Соңғы жаңалықтар
Басқаларға үлгі еткің келіп тұратын Азаматтар болады. Мінезі – кесек, тұлғасы – нар, істеген ісі – зор. Ол басқаларды жақсылығымен жарылқап, шапағатына бөлеп жүреді. Жаратылысынан атаның емес, адамның баласы. «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген көпке жанашыр табиғаты тағы бар... Елбасы күні кеше «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі». Осы орайда, туған жерге деген адалдығынан айнымай, онысын маңдай терімен дәлелдеп келе жатқан бір азамат туралы айтарым бар еді...
Жолыңды кесіп өтуге қайманып, құрақ ұшқан жастардың ибалы қалыптарын көргенде, «қазіргі жастар үлкендерді сыйламайды, құрмет көрсетпейді, дұрыс амандаспайды» деп, кейде төбемізге қара аспанды төндіретіндей ештеңе жоқ екен-ау, өмір тек жамандықтардан, яки болмаса жақсылықтардан ғана тұра ма екен тәйірі дейсің...
Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай Маңғыстау облысы активінің жиналысы өтіп, болашақ үшін қажетті саналық өзгерістерді бағамдаған мақалаға қатысты ойлар ортаға салынды.
Ұлт ұпайын түгендеудің тың үлгісі
«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталған мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ ұлтының жаңа замандағы рухани дамуының жолын айшықтап бергені анық. Бұл құжат елімізді жарқын болашаққа бастаған жылдар аралығында руханият, мәдениет саласының да назардан тыс қалмай келе жатқанын тағы бір аңғартып отыр.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2017
Мұнайлы аймақтың мүмкіндігі мол
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мән-маңызын атыраулықтар алқалы жиында бас қосып, талқыға салды.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Ел игілігіне қызмет ету – парызымыз
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы маңызды тезистердің бірі тарих пен мәдениеттің ауқымдылығын сақтаудан және ұғынудан тұрады. Жаңа технологиялар жасалынатын болады, жаңалықтар ашылатын болады, бірақ Қазақстан халқына жаңа жасампаз істер мен жеңістерге тың күштер бере отырып, рухани құндылықтар мен іргелі білімдер, негіз өзгеріссіз қалады. Өйткені, Президент бағдарламасы өзінде қазақстандық ұлттық мінездің, ұлттық басымдықтардың, азаматтың жоғары стандарттарының із-таңбаларын қамтып отыр ғой. Президент орталық және негізгі бағыттарды таңдап алды, олар: ғылым, мәдениет, білім, рухани құндылықтар. Бұл – Қазақстан қоғамының бірігуінің және нығаюының жаңа тұжырымдамасы.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Нақты нәтиже мен ілкімді іс керек
Елбасының руханиятқа байланысты белгілеп берген міндеттерін талқылаудан Алматы қаласының зиялы қауымы мен шығармашылық өкілдері де сырт қалмай, «Достық» үйінің дөңгелек үстелі басында ой-пікірлерін ортаға салуға жиналды. Қоғамның қозғаушы күші саналатын қайраткерлер нақты нәтиже мен ілкімді іс талап етіп отырған Президент бастамасына орай парасатты көзқарасын білдіруде тартынып қалмады. Еркін ойлы ел ағаларының қай-қайсысы да «жыл келгендей жақсылық сезінгенін» айтып, көптен күткен қуаныш әсерінен әлі айыға алмай, тебіреністе жүргендерін жасырмады. Бұрын жекелеген адамдар немесе шағын топ арасында ғана айтылатын әңгіме қоғам бетіне қалқып шығып, «Рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық тұрпатқа ие мақаладан көрініс тапты. Бұл – қоғам үшін үлкен олжа. Ендігі мақсат, Елбасының өзі ұйытқы болып көтерген ұлттық мәселені зиялы қауымның мүмкіндігінше пайдаға асыруы ғана болып отыр.
