Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
ШҚО-да дауылдан бүлінген нысандар қалпына келтіріліп жатыр
17 шілде күні кешке таяу облыс аумағында қатты дауыл тұрып, Өскемен қаласы мен Ұлан, Жарма, Глубокое аудандарында 30-ға жуық ғимараттың шатырын ұшырып, бірнеше көлік үйінді астында қалып, қирап, 5 адам зардап шеккен еді.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Қураған ағаштан қалай құтылуға болады?
Журналист Болат Мәжиттің «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Қураған ағаш құлайды» (№39 (29020) 24.02.2017 ж.) атты мақаласы орман шаруашылығы саласында қызмет етіп жүрген маман әрі Алматы қаласының тұрғыны ретінде бізді де алаңдатпай қоймады.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Экологиялық кеңсе орталық жылу мен қуат көздерінен бас тартты
Алматыдағы М.Ганди атындағы саябақ жанынан жақында ғана алғашқы экологиялық кеңсе бой көтерген болатын. Қазір мегаполистерде ғимараттар таңсық емес, алайда, бұл үйдің қай жағынан алсаң да артықшылығы бар. Біріншіден, бұл кеңсе отандық таза материалдардан тұрғызылды. Және құрылыс жүргізілген кезде де энергияның баламалы көздері пайдаланылды.
Кино • 19 Шілде, 2017
«Алмас қылыш» дүкендерде сатылады
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында орналасқан «Қазақ хандығы» көп сериалы тарихи туындысының түсірілімдері үшін арнайы тұрғызылған «Сығанақ қаласы» декорациясында режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» фильмінің DVD дискісінің түсаукесері өтті.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік-археологиялық қорық-музейінің «Фараб-Отырар өркениеті» атты жылжымалы көрмесі ашылды.
ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Тәуелсіздік сарайында еліміздегі ең танымал музей-қорықтарының бірегей көрмесі өтті.
Биыл көктемде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі көп жылдар бойы көксеген мақсатын жүзеге асырып, цирк мұражайының бастауы – Экспозициялық залды жасақтаған болатын. Сол Экспозициялық залдағы бір фото бізге маза бермегені. Ол Кубаны 1959 жылдан 2006 жылға дейін басқарған әйгілі революционер Фидель Кастроның қазақтың ұлттық шапанын киіп түскен суреті еді. Осы сурет санада қайта-қайта жаңғыра берген соң, көрмеге тағы да оралуға тура келді.
Ойшыл Шәкәрім: «Айтайын Аттиланың қылған ісін, Сиқыр деп ойлаған жұрт қайрат-күшін... Азияны түгел билеп, Еуропаның көбі ауған, Аттиладан қорыққаны үшін...» дегендейін, Скандинавия халықтарының жырларында, герман эпосында, «Ұлы Эддада» пілге шабатын арыстан іспетті азулы ер, атақты қолбасшы, айтулы дипломат, ерлікті 12 жасында көрсеткен Аттиланың батыр тұлғасы жырланады, оның толқын топтың алдында құрыштан құйылған нақыл сөздерді төгілте толғайтындығы тәптіштеп айтылады.
Әдебиет • 19 Шілде, 2017
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамит Ерғалидың 100 жылдығына арналып шығарылған «Ақын сыры» атты мерейтойлық журналды жиі парақтаймын. Хамаңа деген айрықша махаббатпен шығарылған. Ақын мен азамат болмысы жақсы өрнектеліп ашылған мұнда. Шығарушы – «Хамит Ерғалиев» қоғамдық қоры. Ал бұл игі іске мұрындық болып, барлық сурет-материалдарын жинақтап, құрастырған, барлық жұмысын перзенттік ықыласпен аялап атқарған Хамит-атаның қызындай болған сүйікті келіні Алтын Мұхамедиярова. Алтын апай өткен жылдың соңына қарай «Егеменнің» редакциясына арнайы келіп, осы журналдың бір-бір данасын белгілі қаламгер Жанболат Аупбаев екеуміздің қолымызға табыстап кетіп еді.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Заман ағымы деген осы, бүгінде ұялы байланыс күнделікті өмірімізге дендеп енді. Бала-шағаның, жастың да, жасамыстың да қолында телефон. Бар тірлігімізді бір алақанға сыйып кететін кішкентай құралдың, «ең қымбатты мүлігіміздің» көмегінсіз шеше алмайтын болдық.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Шетел азаматтары сақтандыру жарнасын төлей ме?
