жол құрылысы
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Биыл Түркістан облысында 500 шақырымнан астам жол жөнделеді
Түркістан облысында ағымдағы жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 156 нысан қамтылады. Оның ішінде 538 шақырым жол мен елді мекен көшелеріне жөндеу жұмыстары жүреді. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 79 пайыздан 81,4%-ға арттыру көзделуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қазан, 2020
Сенатор "Бейнеу-Шалқар" жолының құрылысын "Нұрлы жол" бағдарламасына қосуды ұсынды
Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев "Бейнеу-Шалқар" бағытындағы автомобиль жолының құрылысын 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасына қосуды ұсынды. Бұл жөнінде ол Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020
Сенатор Атырау облысындағы жол құрылысын аяқтау мерзімін көрсетуді талап етті
Атырау облысындағы жолдардың жай-күйі толғандырған сенатор Ғұмар Дүйсембаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020
Алматы облысының Қапшағай қаласында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жол құрылысы жөнделуде. Биыл жалпы ұзындығы 13 шақырымға жуық 12 көшенің жол құрылысы жөнделеді. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін бағдарлама аясында 851 миллион 602 мың теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Шымкентте 112 шақырым жолға шағыл тас төселді
Биыл Шымкент қаласында жалпы бюджеттен автомобиль жолдары саласын дамыту мақсатында 25,7 млрд теңге қаралған. Оған 259 нысан немесе 416 шақырым жол мен көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2020
Жол құрылысының сапасы көңіл көншітпей тұр
Маңғыстауда "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК филиал қызметкерлері Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында салынып жатқан асфальт жол құрылысының сапасына бақылау жүргізген еді. Асфальт жабындыдан сынамалар алу жұмыстары "Сапалы жол - Адалдық алаңы" бағдарламасы аясында жасалды. Бұл туралы аталған филиалдың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолының құрылысы қашан аяқталады?
Жамбыл облысының аумағында орналасқан Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолының жайы талай жылдан бері шешілмей келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Халықаралық "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолының бойында орналасқан Меркі ауданынан соң, ары қарай Шу ауданына баратын тозған жол тұрғындардың титығына әбден тиген. Жолаушылар Шуға қарай небәрі 100 шақырым жолды екі-үш сағат жүруге мәжбүр. Аталған мәселе талай рет тұрғындар тарапынан облыс басшылығының алдына да қойылды. Бірақ одан еш нәтиже болған жоқ. Талай жылдан бері түйіні тарқамай келе жатқан мәселе жуырда қолға алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.