Редакция таңдауы
Шымкенттен шыққан тікұшақ Каспий жағалауында өртенген қамысты сөндіруге кірісті
Шымкент қаласынан барған тікұшақ Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
"Қайрат" пен "Астана" кездесетін күн белгілі болды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы бірінші айналымның қалған турларының күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz лига сайтына сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
Балабақшаларда ағылшын міндетті пән ретінде оқытылмайды - министр
Бүгін көрнекті ғалым, Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Көзі тірісінде қазақ мемлекеті, тілі мен әдебиеті, білімі мен ғылымы, журналистикасының дамуы үшін сүбелі үлес қосқан арда азаматтың туған күні Қазақстан халқының тілдері күні деп белгіленуі де тегін емес. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің экс тең төрағасына "Достық" ордені табысталды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Елші Дәурен Кәріпов стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің (ҚГІК) бұрынғы тең төрағасы, бұған дейін "Deutsche Bank" АҚ-ның бас атқарушы директорының лауазымын атқарған Петер Тильске 1-дәрежелі "Достық" орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
Қарулы Күштердің офицері ультрамарафон бойынша жаңа рекорд орнатты
Қарағанды гарнизонындағы әскери полиция бөлімінің офицері аға лейтенант Заңғар Әлкенов "Қарағанды-Жаңаарқа" бағыты бойынша 200 шықырым қашықтыққа ультрамарафонды аяқтады. Жүгірісін 35 сағат 11 минут 52 секунтта аяқтап, ҚР Қарулы Күштері офицерлерінің арасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қыркүйек, 2020
Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Елордада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Түркістан және Алматы облыстары әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда пневмониямен 397 адам ауырып, 5 адам көз жұмды
2020 жылдың 5 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлының туған күні
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы һәм реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 5 қыркүйегінде дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда дәрілік заттар шығаратын 33 өндіріс орны бар
Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2020
Мәулен Әшімбаев қос палаталы Парламенттің қажеттігі туралы айтты
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қос палаталы заң шығару органының қажеттігі назар аударып, партиялық мүдделер мен өңірлердің өкілеттігі Парламентте теңесетінін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2020
Nur Otan Денсаулық сақтау және Еңбек вице-министрлеріне шара қолдануды талап етті
Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 186 медицина қызметкері қайтыс болды. Алайда қаза тапқандардың тек 9-ының отбасына ғана өтемақы төленген. Мұндай көңіл жүдететін статистика бүгін "Nur Otan" Партиялық бақылау комитетінің отырысында жария етілді, деп хабарлайды Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2020
Төменгі мемлекеттік қызметшілердің айлық жалақысы 15% көбейеді
Ұлттық экономика министр Руслан Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру есебінен төменгі лауазымдағы қызметкерлердің жалақысы қаншаға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Қыркүйек, 2020
Алексей Цой Алматы облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысымен танысты
Іссапармен өңірлерде жүрген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысына барып, Еркін ауылындағы тұрғындарға арнап салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты. Медициналық нысан бір ауысымда 100 келушіні қабылдай алады. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін мекеменің аумағы 1100 шаршы метр және 14 500 адамға арналған, - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Қыркүйек, 2020
2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынады:
04 Қыркүйек, 2020
Әділетті қоғам қағидасын арқау етті
Президент Қ.Тоқаевтың ел дамуының барлық саласын қамти отырып, стратегиялық бағыттарымызды айқындай түскен биылғы кезекті Жолдауы халықтың көкейінде түйінделіп, көптен шоғырланып, шешуін күтіп жүрген өзекті мәселелердің біразының жуық арада саяси аренада шешімін табатынына сенім ұялатқан құбылыс болды.
04 Қыркүйек, 2020
«Жендет» жасушаны жеңген ана Қазақстанда алғаш рет жатыр мойны обыры бар әйел босанды
Жыл сайын елімізде жатыр мойны обырына 1800-ге жуық жаңа науқас шалдығып жатады. Өкінішке қарай, осынау дерттен емінен кешіккен 600-ге жуық әйел көз жұмады. Кез келген кесел, оның ішінде онкологиялық аурулар асқынбай тұрғанда анықталса ғана шипа қонатыны аян. Ал қатерлі ісіктің бетін қайтарып қана қоймай, одан кейін армандарын іске асырып, сәби сүю – екінің біріне бұйыра бермейтін бақ, ерлік. Бұл – медицинада ілеуде бір болатын ерекше оқиға.
04 Қыркүйек, 2020
Пандемиямен арпалысқан планета
Жапониядағы Киото Өнер университетінде COVID-19-дан қорғайтын жаңа тұмша ойлап табылғаны жайлы Kyodo агенттігі хабар таратты.
04 Қыркүйек, 2020
Жауапты кезеңдегі жауапты міндеттер
Дүниеге өзгеріс керек еді. Адам баласы сол өзгеріс қажеттілігін айтып жүрсе де, сол дүние өзгерісіне өзінің онша ынталы болмағаны да анық. Сол өзгерісті жасауға коронавирус пандемиясы еріксіз мәжбүрлегендей болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тың ойлар мен нақтылы шешімдер осындай тұжырым жасауға әсер етті.
04 Қыркүйек, 2020
Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының ұжымы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклін сахналады. Бірақ бұл қойылым әдеттегідей театр сахнасында емес, Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен сарайының ашық аспан астындағы түнгі сахнасында өтті. Аталған шығарманың қоюшы-режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Қуандық Қасымов.
04 Қыркүйек, 2020
Қазақ мұнайының ғасырдан астам тарихы бар. Алғашқы «қара алтын» бұрқағы 1899 жылы Қарашүңгіл кен орнынан алынған еді. Содан бері қазақ жерінен мұнай бұлағы әлі толастаған жоқ. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жер асты байлығын өндіретін компаниялар қатары көбейді. Мұнай-газ өнеркәсібіне шетелдік инвесторлар бет бұрды. Ал отандық «қара алтын» өндірушілер көшін әлі де «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бастап тұр.
04 Қыркүйек, 2020