Редакция таңдауы
Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданына қар суы қауіп төндірді. Әйтеуір дайындықты ақпан айынан бастаған арнайы мамандар мен әкімдік өкілдері тілсіз жаудың бетін бірден қайтаруға күш салып отырды. Десе де, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Сол үшін де өзенді өңірлерді облыс басшылығы бастаған топ әуеден бақылап қайтты.
01 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы бизнес өкілдерімен кездесуінде бизнеспен жұмыс істеу кезінде ескі тәсілдерге жол берілмеуі керек екенін атап өтіп, құқық қорғау органдары қызметіндегі кемшіліктерді сынға алды. Олар кейде артық қыламын деп тыртық қылатынын, тіпті рейдерлік әрекеттерге жол беретінін айтты.
01 Сәуір, 2024
Дамир Бекбосынов: Негізгі межеміз – Қазақ күресін жазғы азия ойындарына енгізу
Қыркүйек айында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары түңлігін түреді. Төрт тарапты дүбірге бөлейтін айтулы додада ұлттық спорт түрлері ұлықталады. Бүкіл әлем көз тігетін аламанда балуандарымыз қазақ күресінен бауырын жаза белдесетіні сөзсіз. Қазақ күресінен әлем чемпионатының, әлем кубогінің, Азия құрлығының додасын ұтқан атан жілік, апайтөс балуандар үшін Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының алтын медалін олжалау – айрықша мәртебе. «Qazaq kuresi» ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосыновпен сұхбатымыз көшпелілер ойындарына әзірлік барысы, төл күресіміздің келешегі төңірегінде өрбіді.
01 Сәуір, 2024
Мал-мүлкі шығын болғандарға көмек көрсетіледі
Қостанайдан Торғайға шығып бара жатып, Арқалық, Амангелді жағында судың беті қайта бастады, бірақ төменде жатқан Ақкөлге су келіп жатыр екен деген хабар алдық. «Қазгидрометтің» мәліметінше, өңірде дәл мұндай алапат су тасқыны бұрын-соңды болмаған.
31 Наурыз, 2024
«Көркем әдебиет еш уақытта өлмейді. Ол өлсе, өмір өледі» деген сөзді ғұмырлық мұратына айналдырған жазушы, драматург, публицист, Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған Сәбит Досанов өмірден өтті. Өзі жиі айтатын өлмейтін өмірді шығармашылығының алтын арқауына айналдырған қаламгердің ғұмыры – осы ғибратымен құнды, осы өнегесімен мәңгілік.
31 Наурыз, 2024
Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы (1889 - 1931) педагогика, психология саласынан құнды оқу құралдар жазып қалдырған. Соның бірі – 1924 жылы Орынборда 3500 тиражбен жарық көрген, 186 беттік «Тәрбиеге жетекші» (Бала оқытушыларға) атты кітабы. Бұл еңбекке биыл 100 жыл толып отыр.
31 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Халыққа барлық медициналық көмек көрсетіледі
Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб апаттан зардап шеккен өңірлердегі халыққа медициналық көмек көрсету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Наурыз, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары өтеледі
Үкіметте су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу тетіктері мен қаржыландыру көздері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Наурыз, 2024
Жангелдин ауданының 7 елді мекенімен жол қатынасы үзілді
Жангелдин ауданының Көлқамыс, Көкалат, Аралбай, Ахмет, Ақкөл, Шеген, Ақшығанақ ауылдарымен жол қатынасы үзілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Алматы облысында қауіп сейілді
Осы жылғы 30 наурызда түс ауа Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метрді құрайды. Ағын су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойынша ағып, одан әрі Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құйылуда, онда барлық шлюздер ашық, су транзиттік режимде өтуде, одан әрі су Қаскелең өзеніне және одан әрі Қапшағай су қоймасына құяды. Толып кетудің алдын алу бойынша үнемі бақылау және мониторинг жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
31 Наурыз, 2024
Қарағанды облысының тұрғындары жеке пойызбен эвакуацияланады
ҚТЖ Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау үшін жеке пойыз бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан: Қауіп сейілген жоқ
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр. Бұған дейін жергілікті өзендер жауын суымен көтеріліп тасып, тентек мінез көрсетсе, енді бастауын Ресейден алатын өзендердің деңгейі күрт көтеріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2024
Су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті
Штабтың негізгі міндеті – су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру. Штаб басшысы – Премьер-министр Олжас Бектенов, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев штаб басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Наурыз, 2024
Қанат Бозымбаев жаңа қызметінде қандай мәселелерге жетекшілік етеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаевтың қандай мәселелерге жетекшілік ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Қостанай облысының 12 ауданына қауіп төніп тұр
Қостанай облысының 12 ауданына су тасқынынан қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Наурыз, 2024
Полиция президенттің үйін тінтіген
Перу полициясы заңсыз байыды деген күдікпен тергеу аясында президент Дина Болуартенің үйінде тінту жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Channelstv арнасына сілтеме жасап.
31 Наурыз, 2024
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге барды
29 наурыздан бастап Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға барды. Бүгінде мәжілісмендер Ақмола, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында жүр. Депутаттар халықпен кездесіп, қажетті көмек көрсетуді қадағалауда. Еріктілердің жұмысын үйлестіріп, қажет болған жағдайда гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Наурыз, 2024
Су тасқынының алдын ала алмаған шенеуніктерге қатаң сөгіс жарияланды
Бүгін, 30 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
30 Наурыз, 2024
Су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 мыңнан астам ерікті атсалысып жатыр
Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында еріктілер зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру, жинау, халыққа эвакуация пункттерінде уақытша тұру сияқты шараларды ұйымдастырумен айналысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
30 Наурыз, 2024
Теміртауда төтенше жағдай режимі жарияланды
Қарағанды облысы, Теміртау қаласының оң жағалауындағы су құбырында технологиялық ақау болды.
30 Наурыз, 2024