Редакция таңдауы
Өңірдегі бірқатар азамат «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, сыйлық бес аталым бойынша лайықты кандидаттарға берілді.
21 Қазан, 2019
Шетелдік студенттерге құрмет көрсетілді
Жуырда Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесінің ғимаратында Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы филиалының ұйымдастыруымен М.Қозыбаев атындағы университеттің «Foundation» (негіз) факультетінде оқып жатқан шетелдік студенттермен кездесу болды. Олар қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін дайындық курсынан өтіп жатыр.
21 Қазан, 2019
Қара жолға түскен із көп. Бір іздің үстін бір із таптап жатыр. Жүректегі қайрат, жанардағы үміт әркімді әр саққа жетелейді. Діттегеніне біреу жетер, біреу жетпес. Әлімсақтан заңдылық – осы.
21 Қазан, 2019
Биометриялық төлем жүйесі де жақын
Елордада «Астана LRT» ЖШС Face pay биометриялық мәліметтер арқылы жолақы төлеудің жаңа тәсілі туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Шара барысында жаңа төлем жүйесінің ерекшеліктері айтылды.
21 Қазан, 2019
Робот-техника үйірмелері қажет пе?
Соңғы жылдары елімізде балаларға арналған түрлі үйірмелердің саны көбейіп кетті. Олардың арасында мектеп оқушыларына робот-техникасын үйрететін сабақтар аса танымал. Бүгінгі жастарға бұл саланы мектеп қабырғасынан бастап меңгеру неліктен маңызды? Ата-ана баласын робот-техника үйірмесіне беру туралы ойлануы керек пе?
21 Қазан, 2019
Газ келсе, жылу тарифтері өзгере ме?
Қоңыр күздің мизам шуағы өтіп, кезекті жылу маусымы басталды. «Қыстың қамын жаз ойла» деп халқымыз бекер айтпаған. Қар түспес бұрын коммуналдық қызметтер жылу нысандарын тексеріп, дайындық жұмыстарын пысықтайтыны мәлім. Орайлы сәтті пайдаланып, бас шаһардың биылғы науқанға әзірлігін біліп қайттық. Жақында, елорданы көгілдір отынмен қамтуға бағытталған «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды. Бірақ жылудың бұл балама түрі тұрғындар үшін қымбатқа түспей ме?
21 Қазан, 2019
Жаңа әлеуметтік көмек:Ой. Пікір. Ұсыныс
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған жаңа заң жобасына сәйкес келесі жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудың тәртібі өзгереді. Әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық көп балалы отбасыларға жәрдемақы беріліп, тұрмысы төмен көп балалы отбасындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама қарастырылады. Қоғамда әлеуметтік қолдаудың жаңа түрі туралы айтылып жатқан пікірлер – әртүрлі. Оның қандай артықшылықтары мен олқылықтары бар? Осы сауал төңірегінде бірнеше маманмен сөйлестік.
21 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда республикалық ақындар айтысы өтті
Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Nur Otan» партиясының тікелей қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додаға Еркебұлан Қайназар, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Серікзат Дүйсенғазы сияқты танымал ақындар бастаған он алты айтыскер қатысып, бақ сынады.
20 Қазан, 2019
Мырзатай Жолдасбековтың жаңа туындыларының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен танымал ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың «Ұлы Дала әдебиеті» кітабының және «Қорқыт Ата кітабы» аудармасының таныстыру рәсімі өтті. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
Қазақстандықтар өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін тексере алады
Енді қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін біле алады. Бұл сервис imei.rfs.gov.kz/checkiin/ сілтемесі бойынша қолжетімді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
Үкіметте зейнетақы мәселелері талқыланды
Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
Көпбалалы отбасылар жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының болжамы бойынша 4 немесе одан көп баласы бар 340,3 мың отбасы көпбалалы болуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы енгізілгеннен бастап Қазақстандағы көпбалалы отбасылар санының артуына байланысты алушылар саны да артуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
«Қаражат бар, нәтиже жоқ» — Б.Сапарбаев «Еңбек» бағдарламасының орындалуын сынға алды
Бейсенбі күні Үкімет үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Еңбек» өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын осы жылдың 9 айында іске асыру қорытындылары бойынша селекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
18 Қазан, 2019
Теңдессіз шеберлер текетіресі: Новак Джокович пен Рафаель Надаль Нұр-Сұлтанда кездесу өткізеді
Алдағы бейсенбі күні, яғни 24 қазанда әлемдік теннис спортының жұлдыздары сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаель Надаль Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Арена» спорт сарайында қайырымдылық кездесуін өткізеді.
