Ұлт
Елорда • 07 Тамыз, 2020
Елордада түнгі уақытта кәмелетке толмағандар болған кафе анықталды
05 тамызда түнгі сағат 03.00-де Шевченко көшесіндегі кафеде бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзу фактісі тіркелді. Карантиндік шараларға қарамастан, кафе жұмыс істеді, мекеме ішінде 26 клиентке қызмет көрсетті, олардың ішінде бес кәмелетке толмаған балалар болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Елорда • 06 Тамыз, 2020
IQala қызметтерін алудың нұсқаулықтары бар Telegram-бот құрылды
IQala қалалық қызметтер орталығының ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты ең көп талап етілетін қызметтері бойынша нұсқаулықтарды ұсыну үшін "IQalakz" Telegram-боты құрылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 06 Тамыз, 2020
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері қайырымдылық жасады
2020 жылғы 3 тамызда "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына 1 миллион сомасына қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Білім басқармасына мектептердің дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды
Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің төрағалығымен, білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мен білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Есіл ауданында 20 заманауи ойын алаңы салынады
Биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл ауданында 20 заманауи ойын алаңы салынады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 06 Тамыз, 2020
Елордадағы Оқжетпес көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды
Көлік жүргізушілеріне маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экономика • 06 Тамыз, 2020
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 417,90 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Руханият • 06 Тамыз, 2020
Белгілі журналист Бисұлтан Аманғалиев дүниеден озды
Белгілі журналист, жазушы, "Егеменнің" ардагері, ҚазТАГ қаламгері Бисұлтан Аманғалиев өмірден озды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Ұзақ салынған құрылыстар бойынша қандай жұмыстар атқарылуда
Алтай Көлгінов елордадағы әрбір үлестік құрылыс нысаны соңына дейін салынады деп сөз берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 05 Тамыз, 2020
Елордада бірнеше көшенің газдандырылуына байланысты тұрғындарға ескерту жарияланды
"Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Промышленный" тұрғын алаптары тұрғындарының назарына (Тілендиев даңғ.- Көктал көшесі - Бөкеев көш. теміржол жолы шегінде): осы фронт-офистерде аталған тұрғын алаптардың тұрғындары үшін газбен жабдықтау желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру рәсімі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Руханият • 05 Тамыз, 2020
ҚМДБ елордағы өкілдігі қор мүшелеріне көмек көрсетті
ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен бүгін бас шаһардағы "Бақытты шаңырақ" мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар қорына қайырымдылық шарасы жасалды. Қор төрайымы Пернеш Абдукаримқызының жасаған өтінішіне орай бүгін елорда өкілдігі атынан қор мүшелеріне 100 сөмке ет және азық-түлік қоры берілді.
Елорда • 05 Тамыз, 2020
Елорда полицейлері табиғат аясында көпшілік жиналатын орындарға экопатруль жүргізеді
Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу және экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту бойынша шаралар қабылдау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында "Таза Қазақстан" айлығы өтуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Елордадағы Ермеков көшесі 20 тамызға дейін жартылай жабылды
Жүргізушілер маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Маска тағу тәртібін бұзғандарға 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда медициналық маска тағу міндетті екенін ескертеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Елорда әкімі қолжетімді тұрғын-үй құрылысымен танысты
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылыс көлемі едәуір артады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
Алтай Көлгінов жол жұмыстары үшін көшелер қалай таңдалғанын айтты
Көктемнің басынан қала билігі жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2020
"Астана-адалдық алаңы" мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңына айналды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макеннің төрағалығымен "Астана – адалдық алаңы" жобасының соңғы жеті ай қорытындысы бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Полицейлер карантин режимін бұзған 18 нысанды анықтады
Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Елордалық гарнизонда ПТР-зертханасы ашылады
Аппараттық кеңес барысында Қорғаныс министрлігінің басшылығымен Оңтүстік өңірдің бөлімдері мен бөлімшелерін тексеру қорытындысы, сонымен қатар Қарулы Күштерді кадрлармен жасақтау мәселелері қарастырылды. Одан бөлек, нормативтік-құқықтық базасына өзгерістер енгізу және басқа да өзекті бағыттар талқыланды.
Бағдарламалар • 04 Тамыз, 2020
Елордада цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде
Нұр-Сұлтанды цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде – инженерлік желілер, ғимараттар, жер учаскелерінің 40%-дан астамы цифрландырылды. Қаланың 3D моделін құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Елорда әкімі жаңа мешіт құрылысымен танысты
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда салынып жатқан республикадағы және Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Елорда • 03 Тамыз, 2020
Жұмыссыздар үшін қажетті мамандықтарды тегін оқытуға өтінім қабылдау басталды
Оқыту кезінде 21 787 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Елорданың жасыл белдеуіне жетісу қырғауылы жіберілді
Жасыл белдеуге жетісу қырғауылы жерсіндірілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 03 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады
Қалада қатаң санитарлық шаралар сақтала отырып, қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 03 Тамыз, 2020
М2 көпір құрылысы 4 тамызға дейін толықтай жабылды
Орташа жөндеу аясында М2 көпір құрылысында Мәңгілік Ел даңғылынан Амман көшесіне дейін жол құрылысын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 тамыз аралығында қозғалысты толығымен жабу жоспарланған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Елорда әкімі ұзаққа созылған нысан құрылысымен танысты
Үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бекітілген. Таңертеңгілік аралау барысында Нұр-Сұлтан әкімі "Айсанам De Luxe" және "Жеті жол" нысандарының құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жазды.
Қоғам • 03 Тамыз, 2020
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат...
Болжалсыз келген індетке қарсы күресте әлем жұртшылығы ғана емес, қазақ халқы да барынша күресіп бағуда. Елдегі карантин режімін сақтамай, бейдауа кеселдің құрығына түскендер қаншама. Бүгінде еліміз көршілес Қытай елін басып озып, жалпы ауырғандар саны 92 000 мыңға жуықтады. Елде оттегі концентраторларының жетіспеушілігіне қарамастан, ақ халатты абзал жандар жан-дәрмені қалғанша науқастарға ем-дом жасауда. Осы орайда жұрттан ерен шығып, халқына көмек қолын созып жатқандар легі баршылық.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда 32,5 млн шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды
Нұр-Сұлтанда адам көп жиналатын жерлерде - саябақтарда, тынымбақтарда, жағалауларда дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіледе. Барлығы 32 млн 720 мың шаршы метр залалсыздандырылды.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2020
Елорданың тұрғын алабында жаңа саябақ құрылысы жүргізілуде
Елорда "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" жоспары аясында дамуда. Серуендеп, спортпен шұғылдану үшін орындар ұйымдастыру – басым бағыттардың бірі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2020
Елордалық жедел жәрдемге қоңыраулар саны 10 есе азайды
Пневмониямен ауыратындар саны 5 есе азайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.