и
Қазақстан • 10 Наурыз, 2022
Қазақстан мұнайды Әзербайжан арқылы тасымалдауды жоспарлап отыр
9 наурыз күні Бакуде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Наурыз, 2022
Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялаған төртінші рейс елге келді
Қазақстан азаматтарымен төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 04:57-де Нұр-Сұлтан қаласына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Наурыз, 2022
Қостанайда қаржы пирамидасы анықталды
Қостанайда «GАР» өндірістік кооперативі ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 10 Наурыз, 2022
Елімізде коронавирус пен пневмониядан тағы 5 адам көз жұмды
8 наурызда Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 5 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2022
Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды
Оңтүстік Корея Республикасында оппозиция партиясының кандидаты Юн Сок Ёл президенттік сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы бейсенбі күні Кореяның Орталық сайлау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Елбасы • 09 Наурыз, 2022
Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға іссапармен барды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анталияға сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 09 Наурыз, 2022
«Барыс» Гагарин Кубогындағы жарысын аяқтады
Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогының плей-офф кезеңінің бірінші раундында Магнитогорск «Металлургіне» қарсы сериядағы бесінші матчтан ұтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Наурыз, 2022
Қазақстан Украинаға 82 тонна дәрі-дәрмек жөнелтеді
Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ долларын құрайтын 25 дәрі-дәрмек түрінен тұратын жүк жөнелту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2022
Алматы облысында адамды қағып, ізін суытқан жүргізуші ұсталды
Алматы облысында адам қағып, қашып кеткен жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2022
«Афродита» кубогіне қатысатын спортшылар белгілі болды
11-13 наурыз аралығында Грекияда көркем гимнастикадан «Афродита» кубогі өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2022
Қаңтар оқиғасы: Алматыда қанша іс қозғалды
Алматы қаласының соттарына қаңтар оқиғаларына байланысты 82 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Наурыз, 2022
Көрнекті ғалым Марат Барманқұловтың туғанына – 85 жыл
Биыл белгілі журналист, көрнекті ғалым Марат Барманқұловтың туғанына 85 жыл. Мерейтойға орай өзі еңбек еткен Әл-Фараби атындағы университетте халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Кәсіпқой бокс • 09 Наурыз, 2022
Жәнібектен қашқан Мунгия Чарлоны таңдады
Бірінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, мексикалық боксшы Хайме Мунгия Жәнібек Әлімханұлына қарсы шаршы алаңға шыққысы келмейді, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.
Президент • 09 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президентке Жоғары сот кеңесінің былтырғы атқарған жұмыстарының қорытындылары, соның ішінде судьялардың іріктелуін жетілдіру шаралары, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру барысы мен судьяларға қатысты тәртіптік тәжірибенің жағдайы туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Наурыз, 2022
Дипломаттар 731 қазақстандықты соғыс арасынан алып шықты
Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттар 731 ҚР азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті. Оның ішінде 662 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Мажарстан мен Словакияға шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2022
Украина мен Ресей өкілдері ертең Анталияда кездеседі
Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Түркияда кездесуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz «Америка дауысы» сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 09 Наурыз, 2022
Украинадан қазақстандықтардың төртінші легі эвакуацияланады
Бүгін Украина аумағында қалған қазақстандықтарды эвакуациялау мақсатында Атырау әуежайынан Катовицеге төртінші репатриациялық ұшақ ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 09 Наурыз, 2022
Головкиннің бұрынғы бапкері «Канелоны» кімдер жеңе алатынын айтты
Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері, мексикалық маман Абель Санчес екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті кімдер жеңе алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2022
Семейде жалған полицей ұсталды
Ақпан айында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күртесінің оң жақ сыртқы қалтасында өз атына полиция қызметкерінің құжатын сақтаған 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Кейін табылған құжаттың жалған екені белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ауа райы • 09 Наурыз, 2022
Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, ал батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Наурыз, 2022
Президент Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдайды
Бүгін Президент жұмыс кестесіне сәйкес Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 09 Наурыз, 2022
Ұлттық банк 198,9 млн долларға валюталық интервенция жүргізді
Жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 9 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Наурыз, 2022
Рахат Тоқбаев ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің төрағасы болды
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 09 Наурыз, 2022
Макрон мен Блинкен Украинадағы жағдайды талқылады
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Бликкенді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2022
Атырау облысының тұрғындары төрт күннен бері жарықсыз отыр
Атырау облысының Құрманғазы ауданында 400-ге жуық электр бағанасы құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2022
Оңтүстік Кореяда президент сайлауы өтіп жатыр
Оңтүстік Кореяда алдағы бес жылда елді басқаратын 20-шы президент сайлауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 09 Наурыз, 2022
Ресейге салынған санкицялар Қазақстан мұнайына әсер етпейді
Ресейге салынып жатқан санкицялардың Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортталатын басқа елдердің мұнайына қатысы жоқ. Америка Құрама Шттатарының Қаржы министрлігі осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Наурыз, 2022
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені сақтап қалды
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің 13,5% деңгейінде сақталуы туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2022
2026 жылғы қысқы Олимпиаданың ресми әнұраны бекітілді
Италия Милан мен Кортина-Д'Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми әнұранын таңдады, оны Rai Uno телеарнасында ресми түрде дауыс беруді бастаған итальяндық теле және радио жүргізушісі Амадеус жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ғылым • 09 Наурыз, 2022
Қазақстандық ғалымдар «мыңжылдық есептерді» шешудің технологиясын әзірледі
Қазақстандық ғалымдар «мыңжылдық есептерді» шешуге арналған бірегей технологияны әзірледі. Ғылыми әзірлеменің таныстырылымы Expo 2020 Dubai көрмесі аясында өтті. Алгоритмді жасаушылар оның тиімділігін COVID-19 анықтау бойынша тапсырма үлгісінде тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.