Редакция таңдауы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
03 Маусым, 2020
Білім мен денсаулық – мемлекеттің тірегі
Президент үнемі ашықтық қағидатын ұстанып келеді. Қазіргі оқшаулану жағдайында қоғамның өзекті мәселелерін шешуге тағы да баса мән берді. Ұлттық кеңестің кезекті отырысы адам капиталын дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналды. Бұл тегін емес. Өйткені аталған екі саланы мемлекеттің тірегі десек те, жүрегі десек те болады.
03 Маусым, 2020
«Аянбаймын халқымнан, Айнымаймын қалпымнан, Шегінбеймін күн сайын, Жүз мың вагон тартудан» деп рельстің сарт-сұрт дауысымен астаса, алып даланы басына көшіріп бара жатқан «Паровоз» Манекеңнің өз ауылы Ақтоғайға бармапты. Міне, парадокс.
03 Маусым, 2020
Аялдамадағы Абай суреттері алынды
Газетіміздің 20 мамыр күнгі санында «Абайға аялдамадан ғана орын тиген бе?» деп жазған едік.
03 Маусым, 2020
«Мына мені бір күні еске түсіріп...»
«Мына мені бір күні еске түсіріп, Жылайсыңдар, тағдырымды түсініп. Бұл фәниден шындық іздеп жүргенде, Алып кетті қанатына құс іліп!». 1995 жыл. Осы өлеңді жазып жатқанда ақын небәрі 36-ақ жаста еді. Мазасыз маусым сол жылы сараң кейіп танытып алған болатын. Дүние қуаң тартып, ерте сарғайған аңызды атырап ақын жанына сая болардай емес. Көшпелі жұрт көктің ерте солғанын жақсы ырымға баламайды. Жақсылыққа көрінсе деп еді. «Сарыжайлау» күйіне тербелген сағым қыр да сананы сарсаңға салып біткен. Әдепкі «Сарыжайлауға» ұқсамайды. Қайғылы, қамырықты, терең... Қайран Тәттекең (Тәттімбет) осы белді, осы күйді кешпеді деймісің... Мәңгілік сапарға аттанып кеткен ақынның жазу үстелінде періштенің қанатынан сусып түскен қауырсындардай жайрап жатқан қағаздар қатталып та үлгермеді... Дүние тым-тырыс. Ештеңе болмағандай. Ешкімін жоғалтпағандай.
03 Маусым, 2020
Әбдікәрім Бектаев ағамыз тірі болса, бұл күндері сексен жасқа келіп, елі, жұртының, ағайын, туыс, тілектес замандастарының, отбасы, бала-шағасының құрметіне бөленіп, ықыласына кенеліп, марқайып, төрде отырар еді. Ол құрметті тек абыз жасына келгендігінен емес, еліне, жеріне, өзі өмір сүрген қоғамына адал еңбек сіңіріп, ғибратты сөз, өрісі кең өнеге, асыл текті ұрпақ қалдырғандығынан да көрер еді. Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең тұғырықтысы, өскелең ұрпақпен тұтастығы, рухани қазыналылығы екендігі бүгін айтылған сөз емес, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра.
03 Маусым, 2020
Қалталылар қауіпті індеттен қалай қорғанады?
Ауру адам талғамайтынына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Коронавирус бай мен кедейді бірдей әлекке салуда. Осы күнге дейін қаржысына сенген қалталылар пандемия алдында қауқарсыз. Шетел асып шипа іздейтіндер ауылға қарай ауа көшті. Індеттің оты тұтанған қалалардан қашқан халықтың санында шек болған жоқ. Блок-бекеттерден өткен қымбат көліктерге қарап-ақ, ақшаның ажалға араша болмайтынын түйсіндік. Әйтсе де атқамінерлер бұған да амал тапқан көрінеді.
