Редакция таңдауы
Павлодар облысындағы ахуал тұрақталып қалды. Су тасқыны басталғалы 38 жеке үй су астында қалып қойған. Қазір қауіптің беті қайтып, баспаналарына зақым келген тұрғындардың материалдық шығынын арнайы комиссия анықтап жатыр.
09 Сәуір, 2024
Мұнайлы өңірге тасқын судың қаупі бұрын да төнген. Мәселен, 1993 жылы Қызылқоға, Жылыой аудандары зардап шеккен. Қазір қарғын суға қарсы қарбалас Атырау қаласында, Жылыой, Индер, Махамбет, Құрманғазы, Қызылқоға ауданында жүріп жатыр.
09 Сәуір, 2024
Бірлігіміз бекем болмаса, бәрі бекер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ел болашағы, ұлт қамы, ұрпақ тәрбиесі жайында кесек-кесек ой-пікірін ортаға салды. Президенттің елді бірлік, адалдық, достық пен ынтымаққа үндейтін сөздерінің жаны бар. Әсіресе ұлтты ұйыстырар зиялы қауымға қарата айтқан пайымды пікірімен келіспеске болмайды.
09 Сәуір, 2024
Ел көрген, жер көрген қандай жақсы. Ерекше әсер аласың. Жаңа бір әлем ашқандай боласың. Жуырда ғылымы мен білімі, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы дамыған Оңтүстік Кореяға жолымыз түскенде сондай сезімді бастан кештік. Жалпы, бұл елге көктем мен күзде барған дұрыс деп айтады. Өйткені наурыздың соңынан бастап сакура гүлдесе, күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып, төңірек алтын түске боялады. Біз көкөрім көктемде барғаннан кейін бе, Корея жерге жасыл кілем төсеп тастағандай айрықша құлпырып тұрды. Бүршік жарған ағаштар мен гүлдердің хош иісі мұрын жарды.
09 Сәуір, 2024
Тобыл өзенінен төнуі мүмкін қатердің алдын алу жұмыстары өңірде шамамен осыдан бір апта бұрын басталған. Өзенге жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына алдын ала ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпті аймақтардан мыңдаған адам дер кезінде эвакуацияланды. Қауіп төніп тұрған ауылдарда алдын ала төтенше жағдай жарияланды.
09 Сәуір, 2024
Дүниежүзіндегі ауа райы заңдылығының өзгерісі мұздықтардың беймәлім мінез танытуына тікелей байланысты екенін мамандар талайдан бері айтып, дабыл қағып келеді. Ағын судың азаюына, тұщы судың тапшылығы мен мұхит суының температурасына, тіпті мемлекеттердің тұрақты дамуына да мұздықтардың тура және жанама әсері бар.
09 Сәуір, 2024
Әлемдегі ерекше жерлер: Мақталы қорған
Бұл – Түркиядағы ерекше көркем жердің бірі. Табиғаттың ғажайып тартуы десе болады. Анталияға жақын орналасқан. «Памуккале» сөзі «Мақталы қорған» деген мағына білдіреді.
09 Сәуір, 2024
Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды
Су тасқыны күндері Ырғыз ауданының Аманкөл, Нұра, Мамыр, Белшер, Дүкен, Қарасай елді мекендерімен арада жол қатынасы үзіліп, әлі қалпына келтірілген жоқ. Электр бағаналары судың ішінде қалып құлауы салдарынан Қарасай елді мекенінде жарық сөнді. Он күннен бері жарықсыз отырған осы ауыл тұрғындарына қайықпен электр генераторы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
3 412 үй су астында қалды – ТЖМ өкілі
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Аазаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны салдарынан қанша үй су астында қалғаны туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Бауырлас елдер Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр
Бірнеше апта бойы халықты қыспаққа алған су тасқынының беті әлі де қайтар емес. Кей өңірлерде қарғын судың екінші легі күтіліп отыр. Тұрғындар тек баспанасынан ғана емес, күн тыныштығынан да айырылды. Ал құтқарушылар мен жағдайға бей-жай қарамаған еріктілер күн-түн демей қолынан келгенше көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде тағы 500 миллион теңге аударды
Су тасқыны жағдайы бірқатар облыстарда күрделі күйде қалып отыр. Мыңдаған отбасы уақытша орналастыру орталықтарына жеткізілген. Осыған байланысты бүгін Kaspi.kz қосымша 500 миллион теңге бөлді, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Тасқын су Атырау қаласына екі ауылдың тұсынан кіруі мүмкін
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жайық өзенінің суы Атырау қаласына қай тұстан кіруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары қалай өтеледі?
Ел Президенті зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтардың шығындары қалай өтеледі? Өзекті ақпарат Үкімет ұсынған мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Тағы бір өңірде төтенше жағдай жарияланды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы әкімдік Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Қостанай облысында 275 үй су астында қалды
Су тасқынының салдарынан Қостанай, Қарасу, Федоров, Б.Майлин аудандары мен Қостанай қаласында 275 үй су астында қалды.
08 Сәуір, 2024
Қаратомардан жіберілген судың көлемі азайып келеді
Қаратомар су қоймасы 7 сәуірден бері транзиттік режімде жұмыс істеп жатыр. Яғни, су қоймасына қанша су келіп құйылады, сонша судың бәрі сол сәтте-ақ бері қарай жіберіліп жатыр.
08 Сәуір, 2024
«Су басу қаупі жоқ»: Астана контрреттегіші тексерілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді. Қала арқылы тасқын суларды өткізуге және ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жайы бақыланды. Сонымен қатар Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайы тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2024
Қазақстанда су ресурстары бойынша жаңа мемлекеттік мекеме пайда болады
Қазақстанда жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыруға жауапты «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылып жатыр. Үкіметтің тиісті қаулысы Ашық НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024
Президент облыс әкімдеріне жолдарды ретке келтіруді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2024
Қазақстанда 3,7 мыңнан астам үй су астында қалды
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Роллан Есмағамбетов апаттық-құтқару жұмыстарының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2024