC-ге қазақстандық алма туралы мақала шықты
Ұлыбританияның BBC арнасына алманың отаны саналатын Қазақстан туралы кең көлемде мақала шықты. Агенттіктің «Саяхат» айдарына шыққан «Заманауи алманың шыққан жері» деп аталатын сараптамада жемістің шығу тегі, қазіргі жағдайы берілген. Автор Алматыны аралап жүріп, жеңсік ас туралы көлемді мағлұмат келтіреді.
Президент • 26 Қараша, 2018
Өнер • 26 Қараша, 2018
Қарағандыда суретші Пётр Кишкистің жеке көрмесі ашылды
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Пётр Кишкистің «Қара фондағы жұмыстар-1» деп аталған жеке көрмесі ашылды.
Қазақстан • 26 Қараша, 2018
Қалауын тапса қалдықтан да қайыр бар
Елдегі кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуінен бөлек, жаңа технологиялардың көмегіне жүгіне отырып экологиялық тиімділігін арттырудың маңызы зор. Мемлекет басшысы баса назар аударып отырған цифрландыру бағдарламасының түпкі мақсаты да осында жатыр. Сарапшылардың жыл басында жасаған зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың жылына 5 млн тонна қоқыс шығаратыны анықталған. Бұл бір адамның үлесіне шаққанда жылына 350-400 кило қоқысты құрайды деген сөз. Ал еліміздегі қалдықтарды қайта өңдеу нарығының көлемі 40 млрд теңгеге бағаланған. Бұл істі жүйелі жолға қою ең алдымен экологиялық қиындықтардың алдын алса, екінші жағынан ел экономикасы үшін аса тиімді.
Президент • 26 Қараша, 2018