Соңғы жаңалықтар
Кино • 01 Қазан, 2018
«Әміре» фильмінің операторы Грузияда өткен фестивальде жүлдеге ие болды
«Әміре» фильмінің операторы Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») Тблисиде қыркүйектің 27-сі мен 28-і аралығында өткен Golden Eye («Алтын көз») атты халықаралық кино- және телеоператорлар фестивалінде Panasonic компаниясының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ аталған кинотуынды фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Павлодар облысында астық жиналуда
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, өңірде дәнді дақылдар 60 пайызға жуық жиналып бітті.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды
Америкалық Джеймс Эллисон мен жапониялық Тасуку Хондзе – Нобель сыйлығының медицина бағыты бойынша жеңімпаздары, деп хабарлайды CNN.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Екібастұздың тас көмірін қытайлықтар зерттемек
Қазіргі кезде көмір өндірісіне инвесторлар қызығушылық білдірмейді. Көмір химиясын дамыту, көмірді қайта өңдеу мәселесі маңызды.
Қазақстан • 01 Қазан, 2018
«7-20-25» бағдарламасы бойынша займ беруге 2 052 өтініш мақұлданды
Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде займ беруге 2 052 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
Үкімет • 01 Қазан, 2018
Сейсенбі күні, 2 қазанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.
Парламент • 01 Қазан, 2018
Қ.Тоқаев «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық тобының төрағасын қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясы Федералдық жиналысы Кантондар кеңесінің Халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы, «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық тобының төрағасы Филиппо Ломбардимен кездесті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Әзербайжан зейнеткерлері бір ай бойы банктерде жұмыс жасамақ
Халықаралық қарттар күніне орай Әзербайжанның «Капитал банк» атты банкі зейнеткерлерге арналған әлеуметтік жоба өткізуде.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Өткен аптада Америка құрама штаттарының мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Алдағы уақытта Америка және Солтүстік Корея арасында 2-ші саммит өтеді» деп ресми мәлімдеме жасады.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Бүгін - дүниежүзілік кофе күні
Шаршағанды басып, белсенділікті қалпына келтіретін хош иісті сусын күні жекелей мереке ретінде 2015 жылдан бері 1 қазанға бекітіліп, тойланып келеді.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
«Өмірді құтқару»: Алматыда әлеуметтік фотокөрменің ашылуы өтті
Алматыда бүгін «Аман-саулық» қоғамдық қоры мен Алматы қаласының наркологиялық диспансері бірігіп, фотограф Санат Оңғарбаевтың «Өмірге араша түсу» әлеуметтік фотокөрмесінің ресми түрде тұсауын кесті.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Илон Маск Тесла компаниясының басшылығынан кетуге мәжбүр
Твиттер әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін Тесла компаниясының басшысы Илон Маск директорлар кеңесінің төрағалығы қызметінен кетуге мәжбүр, деп хабарлайды BBC.
Бағдарламалар • 01 Қазан, 2018
Елімізде екінші жыл қатарынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр
Қазақстанда халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде екінші жыл қатарынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Былтыр 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2018 жылдың жоспары — 12,1 млн шаршы метр, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Парламент • 01 Қазан, 2018
Мәжіліс Төрағасы Армения елшісін қабылдады
Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ара Саакянды қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Құтқарушылар жылу құбырына қысылып қалған баланы құтқарды
10 жасар жасөспірім Қызылорда қаласының Ақмешіт мөлтек ауданындағы жылу құбырларының арасында қысылып қалды. Оқиға 30 қыркүйек күні болған.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Шығыс Қазақстанның ауылдарына газ жеткізіле бастады
Зайсан ауданының ауылдарына біртіндеп газ бара бастады. Кеңсай, Айнабұлақ, Қарабұлақ ауылдық округтерінің тұрғындары табиғи көгілдір отынды үйлеріне кіргізіп, қуанышқа кенеліп жатқан жайы бар.
Әлем • 01 Қазан, 2018
Индонезиядағы жер сілкінісі кезінде әуежай қызметкері лайнерді құтқару үшін өз өмірін қиды
Жас әуе диспетчері Сулавеси аралында орын алған жер сілкінісіне қарамастан, жүздеген жолаушысы бар ұшақтың ұшып кетуін қадағалап қалып, жұмыс орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Daily Mail.
Кино • 01 Қазан, 2018
«Саташ» фильмі Варшава кинофестиваліне қатысады
Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған режиссер Төлеген Байтөкеновтың түсірген «Саташ» вестерн жанрындағы фильмі биыл қазанның 12-і мен 21-і аралығында өтетін 34-ші Варшава кинофестивалінің «1-2 Competition» атты конкурстық бағдарламасына қатысады.
Тарих • 01 Қазан, 2018
Төле бидің 355 жылдығы атап өтілді
Ташкент қаласында қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері, шешен Төле бидің 355 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Аймақтар • 01 Қазан, 2018
Алматыда халықаралық дәстүрлі өнер фестивалі өтті
Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театры» қала күні мерекесіне орай ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымымен бірлесіп «Алатау алабында» атты халықаралық дәстүрлі өнер фестивалін өткізді.
Теннис • 01 Қазан, 2018
Балалар теннисіне қолдау көрсетуге арналған турнир тартысты өтті
Өткен демалыс күндері Алматы теннис клубының Gorky Tennis Park корттарында әуесқой және балалар теннисін дамытуға бағытталған дәстүрлі жарыс өтті. Спорттық шараны ForteBank және Gorky Tennis Park ұйымдастырды.
Жеңіл атлетика • 01 Қазан, 2018
Андрей Зейц әлем чемпионатында 22-ші орыннан көрінді
Австрияның Инсбурк қаласында өтіп жатқан велоспорттан әлем чемпионатында топтық жарыс аяқталды. Қазақстандықтар арасында ең үздік нәтижені Андрей Зейц көрсетті деп жазады Olympic.kz.
ForteBank пен «Самұрық Қазына» ынтымақтастықты кеңейтеді
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «ForteBank» АҚ келісімге қол қойды, оның аясында ForteBank «Самұрық-Қазынаның» борыштық облигацияларын сатып алады. Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және «Самұрық-Қазына» тобының компанияларына өзінің операциялық қызметтерін ұсынады.
Футбол • 01 Қазан, 2018
Регбиден Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды
Регбиден Қазақстан әйелдер командасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия турының екінші кезеңінде күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
Үкімет • 01 Қазан, 2018
Қоғам • 01 Қазан, 2018
Қоғам • 01 Қазан, 2018
Үкімет • 01 Қазан, 2018
Ғылыми жетістікті коммерцияландыру – табыс көзі
Сенатта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру аясында ғылым туралы заңнаманы іске асыру мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Шараны Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті ұйымдастырды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Әдебиет • 01 Қазан, 2018
Бүгін белгілі жазушы Спандияр Көбейұлының туғанына 140 жыл толды
Бүгін - 1878 жылдың 1 қазанында қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында дүниеге келген Спандияр Көбеевтің 140 жылдығы.