Редакция таңдауы
Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен азаматтық ұйымдар өкілдерінің басын қосқан Халық штабы құрылды. Бүгінде әр өңірде Президент идеясының мәні мен маңызын талқылау қарқынды жүргізіліп жатыр.
24 Қыркүйек, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге 2 576 үй салынды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен ел азаматтарына арналған 2 576 үйдің құрылысы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қыркүйек, 2024
Тұлға ретінде танылып, аты аңызға айналған асқақ бейнесі ғасырлар бойы ел жадында сақталып келе жатқан, елім, жерім деп еңіреген ерлердің бірегейі – Шоштан Шегедекұлы.
24 Қыркүйек, 2024
Жақсылардың ізіндей киелі шаңырақ
Құрылғанына 120 жыл толған Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі – еліміздегі педагог кадрларды даярлаған тұңғыш оқу орны. Ашылғаннан бастап, білім беру саласына сапалы маман даярлап келе жатқан іргелі оқу ордасы – көненің көзіндей шежірелі, жақсылардың ізіндей киелі шаңырақ.
24 Қыркүйек, 2024
Айналасын алабота басқан, азынаған желдің өтіндегі қалаға кезінде «Ақмола төңірегі қолайсыз, балшық пен батпаққа орман өспейді» деп сәуегейлік жасағандар қателескенін дәлелдеуге аса көп уақыт қажет болған жоқ. Бүгінде Астана айналасындағы жасыл белдеудің аумағы 100 мың гектарға жетті. «Орманы бардың қорғаны бар» дейді халқымыз. Шаһар ауасының тазалығын қамтып, ыстықта сая, суықта пана болып тұрған орман – бүгінде бас қаланың қорғаны. Енді тек қаланың сырты ғана емес, іші де жасыл желекке айналып келеді.
24 Қыркүйек, 2024
Жұртшылыққа таныстырылған ата тарих
Өткен апта соңында Астана төрінде Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Ұлттық архиві» мен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мекемелері бірлесіп, «Архив және болашақ ұрпақ» атты республикалық жоба аясында Ашық есік күнін өткізді.
24 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Орман қорғаушы жасанды интеллект
Ұлыбритания ғалымдары ормандағы өртті хабарлайтын құрылғы жасады. Тың технология қиядағыны байқап, от шықса, шұғыл дабыл қағады.
24 Қыркүйек, 2024
Қазақ садағы қарапайым екі бөліктен тұрады. Біріншісі, яғни ағаш немесе сүйектен жасалатын, ататын бөлігі садақ немесе жақ деп аталады. Ал шірей тартып, садақтың оғын ұшыратын керме бауды адырна деп атайды. Ал садақтың иілмелі, серіппелі бөлігін екі иіні (жоғары және төменгі) деп атаса, адырнаның екі ұшы байланатын арнайы қаданы сұғын немесе сұқ (жоғары және төменгі) дейді.
24 Қыркүйек, 2024
Ермек Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Қыркүйек, 2024
ҰҚК төрағасының екі орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
23 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған. Алайда тұрғын үйлерге жылу қашан қосылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қыркүйек, 2024
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына екі жолбарыс жеткізілді
Қазақстан үкіметі елде жолбарысты қайта енгізу жұмыстарының басталғанын ресми түрде жариялады. WWF пен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында екі амур жолбарысы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Нидерландтағы «Святого льва» жабайы жануарларды сақтау орталығынан (Stichting Leeuw) жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қыркүйек, 2024
Шахмат: Қазақ қыздары тарихи жүлдеге қол жеткізді
Қазақстан әйелдер құрамасы Будапештте өтіп жатқан 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қыркүйек, 2024
Бұрын туризм дегенде бірден жағажай, теңіз маңындағы курортты аймақтар еске түссе, кейінгі жылдары, әсіресе пандемиядан соң әлем халықтарының қызығушылығы туризмнің басқа түрлеріне ауа бастады. Бұрын естімеген, естісе де бармаған сыры бүгулі жатқан жұмбақ өлкелер тартымды бола бастады. Басқаны айтпағанда, ел азаматтар да қаладан жерінгенде қыз-қыз қайнаған тіршіліктен жырақ, жазыққа, адам қарасы аз табиғат аясына шығуды дұрыс көреді.
21 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Түрлі-түсті ауыл
Тайванда Тайчунь деген ауыл бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын сол ауылды билігі бұзбақ болады. Бұл жаңалыққа күллі ғұмырын сонда өткізген Хуан Юн-Фу наразылығын өзгеше тәсілмен жеткізген.
21 Қыркүйек, 2024
Тентектіктің теориясы жоқ. Жүре келе жұғатын емес, туа сала тұнатын бұл мінезді ақын қауымының арқалап жүретіні бар. Буырқанып, бұрсанған бойындағы бұла күш ақылдың арнасына түссе, қаламынан күркіреген жыр туады. Алайда ақын өлеңді ешкімге де соқтықпай, момын қалпында жазса да болады емес пе? Орыс ақыны Сергей Есенин бұған былай деп жауап береді: «Жасырмаймын, тентек болған шығармын, жарқынырақ жану үшін мен, бәлкім». Қазақтың да Есенин секілді ақ сары жүзді ақыны бар. Ол өзінің асаулығын былай деп түсіндіреді: «Пәтуалы ақсақалы аз елде, мен еріксіз «Сары тентек» атандым». Біздің бүгінгі әңгімеміз қазақтың «сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтов хақында болмақ.
20 Қыркүйек, 2024
Біздің кейіпкеріміз аласапыран ғасырдың қойнауында өмірге келді. Сондықтан да болар, ақын мінезі кемерінен асқан бұрқасынға, кейде тыныш түнгі теңізге ұқсайды. Еркіндікке ұмтылған, қамаулар қапталынан иен далаға көз қадаған бұғы секілді елестейтіні де бар.
20 Қыркүйек, 2024
Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты ертеде балгерлер мен бақсылар қолданған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қоса қолданатын болған. Олар асатаяқты ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әртүрлі сылдыр-күлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақ, сақина, шығыршық тағылады. Асатаяқ туралы Шоқан Уәлиханов пен белгілі зерттеуші Болат Сарыбаевтың еңбектерінде жазылған.
20 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: Елімізге энергияның орнықты балама көзі қажет
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 Қыркүйек, 2024
Бизнеске 12,6 трлн теңге керек
Алматыда өткен дәстүрлі FCBK халықаралық конференциясында бизнесті әртараптандыру мүмкіндіктері, деректер базасының деңгейін көтеру қажеттігі талқыланды. Осы жиынды ұйымдастырып отырған Бірінші несие бюросы базасында деректер хабын құру туралы да сөз болды.
20 Қыркүйек, 2024