Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстанда 28 мегежін мен 95 торай қырылып қалды
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы шошқа өсіру кешенінде болған өрт салдарынан жүзден астам «талпақ танау» жанып кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мамандары брифингте мәлімдеді.
Үкімет • 21 Шілде, 2017
Премьер-Министр Павлодар облысының машина жасау зауыттарында болды
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев теміржол білігі мен қос дөңгелек шығаратын «R.W.S. Wheelset» ЖШС зауыты мен жылдамдықты жылжымалы құрамдар үшін бағыттамалық бұрмалар мен теміржол дөңгелектерін шығарумен айналысатын «Проммашкомплект» ЖШС-не барды, деп хабарлайды primeminister.kz
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстан аграршылары омарташыларға көмек көрсетуде
Солтүстік Қазақстан өңірінің омарташылары ара шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның келесі жылы қабылданатынына қуанып, асыға тосып жүр.
Қазақстан • 21 Шілде, 2017
Түркияда зілзала салдарынан қазақстандық туристер далада түнеді
Белгілі журналист Ержан Сүлейменов Фейсбуктегі парақшасында қазақстандықтардың Бодрумдағы (Түркия) жер сілкінісін қалай бастан өткергендігін жазды
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Пара ұсынған солтүстікқазақстандық ірі көлемде айыппұл төледі
Солтүстік Қазақстан ел бойынша жемқорлық ең аз кездесетін облыс саналады. Десек те, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшылығы «бармақ басты, көз қысты» кеселге қарсы табанды күресті бәсеңдетпек емес.
Қазақстан • 21 Шілде, 2017
Медициналық сақтандыру туралы ашық теледебат өтеді
Бүгін, яғни 21 шілде күні 19:30-да «Хабар» арнасында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «Талап» орталығының басшысы, бұрынғы Инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев арасында Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі тақырыбында теледебат өтеді.
Үкімет • 21 Шілде, 2017
Премьер Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын жаңғырту барысымен танысты
Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Бозшакөл тау-кен байыту комбинатын аралады, деп хабарлайды primeminister.kz
Әлем • 21 Шілде, 2017
Түркия мен Грекия жағалауларында жер сілкінді
Эгей теңізінің Түркия мен Грекия жағалауларында күшті жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды РИА Новости.
Қазақстан • 21 Шілде, 2017
Қазақстан туристік қауіпсіздік жағынан дамыған елдерден озып кетті
Дүниежүзі экономикалық форумының индексіне сәйкес Қазақстан туристік қауіпсіздік жағынан 58-ші орынға көтерілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Шымкенттік өнертапқыш латын әліпбиіне өтудің оңай жолын ойлап тапты
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 21 Шілде, 2017
Сот санкциясы электронды түрде беріледі
Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Ақтауда халықаралық көліктік-логистикалық форум өтті
Форумның басты мақсаты – теңіз порты жүк айналымын арттыру, Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығын көрсету. Маңғыстаудағы көзделген логистика саласында жобаларды іске асыру Қазақстанның Каспийдегі логистикалық торабының қуатын 2018 жылдың аяғына дейін 25 миллион тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
Үкімет • 21 Шілде, 2017
Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысады, деп хабарлайды primeminister.kz
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Биыл Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сексен бес жыл. Бүгінде құнды құжаттар мен бірегей экспонаттардың таптырмас ошағына айналған мұражайдың экспозициясы 1800 шаршы метрді құрайтын 14 залдан тұрады. Тарихи жәдігерлер жинақталған орынға танымымызды тереңдетіп жиі бас сұғып тұрамыз.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
«Қалауын тапса, қар жанады» деген рас екен. Табиғатына анау-мынаудың көндігіп, жерсініп кетуі қиын саналатын Маңғыстауда құстардың неше түрін өсіру қолға алынды.
Қазақстан • 21 Шілде, 2017
Руханият • 21 Шілде, 2017
Елорда төрінде «Сан-Ремо жұлдыздары – Астанада» атты Италияның эстрада әншілерінің қатысуымен думанды кеш өтті. Құшағын гүлге толтырған тыңдарман қауымның басым бөлігі үлкендер болды.
Кино • 21 Шілде, 2017
Талғамды болуға талас керек – Сатыбалды Нарымбетов
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы... Алатау бауырында орналасқан осынау қасиетті ғимараттың табалдырығын аттағанда Камал Смайылов, Әбіш Кекілбаев, Асқар Сүлейменов еріксіз ойыңа орала кетеді. Дидарласпақшы кісіңе жақындаған сайын сұрағыңды іштей қайталап келе жатқанда қожамжарласа ілескен ойлардың біреуіне ие бола алмай, солармен бірге боса жөнелесің. Әнтек қиялға ерік беріп, әлгі көрнекті тұлғалармен сұхбат құрып отырғаныңды да армандап көресің ғой. Бірақ ол әншейін орындалмас дүние. Көзілдірігін түзетіп, арасында жөтеліп алып, әңгімесін жалғай жөнелетін талантты режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің алдында отырғаныңды біліп, сұрағыңды әрі қарай қоя түсесің...
