Редакция таңдауы
Қазақтың жыраулық өнерінде Бесқала жыраулық дәстүрінің орны бөлек. Қазақ халқы ертеден мекен еткен Әмудария бойындағы Шымбай, Хожелі, Қоңырат, Шаббаз (қазіргі Беруни), Көне Үргеніш қалаларын ертеде Бесқала деп атағаны тарихтан белгілі. Бұл өңір қазақтарының өзіне тән жыраулық, күйшілік, әншілік дәстүрі ғасырлар бойы қалыптасты.
29 Наурыз, 2024
Жастар әдеби клубы: алғашқы отырыста не айтылды?
Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен жаңадан құрылған жастар әдеби клубының алғашқы отырысы өтті. Рухани басқосуға еліміздің әр аймағынан келген 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Президенттің арнайы әдеби сыйлығының лауреаттары, халықаралық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпаздары қатысып, осы саладағы күрмеулі мәселелерді талқылады. Келелі ойларын да ортаға салып, түрлі ұсынысын айтты.
29 Наурыз, 2024
Ертіс бойындағы жұрт жүдемесін
Биыл Ертістің жайылмалары өзен жағалаған жұртты жарылқай ала ма? Жыл басталғалы осы бір көкейдегі сұрақ көптің мазасын қашырып тұр. Ертіске көктемгі су жіберу шаралары былтырғыдай баяу өтіп, өзен бойын жайлаған халық экономикалық тұрғыдан тағы да зардап шеге ме деген күмән жоқ емес. Мамандардың пікірінше, су жіберудің мерзімі қайта қаралып, кестесін сәл кешірек белгілеген дұрыс.
29 Наурыз, 2024
26 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында тоқтаусыз жаңбыр жауып, бір тәулік ішінде бір айлық мөлшер – 25,6 мм жауын-шашын түсті. Өңірде құрылған жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Су тасқынының алдын алу жұмысын өңір басшысы Нариман Төреғалиев өзі қадағалап отыр.
28 Наурыз, 2024
Этнограф ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық қолөнері мен мәдениетінің шырақшысы болған ұлт сардары Өзбекәлі Жәнібеков есімін иеленген Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қайраткердің құрметіне орай мемориалдық тақта ашылып, «Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» тақырыбында «Жәнібеков оқулары-1» тұңғыш рет халықаралық, ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.
28 Наурыз, 2024
Хұсейн ӘМІР-ТЕМІР: Алдымен шахтер, кейін актер болдық
«Өнерден өзге ойы жоқ». Белгілі театр сыншысы, марқұм Әшірбек Сығай кезінде режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темірдің азаматтық болмысы мен театрдағы тегеурінді еңбегіне дәл осылай баға берген екен. Дөп сөз! Өйткені қашан жолықтыра қалсаң да, әңгімесін әріден, сахна сырынан терең суыртпақтайтын сырбаз жанның өнер десе көңілі де өзгеше өрекпіп тұрады. Сексеннен асса да, сергек қалпын жоғалтпаған сахна саңлағы әлі де театрын туған баласындай өбектейді. Кездесудің сәтін көптен бері орайластыра алмай жүрген кейіпкерімізді Қызылордадан Астанаға келген сапарында арнайы іздеп барып, әсерлі әңгімесін тыңдап қайттық.
28 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Павлодар облысында үш әкім қатаң сөгіс алды
Павлодарда өткен Төтенше жағдайлар комитетінің отырысында Ақсу қаласының әкімі, Павлодар ауданы мен Тереңкөл ауданының басшылары қатаң сөгіс арқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Наурыз, 2024
Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысымен кездесті
Боао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Қазақстанда қандай жолдармен жүру қауіпті?
