Редакция таңдауы
"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізілді
Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағытына енгізілген түзетулерге сәйкес, микро және шағын бизнес те бағдарламаға салалық шектеусіз қатыса алады. Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Қыркүйек, 2020
Таразда Елбасы тапсырмасымен монумент бой көтерді
Соңғы жылдары Тараз қаласында бірқатар саябақ салынып, түрлі ескерткіштер бой көтеруде. Мұның бәрі екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһар сәулетін арттыруға үлес қосуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Таразда "Қазақ халқына мың алғыс" монументі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Өнер академиясының ректоры онлайн есеп берді
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Абдуалиев көпшілік алдында есеп беру кездесуін онлайн режімде өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Қыркүйек, 2020
Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Алматыдағы Алмалы аудандық сотының мәліметінше, Ж.Ертаевтың барлық мүлкі тәркілененіп алынған, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Қыркүйек, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырған 95 адамның жағдайы нашар
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Ажар Ғинаят Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық мекемені аралап шықты
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Қарағанды облысындағы бірқатар медициналық нысанды аралап, коронавирустың екінші толқынына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қыркүйек, 2020
Ақтөбе облысында кәсіп ашқысы келгендер 140 миллион теңгеге қайтарымсыз грант алды
Жеке кәсіптерін ашуға ықыласты болғанымен, айналымға жіберетін қаржысы жоқ ақтөбелік бір топ азамат "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 140 миллион теңге сомасында қайтарымсыз грант алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Өткен тәулікте пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Елімізде өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониямен 228 адам ауырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Елімізде тағы 79 адам індет жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 79 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Өткен тәулікте 104 адам індеттен айықты
Қазақстанда өткен тәулікте 104 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2020
Тарихы терең, шежіресі сан тарапты халқымыздың дәстүрі мен үлгі-өнегесі мол. Халқымыздың әрбір ырым-тыйымы мен жөн-жоралғысының астарында мән-мағына бар. Себебі ол ғасырлардан тамыр тартқан тектік қасиетімізде жатыр. Солардың бірі – бүгінде ұмытыла бастаған «Кіндік шеше» ұғымы.
24 Қыркүйек, 2020
Экотуризм: Кәсіпкерлер жүйелі іс-қимыл ұсынды
Әлемді шарпыған коронавирус індеті салдарынан шекаралардың жабылуы мен шектеулер жағдайында отандық демалыс орындарына сұраныс артқаны белгілі. Демалушылар санының артуына қарай әлеуметтік желілерде қоқыс үйінділер түсірілген суреттерден көз сүрінеді. Жуырда осы мәселеге орай «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында сала мамандарының қатысуымен арнайы жиын өтті.
24 Қыркүйек, 2020
Екі бірдей кинофестивальға қатысады
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» атты жаңа көркем фильмнің әлемдік тұсаукесері Орталық және Шығыс Еуропаның ең беделді фестивальдарының бірі – 36-шы халықаралық Варшава кинофестивалінің (WFF) негізгі байқауы шеңберінде өтеді. Бұл туралы кинотуындының креатив продюсері Юлия Ким хабарлады.
24 Қыркүйек, 2020
«Абылай ханның қара жолы» кітабы жақында Көкшетау қаласында «Мир печати» баспасынан 500 данамен басылып шықты.
24 Қыркүйек, 2020
Жазықсыз жазаланғандарды ақтайтыны қуантады
Менің атам «Алашордаға» мүше болған жан еді. Омбыда «Алашорда» қайраткерлері ашқан мұғалімдер даярлайтын мектепте оқыпты. Бейнетқор ауданындағы бесінші ауылда мұғалім болған екен. Кейін алашордалықтардың бәрі қуғындалғанда біреудің көрсетуімен атам да ұсталып, айдауға кеткен. Әжемнің айтуына қарағанда, 10 жылға айдалған, бірақ содан атам оралмаған.
24 Қыркүйек, 2020
Астықты ауыспалы егісте өсіру ерекшеліктері
Тамыз айының соңында А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ауыспалы егістерді зерттейтін көпжылдық далалық стационарында күздік қара бидай мен күздік бидай дақылдары аңыздық танапта Amazone компаниясының ДМС тұқымсепкішімен тікелей себілді.
24 Қыркүйек, 2020
18 қаржы пирамидасы әшкереленді
Биыл Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты 37 қылмыстық іс қозғалып, 18 ұйымның заңсыз қызметі әшкереленді. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Ерден Жұма айтты.
24 Қыркүйек, 2020
Ақын аудармасындағы артықшылықтар
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» – бұл Абай жасаған аударма. Авторы бұрын Лермонтов саналып, кейін Крылов деп түзетіліпті. Ал интернеттен қарасам, «слова Р. Левенштейна, перевод с немецкого В.Крылова» деп жүр.
24 Қыркүйек, 2020
Желілердің тозуы төмендеп келеді
Моноқалалардағы негізгі өзекті мәселе – инженерлік инфрақұрылымдардың тозуы. 2012 жылдан бастап желілердің тозуын төмендету үшін 66 млрд теңгеге 675 жоба жүзеге асырылды.
24 Қыркүйек, 2020
Отбасындағы әлімжеттікті болдырмау маңызды
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен жалпы отырыста бірқатар заң жобалары қаралды. Депутаттар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын бірауыздан мақұлдады.
24 Қыркүйек, 2020