Редакция таңдауы
Қаржы қызметін тұтынатындарды қорғайтын платформа: Алматыда АХҚО қаржы форумы өтті
«Астана» ХҚО халықаралық инвесторлар апталығы аясында Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп қаржы форумын өткізді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пен АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов қатысқан форумға шаһардың іскер топтары жиналды.
09 Қазан, 2019
Семейдің кешенді жоспары іске асырылады
Семей қаласына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин қала активімен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Абайдың 175 жылдығын атап өтуге дайындық жөнінде кеңес өткізді.
09 Қазан, 2019
Қазіргі таңда өмір сүру салтымызға тікелей байланысты дерттің қатарында асқазан мен ішектің қабынулары да бар. Бұл дертке шалдығуға генетикалық бейімділік қана емес, асығыс-үсігіс, жүре тамақтану, темекі шегу, антибиотиктерді бақылаусыз қабылдау сынды себептер түрткі болып тұр.
09 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева БҚО-да бірқатар кездесу өткізді
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен және Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қазан, 2019
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Теннің турнирі өтеді
10-13 қаңтар аралығында Алматыда Сочи Олимпиадасы мен әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада мен Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тенді еске түсіруге арналған халықаралық турнир өтеді.
08 Қазан, 2019
Әзербайжан Президенті Бағдад Әміреевті қабылдады
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреевті қабылдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қазан, 2019
Қазақстандықтарды электронды темекіден бас тартуға шақырды
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы АҚШ-тағы эпидемияға байланысты қазақстандықтарға вейпингтан бас тартуды ұсынды. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева Ақтөбеде қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Nur Otan партиясының облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдады және аймақтағы қоғамдық ұйым өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
08 Қазан, 2019
Адамзаттың асыл перзенттерінің бірі, түрік әлемінің биік шынары, киелі қазақ халқының текті ұлы, сұңғыла сөз зергері, қазақ әдебиетінің бәйтерегі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дара тұлға абызымыз Әбіш ағаның құйрықты жұлдыздай ағып дүние салғанына да біраз жыл өтіпті.
08 Қазан, 2019
Құм көшкінін сексеуіл тоқтатады
«Тілсіз жауға жаланған, төтеп беріп кеште бұл. Жолды сақтап бораннан, қалды қалың сексеуіл» деген Сырбай Мәуленовтің ғажап жырына арқау болған сексеуіл әзелден құм суырған даладағы жолдың сорабын сақтауға қызмет етіп келе жатқан қайсар өсімдік. Кейінгі кезде пайдалануға берілген «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының да құм түтіп жейтін шөлейтті учаскелеріне Аралды құтқару қорымен бірге осы бір өсімтал ағашты егу жоспарланып отыр екен. Бұл асфальт жабындысын күннің ыстығы мен тұзды шаң-тозаңның қонуынан, құм көшінен сақтайтын көрінеді.
08 Қазан, 2019
Басты байлығымызды бағалай білейік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі бүгінгі таңда аса өзекті болып отырғаны айтылды.
08 Қазан, 2019
Алматы Шерхан Мұртазаны еске алды
Алматыда халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Отан» орденінің иегері Шерхан Мұртазаның дүниеден өткеніне жыл толуына байланысты бірқатар шаралар шеруі ұйымдастырылды.
07 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы күндері қазақстандықтардың өміріне оң өзгеріс әкелетініне сенім зор. Ел Президенті өз Жолдауында Қазақстанда «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» деген ұғым өз мағынасына толық сай болу қажеттігін қадап айта отырып, оған бастар негізгі жолдарды нақты көрсетті.
07 Қазан, 2019
Басқа басылымдардан: Алқалы жиын Шығыс тақырыбына арналды
Ресейдің Сочи қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Валдай» халықаралық пікірталас клубының ХVІ пленарлық сессиясы әлемдік БАҚ назарынан тыс қалған жоқ. Әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналған төрт күндік шара көптеген халықаралық сарапшылар мен БАҚ өкілдерінің жіті бақылауында болды.
07 Қазан, 2019
Перу халқы президентті қолдайды
Өткен аптада Перу президенті Мартин Вискара республика Конгресін тарататынын мәлімдеген болатын. Мұндай шешімге ел депутаттарының Мемлекет басшысының конституциялық сот реформасын қабылдамауы себеп болды.
07 Қазан, 2019
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап шеттегі қандастарымызға сауын айтып, оларды атамекенге қоныс аударуға шақырды. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға миллионнан астам қандасымыз көшіп келді.
07 Қазан, 2019
Медициналық сақтандыру – алға қадам басу
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында арнайы тоқталып, мемлекет тарапынан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталатынын, оны қаржыландыруға келесі үш жыл ішінде 2,8 трлн-нан астам теңге бағытталатынын айтқан болатын. Медициналық сақтандыру қоры – тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы. Қор халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді Үкімет бекіткен тәртіп бойынша сатып алады. Мемлекеттік тапсырыс аясында елордалықтарға медициналық қызмет көрсету үшін биыл 95 медициналық ұйым Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалымен келісімшартқа отырған. Солардың бірі – Қазақ көз аурулары ҒЗИ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы. Қазір адамдардың көпшілігінің жұмысы компьютермен байланысты. Жұмыстан үйге келгенде тағы да теледидар алдында тынығамыз. Көзіміз күні бойы дамыл таппайды. Тіпті заманауи деген экранның өзі көзге зиян екені белгілі. Сондықтан көздің көру қабілетін сақтау жалпы адамзатқа ортақ мәселе боп отыр. «Көз жанарын күте аламыз ба? Көз сырқаттарынан тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытылы қолдану арқылы толық жазылуға бола ма, әлде ота жасау арқылы емделе ме? Медициналық сақтандыру жүйесінен не күтеді?» Осы және өзге де сауалдарға Көз аурулары ҒЗИ Астана қалалық филиалының директоры, жоғары санатты офтальмолог-хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Әйгерім ТӨЛЕТОВА жауап берді.
07 Қазан, 2019
Жатақханадағы жайлылыққа қол жетпей жүр
Оқу жылы басталғалы да бір айдың жүзі ауды. Қалаға келген студенттер жатақхана мен пәтерлерге орналасып болды. Олардың бірқатары студенттік жатақханаларды қолай көрсе, екіншілері пәтер жалдап тұруды жөн санайды. Құны шарықтап тұрған пәтерлерді жалдауға әлі де болса жатақханалардағы орындардың жеткіліксіздігі мен кейбір жастардың үй жағдайында өмір сүруді қалауы себеп.
07 Қазан, 2019
Солтүстіктегі теріс сальдо немесе көрші елге қоныс аударушылар неге көп?
Петропавл қаласы бүгінде көп өзгерген. Орталық көшелердегі ескі үйлердің бәрі сүріліп, жаңадан биік, әсем үйлер тұрғызылған көрікті мекенге айналды. Сауда орындары да жетерлік. Кейбір қалтарыстағы көшелерде қызыл кірпішпен қапталып, бой көтерген жер үйлер көздің жауын алады.
07 Қазан, 2019
Федерацияға жаңа басшы сайланды
Өткен сенбі күні Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде республикалық «Qazaq kuresi» федерациясының жылдық есеп беру конференциясы өтті.
07 Қазан, 2019