Алаяқ
Қазақстан • 21 Ақпан, 2022
Румынияда Қазақстандықтардың шоттарын бұзған хакер ұсталды
Соңғы үш ай ішінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия және басқа да елдердің аумағында түрлі қылмыстары үшін іздестіріліп жатқан 16 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2022
AirAstana-ның атын жамылып жүрген алаяқтар кімдер?
WhatsApp мессенджерінде AirAstana компаниясы өзінің 20 жылдығына орай жүргізіп отырған сауалнамаға сілтеме таратып жүргені туралы ақпарат пайда болды. Көрсетілген сауалнамаға қатысқан адам жүлде ретінде 100 000 теңге алады-мыс. Stopfake.kz порталы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2022
Интернет алаяқтықты қалай құрықтаймыз?
Қазір интернет арқылы алаяқтық қылмыс жасау өмір шындығына айналды. Бұған ешкім де таңғалмайды. Ең өкініштісі сол, құқық қорғау орындары оларды ұстауға дәрменсіз болып отырғанын мойындау керек. Ілуде бір алаяқтың ғана ұсталғанын естіп жатамыз. Өйткені құқық қорғау орындарында компьютерді жоғары сапада меңгерген мамандар аз. Тиісті мамандар құқық қорғау органдарының мардымсыз еңбекақысына бола полиция қызметіне бармайды. Интернет алаяқтықты банк операциялары арқылы жасайтындардың бұрын банкте жұмыс істегені даусыз, бірақ оларды құқын бұзбай қадағалауға алуға да полиция дәрменсіз.
Қоғам • 10 Ақпан, 2022
Алаяқтар БЖЗҚ салымшыларын алдап кетті
БЖЗҚ-ның 30-ға жуық салымшысы заңсыз әрекеттердің құрбаны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Ұстаздардың шотынан ақша ұрлаған алаяқ ұсталды
Түркістан облысында мұғалімдерді алдап, ақшаға қарық болып келген алаяқ ұсталды. Ол ұстаздардың есеп шотынан өзіне қаражат аударуды әдетке айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2022
Қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар ұсталды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті «Елімай 2019» тұтыну кооперативі түрінде әрекет еткен қаржы пирамидасын құрған ерлі-зайыптылар Е. Қизбаев пен Ж. Өмірбаеваны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021
СҚО тұрғыны интернет-алаяқтарға үш млн теңгеге алданды
Солтүстік Қазақстан облысында ер адам интернет-алаяқтарға үш млн теңге беріп, алданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021
Алаяқтар қазақстандықтарды 17 млн теңгеге сан соқтырды
Шымкентте адамдарды алдап, ақшаларын иемденген екі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Шымкент тұрғынын 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Шымкент қаласындағы Еңбекші АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Желтоқсан, 2021
Семейлік алаяқ тұрғындарды 10 млн теңгеге алдаған
Семей қаласының тұрғындарын алдап, 10 млн теңгеге жуық пайда көрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2021
Қарағандылықтарды 263 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Қазақстан азаматтарын 263 млн теңгеге алдап кеткен жалған банк басшысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 23 Қараша, 2021
Елордада ұзақ уақыт іздеуде жүрген алаяқ ұсталды
Елордалық ұландықтар бір үйдің қалқасында қоғамдық тәртіп бұзған азаматты ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Қараша, 2021
Қаржы пирамидасының белгілері бар тағы бір компания анықталды
Ақмола облысында қаржы пирамидасының белгілері бар «River Coins Limited» компаниясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Қараша, 2021
«Депутаттың штаттан тыс кеңесшісі» алаяқ болып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында өзге адамдардың атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2021
Алаяқтар СҚО тұрғынын 10 млн теңге несие алуға көндірген
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны полицияға арызданып, өзінің алаяққа жем болғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Қараша, 2021
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Павлодар облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттіктің аумақтық департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар «Antares Limited» инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 01 Қараша, 2021
Қаржы пирамидасы: Тұзаққа түсірудің жолы қандай?
Заман ағымына қарай алаяқтық қылмысы сан түрленіп, мың құбылып тұр. Бүгінде нарық пен маркетингтің әліпбиін мықты меңгеріп алғандар «аңқау елге арамза молданың» кебін киіп жүр. Алаяқтықтың көбейгенін айтып, азаматтардың наразылығының артқанын ескерткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауында қаржы пирамидаларына қарсы кешенді шаралар әзірлеуді міндеттеген еді. Өйткені елімізде жіліктің майлы басын ұстап, соңынан ергендерді соқыр сеніммен алдап жүргендердің саны азаяр емес.
Аймақтар • 28 Қазан, 2021
Алматылықтарды 30 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Алматы тұрғындары автокөлік пен пәтер сатып алуға көмектеседі деген үмітпен, ақырында 30 млн теңгеге алданып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қазан, 2021
Танысын 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Таразда алаяқтық жолмен ақша тапқысы келген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қазан, 2021
Түркістандық қыз тұрғындарды 8 млн теңгеге алдап кеткен
Түркістан облысының Мақтарал аудандық полиция бөліміне Шардара ауданының тұрғындары арызданып, жас қызға алданып қалғанын айтқан. Күдікті қыз букмекерлік ойын арқылы ақшаны бірнеше есеге көбейтіп беремін деп, олардан 8 миллион теңге алған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2021
Алматыда 41 адамды алдаған алаяқтар ұсталды
Алматыда екі алаяқ бөтен адамның құжаты бойынша 4 миллион теңгеден астам несие алған. Екі жыл ішінде күдіктілер 41 адамның төлқұжат деректері бойынша шағын несие рәсімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2021
Алаяқтыққа барған мектеп директоры ұсталды
Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 05 Қазан, 2021
Nur-AvtoKz көлік орталығының директоры ұсталды
Нұр-Сұлтанда Nur-AvtoKz автоорталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2021
Елордада 100 киберқылмыскер ұсталды
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің киберқылмыспен күрес бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов мәлім еткендей, жыл басынан бері елордада интернет алаяқтықтың 3250 қылмысы анықталды. Ұсталған 100 адам 150 млн теңгеге шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021
«Жер алып беремін» деген алаяқ ұсталды
«Жер алып беремін» деп алаяқтық жасаған түркістандық ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Қыркүйек, 2021
Қазақстанның сұрауы бойынша Польшада ресейлік азамат ұсталды
WEX криптовалюталық биржасының бұрынғы басшысы Дмитрий Васильев Польшада ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Елорда • 17 Қыркүйек, 2021
Нұр-Сұлтанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті «Антарес» қаржы пирамидасының қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2021
Қаржы пирамидасын ұйымдастырған алаяқ сотталды
Қарағандыда сот ҚР ҚК 217-бабы «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 34 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Қысқа уақыт ішінде алаяқ 67 адамды алдап, 50 млн теңгеден астам қаражат жинады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Қыркүйек, 2021
Тұрғындарды 12 миллион теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде елорданың 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2021
Алматыда алаяқ сатушыларды 30 млн теңгеге алдап кеткен
Алматыда ұялы телефон сатушыларын 30 миллион теңгеге алдап кетке алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.