Редакция таңдауы
Қарттарға қамқорлық – қоғам парызы
1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі қоғамға Үндеу жариялап, «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік!» айлық акциясына қатысуға шақырады.
26 Қыркүйек, 2024
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Siemens» серіктестігі нығайып келеді
«Siemens» – Қазақстан нарығына шыққан алғашқы неміс компанияларының бірі. Осы уақыт ішінде ол республиканың технологиялық дамуына өз үлесін қосып үлгерді. Жақында «Самұрық-Қазына» қоры серіктестіктің жалғасы ретінде екі жаңа құжатқа қол қойды.
26 Қыркүйек, 2024
Лувр музейімен ортақ жобалар басталады
Астанада Ұлттық музейдің 10 жылдығына арналған Қазақстан музей конгресі өтті. Жиынға 12 елден 100-ден аса зерттеуші мен музей қызметкері қатысты. Ауқымды іс-шара аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Лувр музейінің Ислам өнері департаментінің директоры Сурая Нуджайыммен, Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді.
26 Қыркүйек, 2024
Маңғыстау – стратегиялық маңызды өңір
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетімен танысты. Ақтау, Құрық теңіз порттарында болып, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағын дамыту перспективалары қаралды.
26 Қыркүйек, 2024
«Масс-медиа туралы» заңға ерекше мәртебе берілді
Медиа сауаттылық бағытында министрлік тарапынан 2021 жылдан бері кешенді жұмыс атқарылып келеді. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе «Медиа және қаржылық сауаттылық» пәні оқу бағдарламасына енгізілді. Яғни мектептерде 5-11 сынып оқушыларына жаһандық деңгейдегі мәселенің курстары оқытылып жатыр.
26 Қыркүйек, 2024
Ғылыми байланыстың жаңа кезеңі
Ғылым академияларының халықаралық қауымдастығы кеңесінің 37-мәжілісі өтті. Осы жолы Ресей Ғылым академиясының 300 жылдығына арналған Мәскеудегі іс-шараға Ресей, Қытай, Қазақстан, Беларусь, Армения, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Черногория, Әзербайжан, Куба елдерінің Ұлттық ғылым академиясының өкілдері қатысты.
26 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл елімізде егіс және егін жинау жұмыстарына 580 млрд теңге көлемінде рекордтық қаржы бөлінді. Бұған қоса ауыл шаруашылығы техникасын лизингке сатып алуға бағытталған сома да бес есе ұлғайтылды. Біздің аймақтың егіс алқабындағы жұмыстар да бірер күнде саябырсығалы тұр.
26 Қыркүйек, 2024
Жарыстар күнделігі: Ауыр атлетика: Едіге – әлем чемпионы!
Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ел сенімін арқалап барған саңлақтарымыз әзірге 1 алтын, 1 қола медаль олжалады.
26 Қыркүйек, 2024
Тағдыр маған халқымыздың біртуар ұлдарымен жақын болуды нәсіп етті. Қарағанды университетінде оқып жүргенімде академик Евней Бөкетов өзіне өте жақын тартты. Студент кезімде Ебекеңнің үйінде Әлкей Марғұлан, Ғабит Мүсірепов, Нұртас Оңдасынов сынды еліміздің аяулы перзенттерімен танысу, әңгімелерін тыңдау, сұхбаттасу бақытына ие болдым. Кейде мұнда қарағандылық ақсақал Жайық Бектұров пен облыстық газетінің жауапты хатшысы Ақселеу Сейдімбек те келіп тұратын. Алайда Ахаңмен қоян-қолтық араласуым елде емес, кейін Алматыда жалғасты.
