и
Аймақтар • 23 Тамыз, 2023
Қазақстанда жаңа университет құрылды
Үкіметтің осы жылғы 17 тамыздағы қаулысымен мемлекеттік жаңа университет құрылды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы АҚШ сенаторын қабылдады
Президент АҚШ Сенаты Ұлттық қауіпсіздік және Үкімет істері жөніндегі комитетінің төрағасы Гэри Питерсті қабылдады. Мемлекет басшысы сенаторға ілтипат білдіре отырып, оның сапары екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасуға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Тамыз, 2023
Қарағандылықтар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Польшаның бас шаһары Варшавада (21–24 тамыз) грепплингтен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қарағандылықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Тамыз, 2023
Қазақстанда 95 мың бизнес жоба субсидияланды
Елімізде 95 мың бизнес жоба субсидияланды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жанабеков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 23 Тамыз, 2023
Үкіметте төрт облыстағы орта бизнестің жаңа жобаларын қолдау талқыланды
Премьер-министр Әлихан Смайылов республиканың орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізуді жалғастырып жатыр. Бүгін өткен шарада Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 23 Тамыз, 2023
Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
Ұялы телефон арқылы декларацияны қалай тапсырады (нұсқаулық)
Ұялы телефон арқылы декларация тапсыру жолын назарларыңызға ұсынамыз.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2023
Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның мәйіті табылды
Түркістан облысында құтқарушылар Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның мәйітін тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 23 Тамыз, 2023
Оқу-ағарту министрлігі жанынан ардагерлер кеңесі құрылды
Оқу-ағарту министрлігі жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Тамыз, 2023
Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды
Түркістан облысы Отырар ауданының Көксарай елді мекені маңайында Сырдария өзенінің суына батып кеткен 10-ыншы адамның мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Тамыз, 2023
Түркияда орман өрті бірнеше ауылды шарпыды
Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында орман өрті үйлерді шарпып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Тамыз, 2023
Қазақстан сұйытылған мұнай газын өндіруді биылдан бастап ұлғайтады
Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайту шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Тамыз, 2023
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президентке Маңғыстау облысының биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы жоспарлары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
15 қыркүйекке дейін декларация тапсырмағандарға қандай шара қолданылады
2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруға міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Тамыз, 2023
Бүгін магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланады
Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы аяқталды. Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі бүгін жарияланады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 23 Тамыз, 2023
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 451 – 456 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Тамыз, 2023
Әмір Омарханов Мысырдағы ірі турнирде топ жарды
Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
Заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған «1WIN» ұйымына қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті елімізде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған «1WIN» ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Тамыз, 2023
Елордада туризмді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті
Кеше Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен туризм саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Тамыз, 2023
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөнінде отырыс өтті
Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тамара Дүйсенова аталған ойындарға дайындық бойынша отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 23 Тамыз, 2023
Еліміздің бес қаласында ауа ластанады
«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша 23 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауаның ластануы жоғарылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 23 Тамыз, 2023
Биыл жастарға жеңілдікпен 29 млрд теңге шағын несие беріледі
Жастарға жеңілдікпен шағын несие беру бағдарламасы бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3344 жоба мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Тамыз, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Тамыз, 2023
Каспий теңізінде 5,9 балдық жер сілкінісі болды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 22 Тамыз, 2023
Ажар Ғиният зардап шеккен кеншілердің денсаулығы жайында айтты
Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен кеншілердің денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Тамыз, 2023
Константин Малиновский әлем чемпионатын 7-орынмен аяқтады
Бүгін Әзербайжан астанасында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында ерлер пневматикалық винтовкамен 50 метрден жатып оқу атудан бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 22 Тамыз, 2023
Астанада алғаш рет джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр
Астана қаласында алғаш рет джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасында 14-21 жас санаттары бойынша әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2023
Ақмола облысында дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау семинары өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Ақмола облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2023
Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау семинары өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Астана қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Тамыз, 2023
Астанада заңсыз үйілген 188 қоқыс орны анықталды
Астанада заңсыз қоқыс орындарын анықтап, оларды жою жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында рұқсат етілмеген 188 орын анықталды. Олардың басым бөлігі жойылды, қалғандарын жою жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.