ЖЭО
Үкімет • 14 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов Петропавл 2-ЖЭО-ын жаңғырту қарқынын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2025
Қазақстанда жаңа жылу электр орталықтары қашан іске қосылады
ҚР Энергетика министрлігі үш қалада салынатын жылу электр орталықтарының қашан іске қосылатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025
Қызылордада кірпіш зауыты мен ЖЭО іске қосылады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында Қызылорда облысының инвестициялық дамуы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2025
Депутат Алматыдағы №1 жылу электр орталығының жұмысымен танысты
Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Мәжілістегі «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты Ирина Смирнова №1 Жылу электр орталығының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай • 21 Желтоқсан, 2024
Риддер жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шекті
Риддер қаласындағы жылу-электр орталығында (ЖЭО) жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Риддер қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 26 Шілде, 2024
Семейдегі апатты ЖЭО-ның жай-күйі тексерілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Семей қаласындағы апатты ЖЭО жаңғырту барысын бақылап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және жылу беру кезеңіне дайындығын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Маусым, 2024
Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөлінді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-ны одан әрі жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Аталған жұмыс Мемлекет басшысының республикадағы ТКШ инфрақұрылымын кешенді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде атқарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 06 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жұмыстарын тексерді
Павлодар облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президенттің Екібастұз ЖЭО-сын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қаңтар, 2024
Кореялық компания Қазақстандағы жылу электр орталықтарын тексереді
Кореяның KEPCO электр энергетикалық корпорациясы Топар, Астана, Павлодар, Алматы жылу электр орталықтарына тексеру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика • 16 Қаңтар, 2024
Елдің үш қаласында жаңа ЖЭО салынады
Бүгін өткен Үкімет отырысы барысында Қазақстанда үш жаңа ЖЭО салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023
Авариялар болған жағдайда шұғыл әрекет ету қажет – Премьер-министр
Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ЖЭО мен жылу желілеріндегі штаттан тыс жағдайлардың салдарын жою және олардың орын алу мәселелері қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың мәлімдеуінше, ауа райының суытуына байланысты энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық ақау орын алды. Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-сы, Теміртау 1-МАЭС-і, Екібастұз ЖЭО-сы жұмысында ақаулар болды. Аталған нысандар бойынша температуралық режим толығымен қалпына келтірілді. Сонымен қатар Степногорск, Балқаш, Ақтау, Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық ақаулар да жедел жөнделді. Қазіргі уақытта барлық тұтынушы жылуға қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2023
Екібастұз жылу электр орталығында апат болды
10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз ЖЭО-да күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 09 Қараша, 2023
Ресей Қазақстанда үш жылу электр станциясын салады
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 11 Қазан, 2023
Риддердегі ЖЭО коммуналдық меншікке беріледі
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында комиссия Риддер қаласындағы ЖЭО-ның айналасында қалыптасып отырған жағдайды қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 06 Қазан, 2023
Премьер-министр Риддер ЖЭО-ның дайындығын тексерді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023
Қарағандыдағы ЖЭО апатына байланысты облыс әкімі түсініктеме берді
Қарағанды облысының әкімі жылу электр орталығындағы апатқа байланысты тұрғындар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023
Қарағандыдағы ЖЭО-да ірі апат болды: Тұрғындар жарықсыз қалды
Қарағандыдағы жылу электр орталығында ірі апат болып, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2023
Риддердегі ЖЭО-да алғашқы қазандық іске қосылды
Бүгін Риддер ЖЭО-да бірінші орта қысымды қазандық іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2023
«Апаттарға әкелуі мүмкін»: 11 ЖЭО-ның әбден тозығы шыққан
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында республиканың бірқатар жылу-электр орталығының қызметін тексеру қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2023
Екібастұз ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындық барысы тексерілді
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған министрліктің атом және энергетикалық қадағалау-бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Екібастұз ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2023
Ұлттық экономика министрі Петропавлдағы ЖЭО-2-ге барды
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Петропавлдағы Караванная көшесі бойындағы апаттық жағдайдағы теміржол өтпесінің жай-күйімен танысты. 1960 жылдары салынған бұл өтпеге қала тұрғындары үнемі шағым айтады. Құрылыс шамамен 10 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Шілде, 2023
Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі барлық қарызды өз есебінен жабады
14 шілдеде ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына барып, Риддер ЖЭО-ның жаңа иесімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Шілде, 2023
Екібастұз жылу энергетика орталығында 10 қазандық жөнделеді
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ернұр Әйткенов пен Алтынбек Нухұлы Екібастұздағы жылу энергетика орталығына барып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 21 Маусым, 2023
Қазақстанда жылу желілері 54%-ға тозған
Бүгінгі Мәжіліс отырысы барысында Жоғары есеп палатасының басшысы Наталья Годунова жылумен жабдықтау саласындағы менеджменттің тиімділігін тексеру мақсатында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды. Тексеріс барысында 23 млрд теңге көлемінде қаржылай бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2023
Екібастұз жылу электр орталығындағы апатқа қатысты іс сотқа жіберілді
Облыстық прокуратура өткен жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша (коммерциялық ұйымдағы міндеттеріне адал емес қарау) тергеуді бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Энергетика • 11 Мамыр, 2023
Екібастұз тұрғындары жылусыз қалмайды - Роман Скляр
Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай Екібастұздағы ЖЭО мәселесін көтеріп, Роман Склярға депутаттық сауал жолдаған болатын. Премьер-министрдің бірінші орынбасары сауалға берген ресми жауабында жөндеу жұмыстары басталып, өтемақы мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 24 Сәуір, 2023
Биыл Екібастұз жылу электр орталығының жөндеу жұмыстары аяқталады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының 19 сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2023
Алматыда газбен жұмыс істейтін ЖЭО-2 құрылысы жазда басталады
ЖЭО-2-де құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында басталады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қоры Қоғамдық кеңесінің отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Серік Түтебаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2023
Бүгін таңертең Риддер тұрғындары пәтерлеріндегі радиатордың суып қалғанын байқаған. Бұл жағдайға Риддер жылу-электр орталығындағы штаттан тыс жағдай себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 11 Сәуір, 2023
Елдегі ЖЭО-ларда жөндеу жұмыстары қашан басталатыны белгілі болды
Премьер-министр Әлихан Смайылов жаңа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен Қазақстанның жылу электр орталықтарында жөндеу жұмыстары нақты басталатын күнді сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.