25 Қыркүйек, 2024
АЭС: Экологияны қорғауға басымдық беріледі
Сенатор Сергей Карплюк Қостанай облысындағы Қарабалық ауылына барып, аудандық аурухана ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2024
Астанада бейбіт атомның «қуаты» мен экологиялық тазалығы көрсетілді
Бүгін Астананың орталық саябағында атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығының өкілдері бейбіт атомның тиімділігін көрсетуге арналған шағын сәулеттік нысанды орнатты. Іс-шара 28 қыркүйекте аталып өтетін Атом саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2024
Елордада Astana Media Week-2024 апталығы басталды
Бүгін елордада Astana Media Week-2024 апталығы басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған дәстүрлі іс-шара биыл да шымылдығын түрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2024
ҰҚК төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
25 Қыркүйек, 2024
Тапшылықты жоюдың бірегей тетігі
Ресей, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Кореяда оқып, білімімді жетілдіріп жүріп байқағаным – бізде техникалық кадр тапшылығы қатты байқалады. Бұл ойым қазір қоғамды толғандырып тұрған атом электр стансасы құрылысы тақырыбымен де сабақтасып жатыр. Олай дейтінім – елде атом энергетикасын қолдану ең бірінші кезекте білікті мамандардың көмегімен ғана жүзеге асырылады. Олардың басым бөлігі, әрине, өзіміздің мамандар болуы керек.
25 Қыркүйек, 2024
Әлем елдері атом энергетикасына бет бұрып жатыр. Көрші Өзбекстан да бір шешімге келіп, ресейлік технологиямен атом электр стансасын салатын болды. Себебі қажетті энергиясының 80 пайыздан астамын газдан өндіріп отырған көрші ел газ тапшылығына ұрынған соң, ең сенімді әрі қауіпсіз энергия көзі ретінде АЭС-ті таңдады.
25 Қыркүйек, 2024
Кейінгі бес жыл бедеріндегі технологиялық жетістіктер көп нәрсенің маңызын елеусіз етіп өте шықты. Әсіресе сауда үйлерінің кіре берісінде тұратын абажадай терминалдар күннен күнге «көзі тірі жәдігерге» айналып бара жатыр. Төлем терминалы деп аталатын бұл құрылғылармен қазір ешкім коммуналдық ақы төлемейді, ақша аудармайды, телефон шотын да толықтырмайды. Соңғы кезде қолдың басындай POS-терминалдар да «аға буынның» жолын құшқандай.
25 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, рухани-мәдени өркендеуін, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты қамтыған батыл бастамаларға толы болды.
25 Қыркүйек, 2024
Сутегі атом бомбасын ойлап табушылардың бірі Андрей Сахаров кейін өз ісіне өзі өкініп, диссиденттік қозғалыстың көсеміне айналды. Ол кезде атом бомбасын жасағандар ерекше мәртебеге ие болған. Көбінің аты-жөні мемлекеттік құпияға айналған. Тоталитарлық қоғамда физиктер мемлекеттің ерекше ілтипат-құрметіне бөленеді. Лириктер болса қуғында болды. Евгений Евтушенко, Андрей Вознесенскийлердің антисоветтік өлеңдері саяси бюроның шамына тие бастаған. Баспасөзде бұл ақындардың аты-жөнін атауға ЦК-ның арнайы рұқсаты керек болған...
25 Қыркүйек, 2024
«The New York Times»: Әуезовке қазанама қалай берілді?
Сонымен, сіз Вашингтон қаласындағы үлкен кітапхананың бірі – Гельман кітапханасында отырсыз. Жай отырмай, АҚШ сынды алпауыт елдің газеті мен журналы қалай шығады екен, олар нені жазып, оқырманына қандай рухани азық береді екен деген сұрақтарға жауап іздейсіз. Әдеттегідей, алып Америкада маңызды да кең таралатын газеттің бірі – «The New York Times». Осы газеттің бұрынғы сандарын парақтап отырып, «ішінде Қазақ, Қазақстан туралы не бар екен?» деген ой да мазалағаны рас.
25 Қыркүйек, 2024
Еліміздің шығысындағы Зайсанға сонау 60-жылдары мемлекет басшысы Д.Қонаев сапармен келгенде тау етегіндегі жасыл желекті, көшедегі арықтарда сарқырап ағып жатқан суды, қалаға ерекше көрік беріп тұрған Сауыр, Сайқан тауларын көргенде сүйсініп, «қалаларыңыз Алматының макеті сияқты» деген екен. Ол ол ма, өңірде мұнай мен газ, басқа да табиғи байлықтар жатыр. Міне, он жылдан асты, аудан елді мекендеріне газ тартылған. Ауылдарға апаратын жолдарға асфальт төселген, автобустар қатынайды. Қысқасы, Зайсан көркейіп, жаңарып, жасарып келеді.
25 Қыркүйек, 2024