Жуырда Мемлекет басшысы қол қойған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» жаңа заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, оралмандар сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты міндеттер мен құқықтарға ие» деп жазылған. Жалпақ тілмен айтқанда, жоғарыда аталған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС – ред.) жүйесіне қазақстандықтармен бірдей жарна төлеуге міндетті. Жарна төлеген соң олар да біз сияқты медициналық көмек алуға құқылы болмақ. Сондықтан шетелдіктер біздің есебімізден тегін емделеді деп қорқудың қажеті жоқ.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Тарихтан тәлім алған ел, күнделікті шуақты тіршілікпен тұтасқан ұрпақ, болашағына үлкен үмітпен қарайтын ұлт жер бетіндегі тыныштықтың тұрақты болуын тілейді. Адам өз атамекенінің тұтастығын қалайды, туған елі қашанда, үнемі өркендей берсе екен деп құдыретке жалынады. Шынайыға керегі – мақұл, өмірге жақындатар ақыл, ой өрістетер нақыл. Өсімталдар өркениеттің жұғысты әрі жарасымды болуын қалайды, соған сенеді. Олар ұнамды ой-тоқтамымен, берілген ісімен көңілін де, өмірін де ұзартады. Өмір сүріп отырған заманына, болашағына үлкен үміт артады. Тәуелсіз Қазақстанда ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаны біртұтас жалғастырудың, билікті демократияландыруды әрдайым реттеудің, қоғамдық үдерістердің жаңа, күрделі мәселелерін тыңғылықты шешудің қоғамдық қажеттілігі артуда. Ұлтжандыларда туған жердегі өмірге деген тура, тұтас көзқарас, сырластық пен сыйластық үлгілері тез қолдау табады.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
«Менің арманым» байқауы басталады
Орталық коммуникациялар қызметінде «Менің арманым» байқауының басталуына байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті. Жиынға Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов, «Рухани жаңғыру» жобасы басқармасының басшысы Арман Евниев, «SUCCESS K» стратегиялық байланыстар жөніндегі агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзова қатысты.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Эрен ХАЛИТ: Рухани жаңғыруға біз де үлес қосамыз
Ислам әлеміндегі жазу-сызу өнерінің бірі – құсни хат немесе каллиграфия. Бұл өнер Кеңес Одағы тұсында ұмыт қалған еді. Тәуелсіздік алғалы аталған салаға көңіл бөлгендер саны артты. Астана қаласында өткен каллиграфия көрмесі – соның дәлелі іспетті. Аталған шараны Түркияда орналасқан Ислам тарихы, өнер және мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы («IRCICA») мен Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы бірлесе ұйымдастырған-ды. Көрмеге алыстан ат терлетіп келген «IRCICA»-ның бас директоры Эрен Халитпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауы негізінен бизнестің өрісін өсіруге бағытталған. Кәсіпкерліктің көкжиегін көтеру ісі де осы қатарда тұр. Биылғы Жолдаудың басты өзгешелігі – бұл мәселелердің әлемдік ауқымдағы бүгінгі заманғы үрдістермен тығыз ұштастырылуында. Бүгінгі күні жаһандық нарықтың коньюнктурасы секірмелі сипат алуда. Әлемдік деңгейдегі экономиканың құрылымдары терең өзгерістерге тап болуда. Оның басты себептерін мүлдем тың, тосын, жаңа технологиялардың енгізілуінен іздеуге болатын секілді. Ақтөбе облысы кәсіпкерлері палатасының директоры Нұрлыбек МҰҚАНОВПЕН тілшіміздің әңгімесі осындай бағытта өрістеді.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Стратегиялық мақсаттар орындалады
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы экономикамызды жаңғыртумен қатар, кәсіптік ортаны дамыту шарттарын жақсартатыны, сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылық пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етері анық. Мәселен, Жолдаудағы төртінші басымдық – адами капиталды жетілдіру өте маңызды. Ал бесінші басымдық ретінде институттық өзгерістерді, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері нақтыланған.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Кәсіпкерлік білімсіз бизнес деңгейі биіктемейді
Кәсіпкерлік-экономикалық өсудің қозғаушы күші екеніне ешкімнің дауы жоқ. Дамыған елдердің барлығында бірдей экономиканың ілгері басуы шикізат қорына негізделген ірі өндіріске иек артпайды.
Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Жаңғыру жолындағы жүйелі жұмыс
Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады» дегенде алдағы күнге сенген, сол мақсаттың жолында еңбек еткен жандардың ғана жеңіске жететінін айтса керек. Осы тұрғыдан алғанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларын халықтың арман-мақсатын ұштаған, сенімін нығайтқан құжат десек қателеспейміз.
Үкімет • 19 Шілде, 2017
Үкіметтің алты айда атқарылған жұмысы қорытындыланды
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындылары талқыланды.
Медицина • 19 Шілде, 2017
Алыстағы Азғырдың экологиялық мәртебесі қашан анықталады?
Полигон периметрі
Аймақтар • 18 Шілде, 2017
ОҚО халқының саны соңғы жарты жылда 25 мың 234 адамға артты
2017 жылғы 1 - маусымға Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны 2 894 816 адам, соның ішінде қалалық жерде 1 317 031, ауылдық жерде 1 577 785 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. Бүгін бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті.
Аймақтар • 18 Шілде, 2017
Таразда студенттер қант диабетіне қарсы дәрілік өсімдіктер өсіруде
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері оқу орнының жылыжай кешенінде қант диабетіне қарсы дәрі-дәрмек алынатын стевия өсімдігін өсіруде. Жас ғалымдар оны болашақта өндіріске енгізуді де көздеп отыр.
Футбол • 18 Шілде, 2017
"Астана" өз алаңында "Спартакспен" тең түсті
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық "Астана" өз алаңында Латвияның "Спартакс" (Юрмала) командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.
Президент • 18 Шілде, 2017
Елбасы Корея Республикасының бұрынғы президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті. Бұл туралы akorda.kz xабарлады.
Мемлекет басшысы Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты
Елбасы Кравченко Андрей Николайұлын Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатты, - деп хабарлады akorda.kz.
Президент • 18 Шілде, 2017
Елбасы халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады
Мемлекет басшысы xалық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады. Бұл туралы akorda.kz xабарлады.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Әскери-теңіз флоты тағы бір катермен толықты
Қазақстан Республикасының әскери-теңіз флоты бүгін, 18 шілде күні тағы бір әскери катермен толықты. FC-19 жобасы бойынша құрастырылған кезекті жағалау күзеті катері Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің тапсырысы бойынша жасалған. Борт нөмірі 514.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
«Galam TV» интернет теледидары дамытылып, қайта іске қосылды
Елімізде «Galam TV» интернет теледидары іске қосылды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook парақшасында хабарлады.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Астанада кеңінен тараған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу шаралары жүргізілуде
«Жер қойнауын қорғайық» жобасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі кеңінен тараған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу және анықтау бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.