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Достықтың кілтіне айналған кітаптар
Достық үйінде «Білім беру саласындағы татарлар: қабілеттілік, талант пен шабыт» және «Шөфкатьле йөрөклөр. Мейірбан жүректер» кітаптарының тұсаукесері өтті.
Білім • 21 Шілде, 2017
Қазақ ономастикасының көрнекті өкілі, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Телғожа Жанұзақов тоқсанның төріне шықты. Біз ардақты ағамызды осынау мерейтойымен құттықтай отырып, төмендегі мақаланы оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Қостанайдан шыққан «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-ағартушылық экспедиция Торғай өңірінде – Амангелді, Жангелдин аудандарындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісі тарихына қатысы бар, тәуелсіздік үшін күрескен ерлердің қаны төгілген қасиетті орындарды, елді мекендерді аралап қайтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Осыған орай облыстық ішкі саясат басқармасының «Ұлы Дала тұлғалары» жобасына кіретін экспедиция жұмысы бұл жолы Кейкі батырға арналды. Облыстағы «Нұршаңырақ» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен жолға шыққан экспедицияның құрамына тарихшы, филолог ғалымдар, өлкетанушылар, журналистер кірді.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Жолаушысы аз автовокзал туралы ой
Сонау өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңы мен 80-ші жылдарының басында Қостанай қаласында үлкен автовокзал салынып, пайдалануға берілген болатын. Ол сол кездегі өлшеммен алғанда өте сәнді де заманауи ғимарат еді және Қазақстанда Алматыдағы автовокзалдан кейін екінші орын алатын. Жолаушылар отыратын залы кең, бірнеше ондаған адам еркін сыйып тамақтанатын асханасы, подвалында ерлер мен әйелдерге арналған дәретханасы мен қол жүгін сақтайтын арнайы орны бар, барлық талаптарға жауап беретін автовокзал біраз жылдар қостанайлықтардың игілігіне айналды.
Президент • 21 Шілде, 2017
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Батыс өңірінде теріс діни ағым ұстанушылар қатары көп
«Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында тұрғындардың діндарлығы жоғары. Әрине, мемлекет дінге қарсы емес. Бірақ, ескірген діни қағидаларға көзсіз еру қазіргі заманғы шындыққа сәйкес келмейді. Адамзат прогресс, ғылым, инновация жолымен келе жатыр. Осындай жағдайда орта ғасырлық діни қағидаларға орынсыз еліктеу қоғамымызды кері тартады». Атырауда өткен батыс аймағы бойынша тәжірибе алмасу семинарында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деді.
Аймақтар • 21 Шілде, 2017
Әулиеата жеріндегі ауқымды істер
Бүгінде Жамбыл облысының даму қарқыны жоғары. Ағымдағы жылдың өзінде облыс өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім және өзге де салаларда айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Сондай-ақ, өңірде инвестиция тарту, баламалы электр көздерін өндіру сияқты ірі жобалар да өңір экономикасының дамуына айтарлықтай серпін беріп отыр. Жалпы, өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі және келешек жоспары жөнінде облыс әкімі Кәрім КӨКІРЕКБАЕВПЕН әңгімелескен едік.
Жасанды интеллектіні қолдайтындар да, қолдамайтындар да көп. Соңғы кездері осы тақырыпқа байланысты кітаптар мен түрлі материалдарды оқи жүріп, жасанды интеллектіні қолдамайтындар қатарын тағы бір адамға көбейткен сияқтымын.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Өзбек спортшысы елордаға аялдады
Өзбекстандық велосаяхатшы Хурсанд Шеров Астанаға табан тіреді. Мәскеуге бара жатқан ол ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау үшін арнайы аялдаған. «Қазір бүкіл әлем Қазақстанға назар аударып, Астананы іздейтін болды. Көппен бірге біз де бұрылдық», дейді ол.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Оңтүстіктен Көрмені тамашалауға тағы бес жүз оқушы келді
Оңтүстік Қазақстан облысынан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 3750 оқушы әкелу жоспарланған. Оның 2 мыңнан астамы айтулы шараны тамашалап үлгерді. Алдағы уақытта халықаралық көрмеге 1,5 мыңнан астам оқушы келеді. Ал кеше халықаралық шараға 500 оқушы табан тіреді.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған бірқатар үздік тәжірибе «Болашақ энергиясы» форумының қатысушыларына толығырақ таныстырылды. Оның қатарында австриялық компанияның күн энергиясын шоғырландыру жобасы мен су электр стансаларына арналған құрал-жабдықтары бар.
ЭКСПО-2017 • 21 Шілде, 2017
Ұлыбритания өкілдерімен жүздесті
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов Ұлыбританияның Сауда және инвестициялар министрі Грег Хэндспен және ұлттық секция комиссары Чарльз Хендримен кездесті. Тараптар басқосуда екі елдің қарым-қатынасы, баламалы энергетика мәселелері мен британ павильоны жайында әңгіме өрбітті.