«ҚазАвтоЖол» АҚ төрт облыстағы республикалық маңызы бар бес жолда еріген қар суы тас жолдан асып кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
28 Наурыз, 2024
Президент Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боаоға жұмыс сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Наурыз, 2024
Премьер-министр «Петропавл», «Сергеев» су тораптарының жағдайын тексерді
Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Наурыз, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысы тұрғындарының шығыны өтеледі
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров аймақтағы су тасқынына байланысты тұрғындарды сабырға шақырып, арнайы құрылған комиссия шығындарды есептейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
28 Наурыз, 2024
Әлемге әділдік қағидаттарына негізделген жаңа сауда жүйесі керек - Тоқаев
Фискальды және ақша-несие жүйесін жетілдіру, қаржы ағындарын кеңейту, институттардың сапасын арттыру шаралары нарықтық және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруға ықпал етеді, соның нәтижесінде аталған сала анағұрлым ашық, сенімді әрі қарқынды бола түседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Наурыз, 2024
Қауіпті ауру қозбасын десек...
Былтыр республикадағы мал ауруының 19 түрі бойынша 235 ауру ошағы тіркелген. Нақтыласақ, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Абай облыстарында анықталған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, кейінгі үш жылда қабылданған түрлі шараның нәтижесінде дерттің таралуы 41,2%-ға кеміген. Аса қауіпті ауруларға қарсы вакцина алуы үшін де аз қаржы бөлінбейді. Былтыр 11,4 млрд теңгеге 167,2 млн доза вакцина сатып алынған.
28 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында жан азығы – кітап туралы жақсы айтты. Жаңа заман адамының рухани толысуына жетпей жатқаны да осы қазына.
28 Наурыз, 2024
Қараша түскеннен қазақтың мал байлап, соғым қамына кірісетіні бесенеден белгілі. Әсіресе жылқы етін аңсайтындар көп. Дегенмен әр үй шамасына қарай ірі қарасын іріктеп, көрпесіне қарай көсіледі. Қысы қатал өңірде тұратын халықтың соғымға келгенде тартына бермейтін дағдылы әдеті секілді, көктем келсе де етке деген сұраныс әзір кеміген жоқ. Алайда күн санап құбылып тұрған сол ет бағасының қалтаға мол салмақ салатыны тағы бар.
28 Наурыз, 2024
Пластик ойыншықтар несімен қауіпті?
Бүгінде тұрмыста қолданатын заттар, соның ішінде балаларға арналған ойыншықтар да негізінен пластиктен жасалады. Айта кетейік, пластик пен пластмасса – бір материал. Кеңес заманында пластик сөзі (ағылшынша – plastic) аз қолданғандықтан пластмасса сөзі жиі пайдаланылды.
28 Наурыз, 2024
Құмар ойын құрдымға құлатпасын
Енді азаматтар өз-өздеріне құмар ойындарға қатысу мен бәс тігуге шектеу қоя алады. Ол үшін өтінішті «eGov» мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде беру керек. Осылайша, цифрлы формат көмегімен кез келген отандасымыз, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер 6 айдан 1 жылға дейін шектеу орнатып, букмекерлік кеңсе мен онлайн казинода ойнау құқығынан уақытша айырылады.
28 Наурыз, 2024
Еліктіргіш энергетикалық сусындар
Кейінгі жылдары елімізде жастардың энергетикалық сусындарға тәуелділік мәселесі жиі көтеріліп жүр. Мектеп жасындағы балалардың HBSC (health Behaviour in School – aged Children) денсаулығына қатысты ұлттық зерттеудің былтырғы деректеріне үңілсек, сергіткіш сусындарды жасөспірімдердің 20,5 пайызы апта сайын ішетіні расталған. Сол себепті жүрек пен жүйкеге зиян мұндай өнімдерді енді 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға тыйым салынбақшы.
28 Наурыз, 2024
Айшолпан Тапашева өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасымен 3 миллион 500 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Ойыл ауданының орталығынан ветеринарлық дәріхана ашты. Қазір ол қой мен ешкі, ірі қара және жылқының кең таралған ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек сатады.
28 Наурыз, 2024