Редакция таңдауы
Ұстаз әл-Фараби ізгі қала жайлы ой-толғамдарында қалалар мен қауымдар жайын талқылай отырып, халқы ымырамен, өзара ізгілік гүлзарында ықпалдасып ғұмыр кешетін қайырымды қалаға жанды ынтық, жүректі іңкәр етуші еді ғой. Сол қалаға қарама-қайшы құбылыс – ізгілікке құрылмаған қалалар жайын да баян қылғанда, надандық жайлаған қараңғылар қаласы, тән қалауын ғана қанағаттандырар қажеттіліктер қаласы, тұрғындары байлықты ғана аңсаған айырбас қаласы, жүрек тоналған бақытсыздар қаласы және басқаларды бағындыруды ғана көксеген билік құмарлық қаласын көріп, жан жадағай тартып, жүрек жүдейтін.
08 Шілде, 2020
Ел бюджетінің тиімді орындалғаны маңызды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2020 жылғы 22 маусымдағы № 44-VІ ҚРП қаулысымен 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есебі (бұдан әрі – Есеп комитетінің есебі) бекітілді. Жұртшылыққа кеңінен және қолжетімді ақпарат беру қажеттілігін ескере отырып, Есеп комитеті есебінің негізгі ережелерін (Үкіметтің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қысқаша қорытынды) назарларыңызға ұсынып отырмыз.
08 Шілде, 2020
Дем берушісі – «Көңіл толқыны»
Әлемдегі ең белді ұйым – UFC өзінің кезекті жарысын 11 шілдеде Әбу-Даби (БАӘ) қаласында өткізбек. Сол UFC 251 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек өкілі Жалғас Жұмағұловтың өнер көрсететінін де жанкүйерлер жақсы біледі.
08 Шілде, 2020
Ұлттық парктерді қолдау қоры құрылды
Қазақстанда ұлттық парктерді қолдау қоры құрылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Қорды құрудағы негізгі мақсат – өркениетті экотуризмді дамытуға бағытталған жобаларды қолдау, еліміздегі ұлттық парктерді сақтауға қоғам белсенділерін жұмылдыру.
08 Шілде, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан – Щучье бағытындағы автобанның бойында 2575 гектар алқапқа ағаш көшеттері отырғызылып, бүгінде жап-жасыл болып жайқалып өсіп тұр. Бір кездегі қутақыр алқаптар масатыдай құлпырған ну орманға айналды.
08 Шілде, 2020
Өңірдегі ауруханалар қызметімен танысты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Атырау облысындағы қазіргі эпидемиялық жағдайды бағалау үшін №2 облыстық аурухана мен облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының жұмысымен онлайн-режімде танысты.
08 Шілде, 2020
Республика даңғылында орналасқан, қазіргі әскери музейге айналып кеткен көк күмбезді әсем ғимарат ол кезде Президенттік мәдениет орталығы деп аталатын. Екі мыңыншы жылдардың бас кезінде жаңа елорданың әдеби-мәдени ортасын қалыптастыруда осы үйдің көп ықпалы болды. Оны басқарған мемлекет қайраткері, атақты ғалым Мырзатай Жолдасбеков апта аралатып түрлі кештер өткізуді үрдіске айналдырғаны есімізде.
08 Шілде, 2020
Пандемияға байланысты кейінге шегерілген «Формула-1» жарысына да старт берілді. Маусымның алғашқы жарысы Аустрия гран-приімен басталды.
08 Шілде, 2020
Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
«Самұрық-Қазына» АҚ активтерді жекешелендіру бойынша кешенді жұмыстарды кезең-кезеңімен ойдағыдай жүзеге асыруда. Осы ретте «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
08 Шілде, 2020
Жағдайды тұрақтандыруды көздейді
Жергілікті «Ertis телеарнасының тікелей эфирінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов «Өңірдегі эпидемиялық ахуал» тақырыбындағы сұхбатқа қатысты. Сұхбат барысында облыс әкімі өңірдегі індетке қарсы іс-шаралардың атқарылу барысы туралы, дәрігер мамандардың жетіспеушілігі, жалпы бұл бағытқа жұмсалатын қаржыландыру көлемі туралы баяндап берді.
08 Шілде, 2020
Ақ желеңді жандар марапатталды
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына қарсы күресте жанқиярлық көрсеткен медицина қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.
08 Шілде, 2020
Жеңіс Қасымбек: Жағдай бақылауда, алаңдауға негіз жоқ
Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға шолу жасап, кейбір мәселелерге қатысты туындаған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді, – деп жазады Egemen.kz.
07 Шілде, 2020
Оралдық кәсіпкер ауруханаға жабдық сыйлады
Батысқазақстандық кәсіпкер Қанат Жанғазиев облыстық көпбейінді ауруханаға жалпы құны 2 миллион теңгеден жоғары тұратын үш дана тыныс алу аппаратын – оттегі концентраторын тарту еттідеп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті
Николя Саркози Елбасын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
07 Шілде, 2020
Айгүл Шайымова Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
07 Шілде, 2020
Алматыда мәйітхана маңына топталған тұрғындарға қатысты түсініктеме берілді
Бүгін Алматы қалалық патологоанатомиялық бюро жанына топталып жиналған тұрғындарға қатысты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы келесіні хабарлайды.
07 Шілде, 2020
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық ақпараттық-ағарту штабының төрайымы, Президенттің "Алтын Сапа" сыйлығының лауреаты, "Алтын Орда" авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзадамен "Тамыры терең елдің тұғыры биік" тақырыбында онлайн кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Шілде, 2020
Медициналық мекемелерге дәрі-дәрмектер қалай жеткізіледі?
Бірыңғай дистрибьютор қазіргі жағдайға байланысты бүкіл медициналық мекемелерге дәрі-дәрмек жеткізумен айналысып жатыр. Бұл туралы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
07 Шілде, 2020
Еліміздегі 3 банктің қаржылық көрсеткіштері күрт төмендеді
Қаржы орталықтары 4 ай және 1,5 жыл аралығында пруденциялық нормативтерін орындамай келеді. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
07 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтаннан Балқашқа 9 мың теңгеге ұшуға болады
Qazaq Air әуе компаниясы құны 9 мың теңге болатын Нұр-Сұлтан − Балқаш әуе рейстерін орындайды. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
07 Шілде, 2020