Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды
Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Шілде, 2020
Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Шілде, 2020
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің тізімі жарияланды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетімен күрес жолында қаза болған медицина қызметкерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz
13 Шілде, 2020
ҚМДБ: 13 шілдеде еліміздің барлық өңірінде құран хатым дұғасы жасалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық Үндеуінде 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленгенін айтқан болатын. Осыған орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 (жүз) Құран Хатым оқылуда, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Шілде, 2020
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов жексенбі күні әлемдегі ең танымал ұйым – UFC-де алғашқы айқасын өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша қарсыласына есе жіберді.
13 Шілде, 2020
Бүгінде еліміз, жалпы бүкіл дүниежүзі ауыр кезеңді бастан өткізіп жатқаны белгілі. Өкінішке қарай, төтеннен келген індет салдары әрбір отбасын айналып өтпей отырғаны да анық.
13 Шілде, 2020
Дағдарыс фармацевтика дамуына жол аша ма?
Дүниені бір тарының қауызына сыйғызып жіберген жұқпалы індет әлемнің экономикалық дамуы мен өндірістік үдерісін қайта жоспарлауға мәжбүр еткені анық. Яғни, бұдан былайғы кезеңде тұтыну нарығын қамтитын өнеркәсіп саласындағы жаһандану үрдісі үзіліп, ішкі өндірістердің дамуына көңіл бөлудің маңызы күн тәртібіне шығады.
13 Шілде, 2020
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, қаза көрген жүрегі жаралы ол» деп хакім Абай айтқандай, соңғы кезде елімізде індеттің індей түскені сондай, таңмен таласа тұрған сайын жүрегіміз зырқ етер қайғылы хабар еститін болдық. Covid-19 инфекциясына қоса қос өкпені қатар қысатын қырсық тұмау қармағына қаншама жанды іліндіріп жатыр. Осы бір күрделі ахуалды ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның шешімімен елімізде тағы да екі апталық карантин шаралары енгізілді.
13 Шілде, 2020
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қозғаған мәселелерінің ішінде ерекше әсер қалдырғаны – жан-жануарларға деген қарым-қатынас пен оларды қорғау керектігін баса айтқаны.
13 Шілде, 2020
Сенім факторы – өте маңызды құрал
Президент Қ.Тоқаев дағдарыс қоғамдағы әлеуметтік сәйкессіздікті, азаматтардың орталық және жергілікті билікке деген теріс пікірі мен сенімсіздігін көрсетті. Мемлекеттік басқаруды қайта құру қажет. Ол жергілікті өзін өзі басқаруды айтарлықтай күшейтуді көздейтін саяси реформалардың бір бөлігіне айналады, деді.
13 Шілде, 2020
Жаһандық ІЖӨ 5,5 пайызға төмендейді
Елдің орнықты дамуы үшін мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әртараптандыру бойынша терең құрылымдық реформалар қажет. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анна Альшанская айтты.
13 Шілде, 2020
Экономиканы реформалауға басымдық беріледі
Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы, сондай-ақ оның негізгі бағыттары және даму перспективаларына байланысты бірқатар ой-түйінді байқауға болады. Бұл туралы Baq.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
13 Шілде, 2020
Ерекше балаларға арналған екі оңалту орталығы
Нұр-Сұлтан қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған екі оңалту орталығы іске қосылды. Бірінші оңалту орталығы Болат Өтемұратов қорымен бірлесіп ашылды.
13 Шілде, 2020
Қарағанды облысының орталығында Солтүстік-Шығыс айналма жолы ресми түрде ашылды. Бұдан былай транзиттік автокөліктер кеншілер астанасының жолдарын талқандап, ауасын ластап, көшелерін қақ жарып өтпейтін болды. Олар енді жаңа жолмен қаланы сыртынан айналып өтеді.
13 Шілде, 2020
Түркістанда тұрғындарға аса қажетті дәрі-дәрмек шекті бағамен сатылуда ма?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев бастаған жедел топ дәріханаларға барып, дәрілік заттардың баға тұрақтылығына және сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Шілде, 2020
ІІМ: Қазақстанда түсірілді деп жалған бейнежазбалар таралуда
Ішкі істер министрлігі “Қазақстан аумағында ұшақ пен тікұшақтардың көмегімен вирустық және биохимиялық оқ-дәрі шашу туралы” ақпаратты ресми түрде жоққа шығарғанына қарамастан, кейбіреулер азаматтарды адастыру әрекетін жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
12 Шілде, 2020
Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатына сатып алынған медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт ішінде Қазақстанға жіберілмей жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Шілде, 2020
Атырауда жедел жәрдем станциясының фельдшері қайтыс болды
Жедел жәрдем станциясының коронавирус инфекциясымен күрес бригадасының фельдшері 10 шілдеде екі жақты пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Шілде, 2020
Қазақстанда өткен тәулікте 1314 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Бұл туралы Egemen.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
12 Шілде, 2020
Айдын Рахымбаев екі қалада науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ
"BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған науқастарды тегін емдеуге арналған орталықтар ашпақ. Ол басқа кәсіпкерлерді осы қайырымдылық акциясына қосылуға шақырды", деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Шілде, 2020