18 Қазан, 2019
Орынша ҚАРАБАЛИНА: Әрбір күніміз бақытқа толы болды
Замана құбылып, саясат жүз жерден өзгерсе де ұлттың бұлжымайтын құндылықтары бар. Ұстараның жүзіндей осы жолда арына қылау түсірмей өткен тұлғаның бірі – мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімжан Қазыбаев еді. Ұлт перзенті Әбіш Кекілбаев: «Мамыражай, жайма-шуақ, кеңпейіл Кәкімжан аға ызғарлы кезеңдерден кейінгі рухани тоңды жібітуде ерекше қайраттылық танытты. Әдебиетімізде, қоғамдық ойымызда, әлеуметтік көңіл күйімізде өшпес із қалдырды» деп түйіндеген тұғыры биік тұлға еді. Осындай абыройлы азаматқа адал жар болған, «халық жауы» атанған Ұзақбай Құлымбетовтің қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлағатты ұстаз Орынша ҚАРАБАЛИНА апайдың абзал ағамыз жайлы әңгімесі әркімді тебірентері анық.
18 Қазан, 2019
Көздері ғаріп болғанмен, көңілдері жарық
Әйгілі Борхес «Маған жұмақтың өзі кітапхана түрінде елестейді» деп жазыпты. Эразм Роттердамский болса: «Менің кітапханам қайда болса, отаным да сол жерде» деген. Ал оралдық Темірғали Жұмағалиев кітапхананы – шетсіз-шексіз ілім-біліммен, үлкен әлеммен жалғап тұрған аспалы көпірдей көреді.
18 Қазан, 2019
Әдебиеттің салқар көшіне ілесіп, таланты мен қабілетін қаламына қатар түсірген жазушы бағзыдан бері қанша уақыт сарқылса да есті оқырманның ойында һәм жүрегінде қалады. Бұл хат танитын бәріміздің іштей ғана біліп, мойындайтын шындығымыз. Бір-бірінің көңілін тапқан оқырман мен автор да табиғаттары тым бөлек жандар емес. Оған дәлел: қазақтың бұрынғы баба, би тілінің құнарын сақтап қалған жазушының бірегейі, қара сөзден құйын тұрғызған Рахымжан Отарбаевты оқушылардың дені рухты һәм мінезді келеді. Әлқисса, «шағын әңгімелерінде үлкен ой айта алатын кесек жазушы» Рахымжан Отарбаев творчествосынан игі бір істің cүйінші хабарын құлағымыз шалды.
18 Қазан, 2019
Мұхамеджан ұстаз тұтқан Барлыбек
Алаш арыстарын тану – сол заманның өзінен басталған екен. Аймүйіз қайраткерлердің бір-біріне жазған хаттары, бір-біріне деген құрметі мен лебізі, тіпті қайтыс болғанда қайғырып жазған мұнаһибтары да ерекше. Өмірде бірін-бірі құрметтеп, аға мен іні, ұстаз бен шәкірт болып өткен жандар – Барлыбек Сырттанұлы мен Мұхамеджан Тынышбайұлы еді.
18 Қазан, 2019
Сананың жаңғыруы дамуды тура жолға бағыттайды
Семинар-тренинг Еуразия интеграциялық институты мен облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Оған университеттер ғалымдары мен жергілікті зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір белсенділері мен саяси партиялар филиалдарының жетекшілері қатысты.
18 Қазан, 2019