Редакция таңдауы
Жаһанды қызықтырған жасанды интеллектінің қарқыны күннен-күнге күшейіп келеді. Сұрағаныңды лезде тауып беретін, мәтін жазудың қыр-сырын мейлінше меңгерген, тіпті жарамсыз деген шығарманың өзін бар қатесінен арылтып, мінсіз қалыпқа түсіре алатын бағдарламалар халықтың қажетіне жарап-ақ тұр. Бір қынжылтатыны, жасанды зерде қазақ тіліне әлі де шорқақтау. Дегенмен ізденіс бар. Мәселен, Назарбаев университеті жанындағы ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) қазақ тілінің ауқымды моделін (LLM) дайындап жатыр. Бұны ChatGPT-дің қазақша баламасы десек те болады. Аталған жоба елімізде және Орталық Азияда жасанды интеллект мүмкіндіктерін дамытуға арналған.
23 Шілде, 2024
Табандылық теоремасы. Күні кеше ғана еді... Бірінші курстың алғашқы апталары өтіп жатты. Жаңа ортаға сіңісіп үлгермеген кезіміз. Аудиторияда бір-бірімізге жатырқай қараймыз. Бірақ елдің әр қиырынан жиналған қаламының желі бар қатарластарымның арасынан өңі де келісті, ойы да салмақты осы бір жігіт көзіме оттай басыла берді. Орнықтылығы мен ойлылығы анадайдан білінетін оның жанының гравитациялық күші басқаларды бірінші күннен өзіне магнитше тартатынын да аңғардым. Десе де, өз басым жақынырақ танысуға дәтім бармады. Мысы басып тұратындай. Қалай болғанда да, жылына елу бала ғана қабылдайтын Қазақстандағы жалғыз факультетке әупіріммен түсіп, «тәубемді» аузымнан сағат сайын тастамай жүрген мен ғана емес, Жүкеңе елдің бәрі қызығып қарайтын.
23 Шілде, 2024
Қазір «Кім жасанды интеллектіні игерсе, сол әлемді билейді» деген тәмсіл шыққан. Цифрлық ғаламдағы сан алуан жаңалықтарды естігенде, сеніп те қаласың. Бұл термин алғаш рет 1960 жылы Америкадағы Массачусетс технологиялық институтында қолданылған. Содан бері ақырын-ақырын ғылымға қадам басып, дендеп енді. Ал дамыған мемлекеттер жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасын 2017 жылы бастап кеткен. Енді біздің ел де көштен қалмай, ілгері баспақ.
23 Шілде, 2024
Елорда төріндегі Ұлттық музей биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Соған орай «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрме мен оның аясында шыққан каталогтың тұсаукесер рәсімі өтті.
23 Шілде, 2024
30-жылдары Китіңқара тауын қиялатып, арғы беттегі егінге су шығарған Түстікбай ұстаның физика заңдылығын айналып өткені әлі күнге жұмбақ. Қазіргі технологиямен өзенді өрге ағызу былай тұрсын, жер астындағы суды ауылға тарта алмай әлекпіз.
23 Шілде, 2024
Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің жалпы экспозициясы өлкенің бай табиғаты мен көне тарихынан сыр шертеді. Музейдің орналасқан ғимараты – 1933-1934 жылдары Кеген аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Ораз Жандосовқа салынған үй.
23 Шілде, 2024
Су тасқыны: Үй салуға тартылған құрылысшылар саны 30%-ға артты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қаратөбе ауданы Қоржын ауылына барды, деп жазады Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
Қазақстанда 43 градусқа дейін күн ысиды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
Ферроқорытпа зауытындағы апат: 8 адам зардап шекті
20 шілде күні сағат таңғы төрттен аса YDD Corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ферроқорытпа зауытында №1 пештен жалын атқылады. Оттың қатты жалынынан сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
10 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа шарт бойынша қанша этникалық қазақ кандас мәртебесін алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
Алматы облысында «Қазпошта» кассирлері 84 млн теңгені қалтасына басқан
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратурасының үйлестіруімен мемлекеттік қызмет үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
Астанада автобус жолақысы қымбаттайды
Астанада қоғамдық көліктердегі жолақы қымбаттайды. Елорда әкімдігі жаңа тарифтің қашан күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды
Шавкат Рахмонов (18-0) сегізбұрышта жеңіліп көрмеген ирландиялық Иэн Мачадо Гэрридің (15-0) жекпе-жекке шақыруына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген пойыз жолға шықты
Елордадағы Нұрлы жол вокзалынан қазақтың алғашқы академик-геологы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай безендірілген жолаушылар пойызы жолға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Шілде, 2024
Пантелей Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Президент Пантелей Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Шілде, 2024
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ның күні белгіленді
20 шілдеде тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Шілде, 2024
Алматыда жол жүру ақысы қымбаттайды
Алматы қалалық мәслихаты қоғамдық көлікте жол жүру тарифінің бағасын көтеру ұсынысын мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
19 Шілде, 2024
Су тасқыны: Жол мен көпірлерді жөндеуге 22,7 млрд теңге бөлінді
Үкімет көктемгі су тасқыны салдарын жоюға және зақымдалған инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіруге төтенше резервтен қосымша 22,7 млрд теңге бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
19 Шілде, 2024
Астанада қызылша жұқтырғандар саны 12 есе өскен
Астана тұрғындары арасында вакцинамен басқарылатын инфекцияларды жұқтыру деректері көбейген. Мұның басты себебі - тұрғындардың балаларға екпе салудан бас тартуы. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
19 Шілде, 2024
Бала қауіпсіздігі бағдарламасы
Елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арнайы көмек бағдарламасы енгізіліп жатыр. Мақсат – зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға уақтылы жәрдем беру. Бастаманы Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырады.
19 Шілде, 2024