Редакция таңдауы
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті (видео)
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
19 Наурыз, 2020
Қасат қар сәл ғана жібіп, қызыл су аздап жүріп еді, қаланы қақ жарып өтетін Қылшақты өзені арнасынан аса бастады. Облыс орталығындағы Бәйкен Әшімов көшесінің бойындағы автокөлік қатынайтын көпірді су басып қалды.
19 Наурыз, 2020
Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдері блок-бекеттерді тексерді
Кеше карантин басталатын сәттер таяғанда Алматы облысының әкімі Амандық Батталов пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қапшағай мен Талғар бағыттарындағы және Құлжа трактіндегі негізгі блок-бекеттердің дайындығын тексеруге шықты.
19 Наурыз, 2020
Карантин: Елордаға азық-түлік өнімдері жасыл дәліз арқылы тасымалданады
Карантин кезінде елорда аумағында қала тұрғындарына қажетті тауарларды тасымалдайтын жасыл дәліз жұмыс істейді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.
19 Наурыз, 2020
Түркияда коронавирустан екінші адам қайтыс болды
Түркияда 61 жастағы ер адам коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды.
19 Наурыз, 2020
Егіс науқанына дайындық қалай?
Қар көбесі сөгіліп, алқап дегдісімен қырда қызу тіршілік қайнайды. Қыстан қысылыңқырап шыққан қостанайлық диқандар бұл сәтті дегбірсіздене күтіп отыр. Дегенмен ол күн де алыс емес. Әрі кетсе шамамен бір жарым-екі ай ғана қалды. Одан соң техникасын оңдап, тұқымын түгендеп, шаруа адамы топырағының иісі танауды жара бусанып жатқан танапқа аттанады.
19 Наурыз, 2020
«Мен сіз үшін жұмыстамын, сіз мен үшін үйде болыңыз»
Осындай ұранмен бүкіл әлем дәрігерлері тұрғындардан коронавирустың таралуын тоқтату үшін үйлерінде отыруын сұрап жатыр. Әуелде әлеуметтік желіде жарияланған суреттерді қолданушылар қазір кеңінен таратуда. Қазақстан дәрігерлері де бұл бастаманы қолдады.
19 Наурыз, 2020
Елімізде тағы бір науқас тіркелді
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
19 Наурыз, 2020
Осыдан бір жыл бұрын, 20 наурызда «Қазақстан» арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбатқа шақырған болатын. Әңгіменің тақырыбы соның алдында ғана, яғни 2019 жылдың 19 наурызында, сағат 19:00-де жария етілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына Үндеуі еді. YouTube cақтап қалған сол сұхбатта журналистің: «Дәл қазіргі сәтте Қазақ елі қобалжулы. Хабарды сіз қалай қабылдадыңыз?» деген сұрағына: «Хабарды демократиялық, құқықтық мемлекетке тән, заңды, қисынды шешім ретінде қабылдадым. Жалпы, Елбасымыздың қандай шешімі де көкейге қонатын, жан-жақты ойластырылған шешім болатындығы анық», деп жауап қайтарылыпты.
19 Наурыз, 2020
COVID-19: сақтану жолдары қандай?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирусқа байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жариялады. ДДҰ соңғы дерегіне сүйенсек, эпидемия 151 елге таралып, 167 511 адам ауру жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 6600-ден асты. Пандемияға айналған вирустан әсіресе кәрі құрлықтағы Италия, Испания, Франция сынды елдер қатты зардап шегіп жатыр.
19 Наурыз, 2020
Тұрақтылық пен орнықты даму жолы
Осыдан дәл бір жыл бұрын жыл басы, жаңару мейрамы Наурызбен тұспа-тұс келген Қазақстандағы билік транзитін халық жақсылыққа балап, жаңа жылмен басталған жаңа кезеңге үлкен үмітпен қарады. Мемлекеттің іргесін бекітіп, еңсесін тіктеуіне ересен еңбек сіңірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда сағат 19.00-де мәлімдеме жасап, Қазақстан Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөнінде шешімін жариялады. Тәуелсіз ел тарихындағы тағдыршешті бұл қадам Қазақстанның жаңа даму бағдарын айқындаған өте жауапты кезеңге жол ашты.
19 Наурыз, 2020
Бір күндік еңбекақыларын аударды
Мәжілісмендер бір күндік еңбекақыларын коронавирусқа қарсы күреске аударды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
19 Наурыз, 2020
Тұтас түркіні тағылымға шақырған тұлға
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік сын-тегеуріндердің алдын алып, халықты кемел келешекке бастауы бізге қазақстандық даму жолының іргетасын бекемдеуге мүмкіндік берді. Елімізде тұңғыш рет стратегиялық жоспарлау нәтижесі енгізіліп, этносаралық және конфессияаралық келісімнің ерекше моделі қалыптасты және қаржы жүйесі өзгертілді.
19 Наурыз, 2020
Қазақ халқы Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсады. Сол үшін күресті. Осы бір игі арман, ұлы мақсатына бағытталар үміті мен сенімінен айныған жоқ. Аллаға шүкір, үздіге күткен үмітіміз ақталды. Аңсаған асыл арманымыз орындалды. Қайғысыз, қасіретсіз Тәуелсіздігіміз өз қолымызға тиді.
19 Наурыз, 2020
2019 жылдың 19 наурызы Қазақстан халқы мен барша әлемдік қоғамдастық өміріне аса бір маңызды және есте қаларлық күн болып енді.
19 Наурыз, 2020
Коронавируске байланысты карантин режімін енгізу жөнінде шешім қабылданысымен халық арасында дүрбелең, әртүрлі алыпқашпа әңгіме көбейді. Осыған орай тұрғындарға қажетті ақпараттарды ұсынамыз.
19 Наурыз, 2020
Салық төлеушілерге жеңілдік жасалады
Елімізде төтенше жағдай енгізілгеніне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге бірқатар мемлекеттік қолдау көрсетпек. Қолдау шаралары инвестициялық салықтық артықшылықтар, арнайы экономикалық аймақтар, арнайы салықтық режімдер арқылы жасалады.
19 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 36-ға жетті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.
19 Наурыз, 2020
Карантин – шектеу, коменданттық уақыт – тыйым салу
19 науыз күні түнгі сағат 00.00-ден бастап, еліміздің екі үлкен шаһары – Нұрсұлтан мен Алматы карантинге жабылады. Бүкіл бір қаланы жабу тәуелсіз мемлекеттің тарихында болмапты. Сондықтан болар, мұндай төтенше жағдайды түсінбей, дал болып жүргендер көп.
18 Наурыз, 2020
«Egemen Qazaqstan» ұжымы коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды
«Egemen Qazaqstan» газетінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударды.
18 Наурыз, 2020