Әлем • 14 Сәуір, 2017
Бұл – біздің көптен күткен жаңалық
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде, соның ішінде бауырлас елдерде зор қызығушылық тудырды. Латын әліпбиіне көшу мәселесін Әзербайжан елі қуана қабылдады. Бұл хабар Azerbaycan, Trend.az, Lent.Az, Modern.Az, Metbuat.Az, Teleqraf.Az секілді беделді жергілікті басылымдар мен BBC Azeri, Radio Liberty сынды шетелдік басылымдарда күннің басты жаңалығы ретінде жарияланды.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2017
Мемлекеттік басқару саласындағы Азия сарапшылары Астанада бас қосты
Астанада азиалық елдердің ғалымдары мен практиктері мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін, жаңа сынақтар мен инновациялық тәсілдерді талқылады. Мемлекеттік басқару азиялық қауымдастығының (AAPA) сегізінші конференциясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолдауымен өтті.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Бұл – қоғамға соны серпіліс әкелген байламы жоғары бағдарлама
«Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мемлекеттің болашағы жайында толғамға толы, тың көзқарастарға негізделген мақаласы жарияланды.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Рухани сілкініс немесе қазақ жазуының күні туды
Елбасы айтқандай еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқаны рас. Жыл басы халыққа жолданған Жолдау арқылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы басталғанымен әйгілі болды. Содан екі түлеуді бастан кешірдік. Ол – саяси реформа және экономикалық жаңғыру. Сондағы түпкі мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Сейіт Қасқабасов: Басты мәселе – ұлт санасын жаңарту, ұлт сапасын жақсарту
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, дәстүрдің озығы бар, тозығы бар деген елдің ұрпақтары ретінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын әрқайсымыз үшін ұлттық генетикалық кодымызды сақтай отырып, жаңғыру жолымен жүруге берілген нақты бағдарлама деп қабылдадым.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Ел Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қазақстандық қоғамның және Мәңгілік Елдің «рухани даму тұжырымдамасы» деп атауға да болады. Сол арқылы Қазақстанның мәдениеті жаһандық кеңістікке қанат қағады, ал білімі мен ғылымы инновациялар мен технология өрісіне өркен жаяды.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Әлемдік дамуда ешкімге ұқсамайтын «қазақстандық жолымыздың» өзіндік ерекшеліктері бар екені ақиқат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында солардың бірі әрі бірегейі рухани кемелденуге бастайтын жолымыз егжей-тегжейлі жария етілді.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Мақсаттарымызды іске асыруға жәрдемдеседі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ұлттық рухани тұғырнаманы іске асыруда депутаттардың жауапкершілігі жоғары. Рухани жаңғыруды заң аясында жүзеге асыру үшін онда айтылған ұсыныстар заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілуге тиіс екені белгілі.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл әлем көлемінде сый-құрметке бөленуінің сыр-себептері баршылық. Солардың арасынан Елбасының ойшылдығын алдымен атап айтуға болады. Қазақстанның осы жылдар ішіндегі табыстарының бәрінің астарында елімізде қолға алынған істің қашанда тереңнен ойластырылатыны жатыр. Елдің бас газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаланы да біз ойшылдық олжасы ретінде қарап отырмыз.
Медицина • 14 Сәуір, 2017
Рухани өрлеуіміздің алтын арқауы, өміршең өзегі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегін мемлекетіміздің жаһандану көшін ілгерілетудегі маңызды құжат әрі рухани өсіп-өркендеуіміздің бағдарламасы деп қабылдауға толық негіз бар.
Қазақстан • 14 Сәуір, 2017
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.
Президент • 14 Сәуір, 2017
Ерекше әсер қалдырған мақаланы ең бірінші дұрыс талдауымыз керек. Өйткені, талдауға ден қоймай, тек жақсы жазылғанын ғана айтар болсақ, мақаладағы басты мәселелер назарға ілікпей қалуы мүмкін. Елбасының бұл мақаласы – жүйелі, бағдарламалық жоспар.
Президент • 14 Сәуір, 2017
Бұрын Елбасы Жолдаулары мен мәлімдемелерінде саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелер басымдау айтылып, негізгі бағдарды сол бағытқа бұратын еді, ал осы жолы руханияттың әр тамырын түгендеп, арғы-бергі жағынан қозғап айтқаны көңілімізді көкке жеткізіп отыр. Өскен елде руханият алдыңғы орында тұрады.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2017
Қазақстан мен Өзбекстан туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі және V Халықаралық «Демалыс әлемі 2017» туристік көрмесіне қатысу шеңберінде бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
Жеңіс күнін жақындатқан Жолтаев
Жамбайбек Жолтаев – Отан алдындағы әскери борышын кеңес-фин соғысында жалғастырып, Ұлы Отан соғысын аяғына дейін қолынан қаруы түспеген қайсар жандардың бірі.
Түрік қызы жетпіс жыл бойы қазақтардың келіні болып өтті.
Қаржы • 13 Сәуір, 2017
Инфляцияның қарқыны бәсеңдеп келеді
2017 жылғы наурызда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5% болды, жылдық көрсетуде 7,7%-ға (ақпанда 7,8%-ға) дейін баяулады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.
Үкімет • 13 Сәуір, 2017
Қазақстан Шенген елдеріне визалық тәртіптің жеңілдеуін күтеді
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылғы 12 сәуірде Манфред Грунд бастаған ГФР Бундестагының «Германия – Орталық Азия» парламенттік топ делегациясын қабылдады.
Үкімет • 13 Сәуір, 2017
Жеңіс Қасымбек «Астана-Павлодар» автожолының құрылыс барысын тексерді
Инвестициялар және даму министрі мердігер ұйым өкілдерімен жедел кеңес өткізді.
Бизнес • 13 Сәуір, 2017
ЭКСПО көрмесінде 100-ден аса қазақстандық бренд таныстырылады
Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің Festival Avenue жаңа сауда орталығына жүзден аса қазақстандық бренд шығарылатын болады.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2017
Димаш финалда Майкл Джексонның әнін орындайды
Димаш Құдайберген «Singer 2017» ән байқауының шешуші бәсекесінде Майкл Джексонның әндерін орындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Футбол • 13 Сәуір, 2017
Еуропа чемпионатында футзалымыздың деңгейі жоғары екенін көрсетуіміз керек – Игита
Футзалдан Еуропа-2018 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы үш ойын өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Іріктеу кезеңіндегі ойындар жайлы ұлттық құраманың қақпашысы Игита (толық аты – Леонардо де Мело Виейра Лейте) sports.kz басылымына ой бөлісті.