03 Маусым, 2020
Коронавирустан жазылған бұрынғы вице-министр жаңа қызметке тағайындалды
Коронавирустан емделіп шыққан Камалжан Талғатұлы Надыров Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
02 Маусым, 2020
Ел газеті «Egemen Qazaqstan» журналисі Жақсыбай Самрат өте өзекті мәселені көтеріпті. Журналист көтерген архивті цифрландыру ісін жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беру мәселесінің ар жағында тағы да жең ұшынан жалғасатын «ақша игеру» мәселесі мен біздің қыр-сырымызға қанығуды көздейтін сұрқия пиғыл иелерінің жымысқы саясаты жатқандай...
02 Маусым, 2020
Еліміздегі оқулықтардың сапасы өте нашар - Аягүл Миразова
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім мен денсаулық саласында қордаланған өзекті мәселелерді қозғады. Еліміздің білім саласында елу жылдан астам тәжірибесі бар әрі осы салаға еңбегі сіңген маман ретінде, Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болған алғашқы ұстаз ретінде Мемлекет басшысының көкейкесті мәселелерді нақты жеткізуі қалың көпшілікпен бірге мені ерекше қуанышқа бөлеп, көкейіміздегіні дөп басты деп нық сеніммен айта аламын.
02 Маусым, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 11 500-ден асты
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 263 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 2,3%.
02 Маусым, 2020
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
2 маусымда ел аумағының басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
02 Маусым, 2020
«КезБидегі» кикілжің: тараптар әділ шешімді күтуде
Бірден ашып айтсақ, мұнай саласына сервистік қызмет көрсететін «КезБи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Маңғыстаудағы мақтаулы компаниялардың бірі. Аталған компанияға жұмыс істеуге табанын бір іліктіруді армандап жүрген жан қаншама?! Өйткені серіктестік жұмысшыларының шұрайлы тұрмысы, уақытымен алатын жарытымды жалақысы қызықтырмай қойсын ба! Сөйткен үлгілі «КезБи» мекемесінде дау туды. Компанияның бір топ жұмысшысы мекеме алдында ереуілдетіп тұрған видео ел аралап кетті. Қолдарына ашулы сөздер жазылған плакаттар ұстаған жігіттердің алдына шыққан белсенді Мемлекет басшысына үндеу жолдайды.
02 Маусым, 2020
Платон үңгірі Кейде самаладай жарқыраған сансыз жұлдыздарға таңдана қарап қаламыз. Алғаш рет аспанға қарағандай. Осынша сұлулықты тұңғыш көргендей. Кейде су бетінде жылт-жылт етіп ойнаған сәулелерге тамсана көз саламыз. Жел бесігінде тербеліп, құлпыра ойнаған қызыл гүлдердің көздің жауын алған әсемдігіне, ақ көбелектердің мерекесіне мейірің қанбай қарап тұрасың. Бұрын осының бәрін неге көрмегенмін, жарық дүниенің сонша ғаламатын қалай сезінбегенмін дегендей боласың. Әр көрген сайын алғаш көргендей іңкәр болу, ынтығу қандай ғажап! Осының бәрі – жаңа әрі көне дүние. Әр қараған сайын жаңалығын көреміз бе, ескілігін ғана аңғарамыз ба?
