Қыз
Спорт • 03 Қыркүйек, 2023
Қазақстанның қыздар құрама командасы қола жүлдеге қол жеткізді
Кеше Ыстанбұлдағы Бурхан Фелек орталық стадионында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы (XVIII) және қыздар арасындағы (IX) әлем чемпионатының бірінші күні оқу мұнарасының 2,4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу түрі бойынша жарыс өтті. Еліміздің қыздар ұлттық құрама командасы үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2023
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Аталған кадрлық тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 01 Қыркүйек, 2023
Ұлағатты ұстаздың құрметіне аудитория ашылды
Астана қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде «Жүрегіне шәкірт аты жазылған!» атты іс-шара өтті. Жиын аясында мектептің ардагер ұстазы Алтынгүл Момысқызының құрметіне арнайы аудитория ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Тамыз, 2023
Қызылордада екі мектептің жанынан қосымша ғимараттар ашылды
Білім күні қарсаңында Қызылорда қаласындағы екі іргелі мектептің жанынан салынған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді, салтанатты ашылу рәсімдеріне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 28 Тамыз, 2023
Қарағандыда әскерилер бес жасар баланы өрттен құтқарды
Қарағанды өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының үш қызметкері жанып жатқан пәтерден бес жасар баланы құтқарып қалды. Олардың бұл әрекеті әлеуметтік желілердегі жарияланымдардан белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2023
Әлеуметтік және еңбек мәселелері жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 25 Тамыз, 2023
Жақсыбек Құлекеев жаңа қызметке тағайындалды
Оқу-ағарту министрлігі жанынан ардагерлер кеңесі құрылды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан республикалық тамыз кеңесінде аталған министрліктің басшысы Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2023
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Байқау • 21 Тамыз, 2023
Айна Қалмағанбетова «Мейкин Азия» III Халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанды
Қырғызстандағы Чолпон-Ата қаласында өткен «Мейкин Азия» танымал музыка орындаушылардың ІІІ Халықаралық Ыстықкөл фестивалінде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Айна Қалмағанбетова бас жүлдені жеңіп алып, 5000 доллардың сертификатын иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Тамыз, 2023
«Отағасының қалауы». Тележүргізуші қалай «малшы қыз» атанды
Ауылда мал бағып, қой қырқып жүрген «Торғай қыздың» оқиғасы қызық. Шәрипа Жұмабайқызын бүгінде көбі малшы қыз, ауылдағы журналист Базарбаева деп таниды. Бір кездері тележүргізуші болған қыздың өмірі әп сәтте өзгеріп сала берген. Күйеуі басшылық қызметтен, өзі телеарнадағы жайлы жұмыстан бас тартқан.
Қоғам • 21 Тамыз, 2023
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Алмаз Ыдырысов берген өтінішіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Шымкенттегі мектептерге 3,3 мыңнан астам бейнекамера орнатылды
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Тамыз, 2023
Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Әбдіғалиұлы Бегманов берілген өтінішіне сәйкес Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Заң • 15 Тамыз, 2023
Мемлекеттік қызметшілерге казиноға баруға шектеу қойылады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге ойын мекемелеріне барудан бас тартуға нұсқау берген түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2023
Қызылордада оқушылар үшін қосымша ғимараттар салынады
Қызылордадағы Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі 600 орынға есептелсе де, қазір онда 2 275 оқушы білім алып жатыр. Сол себепті қараша айында мектеп-лицейдің жанынан 375 орындық қосымша ғимараттың құрылысы басталған. Жаңа оқу жылына қарай мектептің қосымша ғимараты оқушыларды қабылдауға дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Тамыз, 2023
Түркістан облысында екі күн бұрын жоғалған қыз табылды
Түркістан облысы Мақтарал ауданында екі күн бұрын жоғалған қыз табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Тамыз, 2023
Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
Алматы қаласында мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Тамыз, 2023
Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қыз арықтағы суға батып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Тамыз, 2023
Шымкентте 18 жастағы колледж студенті хабар-ошарсыз кетті
Полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы Шымкент тұрғынын іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 03 Тамыз, 2023
Ұлыбританияда хаттар дрондар арқылы жеткізілмек
Бұл дрондар салмағы 6 келіден аспайтын хаттар мен сәлемдемелерді жеткізуге арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2023
Қарағанды облысының дәрігерлері біліктілігін арттырды
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының базасындағы оқу-симуляциялық орталығында 400-ден астам жедел жәрдем қызметкері халықаралық стандарттар бойынша оқытылған. Дәрігерлер мен фельдшерлер манекен-роботтарында біліктілігін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 31 Шілде, 2023
«Алтынай» әні қырғыз қызына арналған
«Eqemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек көпшілік арасында кең тараған «Алтынай» әнінің шығу тарихы жайлы тың деректерді ұсынды. Оқырман назарына «Арман қуған Алтынай» мақаласынан үзінді ұсынамыз.
Жемқорлық • 31 Шілде, 2023
Қызылорда облысында 600 млн теңге жымқырған банк қызметкері ұсталды
Өңірлік Қаржылық мониторинг агенттігі ұрлық фактісін тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 29 Шілде, 2023
Қызылорда облысының Дін істері басқармасының басшысы тағайындалды
Ермеков Дінмұхамед Жандарбекұлы Қызылорда облысының Дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Шілде, 2023
Ұлттық нақыштағы бомберлер сұранысқа ие
Қызылордалық көп балалы ана Айман Абдиева «Aiman Abdi QAZAQBREND» сән үйін ашып, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сұранысқа ие өнімдерінің бірі – ұлттық нақыштағы бомберлер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Шілде, 2023
Қазақстанда екі мыңға жуық бала қызылша жұқтырған
Биыл 2 мыңға жуық бала қызылшамен ауырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Шілде, 2023
Әлеуметтік жоба аясында 454 мың қазақстандыққа қамқорлық жасалды
20 шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева 2023 жылдың бірінші жартысында үкіметтік емес ұйымдардан қайырымдылық көмегін алуға келіп түскен өтінімдер саны үш есеге өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Шілде, 2023
Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылады
Жоғарғы сот биылғы мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Шілде, 2023
Талдықорғанда әкімдік қызметкері өзіне қол жұмсады
Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің маманы белгісіз себептермен өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорда • 18 Шілде, 2023
Елордада коммуналдық қызмет тарифі қаншалықты өзгереді?
1 шілдеден бастап елордадағы кейбір коммуналдық қызметтердің тарифі өзгерді. Бұл туралы толығырақ онлайн брифингте Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Қанат Құлназаров пен қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Байсадықов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.