02 Маусым, 2020
Қазақ оқырманы Әуезовтің атын естігенде ең алдымен «Абай жолы» романын еске алады. Ұлы ақын мен даңқты жазушының есімдері бір ғасырдың бедерінде біте қайнасып үлгерді. «Абай жолын» ешқашан оқымаған, оқымайтын оқырман да Абай өмірінің әр кезеңін Әуезовке «сүйеніп» айтып бере алатын жағдайға келсек, бұл қос алыптың халық жадында әлі талай ғасырлар бойы бірге сақталатынының кепілі. Бірақ өз басыма қазақтың классик жазушысының «Абай жолына» дейін жазған шығармалары жақын. Жиырманың о жақ, бұ жағында не ой баққызған отызында жазған әңгіме, повестерін соншалықты тұщынып оқимын. Оның ішінде «Қаралы сұлу» мен «Қорғансыздың күні», «Көксерек» пен «Қараш-Қараш оқиғасы» қатарлы мәңгілік өлмейтін шығармаларының жөні бөлек. Қаралы сұлудың құмарлық билеген жаны мен Ғазизаның тапталған ары, Құрмаштың жазықсыз өлімі мен Бақтығұлдың қайтпаған кегі әдебиет дейтін сиқырлы әлемге емес, өмір атты тылсымның нақ өзіне жетелейді. Жазушы өзі өмір сүрген дәуірдің шындығын, адамдардың болмысын, мінез-құлықтары мен әдеттерін, тұрмысын хас суреткерге тән реалистік әдіспен жасаған. Ол бергі дәуірдің данышпандары сияқты «цитаталарды сапырып» отырмайды. Өз дәуіріне өз көзімен қарайды. Буырқанған мың бояулы тіршіліктің ішінен өзіне керек бояуларды таңдап алып сөзбен сурет салады. Сол үшін оның кейіпкерлері тірі сияқты. Шынында да «Кінәмшіл бойжеткен» бір қалада жалдап алған пәтерінде әлі де өмір сүріп жатқандай. «Сөніп-жанудағы» әйелін өзіне тең көрмей тастап кеткен тәкаппар Сыздық қалада жеңілтек бикелермен ойнап-күліп өмір сүріп жүр ме екен! Солардың ішінде бізге кейіпкерлері дәуірмен бірге жасаса беретін сияқты көрінетін бір әңгіме – «Оқыған азамат».
02 Маусым, 2020
Кешегі кеңестің қанқұйлы заманындағы тарихтың қатпарына үңілсек, мынадай жантүршігерлік деректер алдымыздан шығады: 1921-1954 жылдар аралығында КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 млн 777 мың адам сотталып, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген екен. Ал Қазақстанды жеке алып қарасақ, қуғын-сүргінге 103 мыңға жуық адам ұшырап, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесіліпті. Олардың басым бөлігі ғалымдар, мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері сынды зиялы қауым өкілдері еді. Яғни жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары қазақ зиялылары мен мемлекет қайраткерлерінің «қаймағы» сылып алынып, жазықсыз жазаға ұшырады. Олардың ішінде Қарағанды облысынан шыққан Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Жанайдар Сәдуақасов, Абдолла Асылбеков сынды қазақ халқының аяулы ұлдары да бар еді...
02 Маусым, 2020
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон қаласындағы шеруге шыққандардың ықпалынан қашып, Ақ үйдің арнайы жерасты бункеріне тығылды. Оқиға туралы алғаш ақпарат таратқан The New York Times газетінің хабарлауынша, Құрама Штаттарының басшысы бір сағатқа жуық бункерде болған.
02 Маусым, 2020
Теміртауда қазақ баспасөзі жоқ
Тұңғыш Президентімізді түбіт мұрты тебіндеген бозбала шағынан еңбекке баулып, құрыштай етіп тұлғасын түлеткен Теміртау қаласында статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 180 мыңға жуық халық тұрады екен. Сол халықтың отыз төрт пайызға жуығын жергілікті ұлт өкілдері құрап отыр.
02 Маусым, 2020
Қазақстандық теннисші үшін жарыс сәтсіз басталды
Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған спорттық жарыстар қайта өткізіле бастады. Солардың ішінде теннис додалары да бар. Үзілістен кейінгі алғашқы турнир АҚШ-та ұйымдастырылды.
02 Маусым, 2020
Роберт Киндлер: Ашаршылықтан қазақтар өте көп зардап шеккен
Неміс тарихшысы Роберт Киндлер – Қазақстандағы ашаршылық тақырыбын зерттеп жүрген шетелдік санаулы маманның бірі. Осыдан 6 жыл бұрын Германияда оның Stalins Nomaden. Herrschaft und Hunger in Kasachstan («Сталиннің көшпенділері: Қазақстанды басқару және ашаршылық») кітабы шыққан болатын. Аталған еңбекте 1930 жылдардағы нәубет туралы кеңінен жазылған. Таяуда Роберт Киндлермен әңгімелесудің сәті түскен еді.
01 Маусым, 2020