Редакция таңдауы
Синоптиктер ескертеді: ертең жаңбыр жауып, көктайғақ болады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің бірнеше өңірінде қатты жел соғып, жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2024
Жолдамаға бір қадам: Валентина Хальзова әлем чемпионын жеңді
Бірінші айналымды автоматты түрде артқа тастап, доданы 1\8-финалдан бастаған Валентина Хальзова бүгін түрік боксшысымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Наурыз, 2024
Лицензиялық турнир: Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан әлемдік лицензиялық турнирде Қазақстанның үш боксшысы жұдырықтасады, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс Федерациясына сілтеме жасап.
09 Наурыз, 2024
Белгілі ақын Күләш Ахметоваға Президенттің Құттықтау хаты табысталды
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, белгілі ақын Күләш Ахметоваға Мемлекет басшысының құттықтау хаты табысталды, деп жазады Egemen.kz.
08 Наурыз, 2024
Әлемдік лицензиялық турнир: Бүгін төрт боксшымыз жарыс жолына шығады
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова алғашқы айқастарын өткізеді, ал Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай екінші кездесулеріне шығады, хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
08 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Аналарымыздың ақ тілегі жарқын күндерге жетелейді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Наурыз, 2024
«Анашым, мен өскен соң сізге киім тігетін машина алып беремін», дейді жеті жасар Қазына байсалды түрде. «Мен көйлек тігіп беремін, әдемі, қызыл оюы бар. Сіз сондай көйлекті жақсы көресіз ғой», дейді Әппағы еркелей анасының мойнына асылып. «Ал мен әкеме кө-ө-ө-п ақша беремін, ол үлкен үй салып береді», дейді салмақты кейіпте Нұргүлі. Қыздарының армандай айтқан сөздеріне көңілі босаған ана іштей «әумин» деп, орамалының бір ұшын көзіне апарды...
08 Наурыз, 2024
Мәжіліс Төрағасы 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Наурыз, 2024
Премьер-министр мереке иелерін құттықтады
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
08 Наурыз, 2024
«Әдемілік бізге көптік етпейді»
«Алып та анадан туады» дегендей, алтын құрсақты аналарымыз Ұмай ананың жебеуімен қаншама ұрпақты дүниеге әкеліп, ұлан-ғайыр даламыздың төсі елге толды. Ежелгі түркі тілінде «баланың ізі», «ана жатыры» деген мағынаны беретін Ұмайды тәңір тұтқан әйелзатының бүгінгі ізбасарлары да ұрпақтар сабақтастығының ұстыны, тіршіліктің тірегі болып, сол қасиетінен тана қойған жоқ. Олай болса, өмірімізге мән беріп, ұлт ұпайын үстеп жүрген аруларымыздың қатары арта түскені бағымызды да еселей бермек.
08 Наурыз, 2024
Әйел адам қай салада еңбек етсе де, оны ең алдымен отбасының ұйытқысы, яғни Ана деп білеміз. Иә, ең бірінші кезекте ол – ана, ал қызметі мен лауазымы екінші кезектегі мәселелер. Еліміздің құқық қорғау саласында да еңбегімен талай жетістікке жеткен және аналық борышын ақтап жүрген жандар жетерлік.
08 Наурыз, 2024
Жер мен көктің қасиетті тылсымы мен мән-мағынасы біртіндеп халықтардың таным-түйсігіне көшіп алған сияқты. Оның кеудесі мен зердесіне сіңісті болған сол ұғымдар мен атаулар әуелі тасқа таңбаланып, одан кітаптарға, кітаптардан қайтадан сана-сезімдерге, олардан газеттер мен экрандарға, олардан электронды әлемді жағалап тағы да елге тарай береді. Ал халықтардың өзі қайдан шықты деген сұрақ тумай ма? Халықтар аналардың құрсағынан өнбей ме?
08 Наурыз, 2024
Гүлнар Салықбай: Өлеңге жүрек пен шынайылық керек
Сексенінші жылдардың соңын ала қазақ өлеңіне келген лектің ішінде Гүлнар Салықбай есімі ерекше аталды. Ә дегеннен-ақ парасатты поэзияға адалдықтың, әсемдіктің үлгісіндей өндір өлең оқырманға жол тартты. Жүректің ең терең нүктелеріне сапарлаған мәңгілік ынтық, мәңгілік ғашық жырлар иесімен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әңгімелескен едік.
08 Наурыз, 2024
Бекзада өнердің ұлығы саналған құсбегіліктің шыққан тегі, түп-тамыры турасында талас тоқтаған емес. Тарихтан ескен аңыздың желісі Жошы ханның 3 мың, хан Абылайдың 500 бүркіті мен 300 қаршығасы, сұңқары болғанын баян етеді. Құбылай ханның саятшылыққа салатын қырандарын баптайтын 10 мың құсбегісі болғаны айтылады. Құсбегілік өнер қазақ қыздарына да қонғанын әйгілеп жүрген арулар шоғыры қалыңдап келе жатқаны қуантады. Құсбегі қазақ қызының ескерткіші құмнан қашалып Еуропа құрлығында қасқайып тұр.
08 Наурыз, 2024
Ұлттық статистика бюросы қызықты дерек ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Наурыз, 2024
Шымкент, Семей және Путин: Елімізде балаларға қойылған ерекше есімдер айтылды
Елімізде Қазақстан есімді 24 адам тіркелген. Оның көбі Ақмола облысында тұрады (7 адам), деп хабарлайды Egemen.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
07 Наурыз, 2024
Кейбір спорттан киберспорт озық
Компьютер ойындарына халықтың қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. «Newzoo» аналитикалық компаниясының мәліметінше, 2025 жылы киберспорттың жалпы аудиториясы 640 миллион адамды құрамақ. Отандық спортшыларымыз олимпиададан олжалы бола бермесе де, кибер бәсекеден бәйгенің алдын бермей келеді.
07 Наурыз, 2024
«Тәрбие – тал бесіктен» десек те...
Жыл басынан бері Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасындағы төбелестен 2 баланың өмірі қиылды. Әуелгісі қаңтар айында Сырдария ауданындағы Аманкелді ауылында болды. Арада ай өткенде дәл осындай жағдай Қызылорда қаласының іргесіндегі Белкөл кентінде қайталанды. Бұл жолғы құрбан – кенттегі № 189 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Он бірінші ақпан күні түс ауа сабақтан шыққан бала үйіне жете алмай қалды. Өзінен бір сынып жоғары оқитын баладан алған соққыдан көпқабатты үй алдында үзілген 16 жасар бозбала өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, 12 ақпанда ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін айдың-күннің аманында бала өліміне жол берген мектеп басшылары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметінен босатылды.
07 Наурыз, 2024
«Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазақ ұғымында ұстаздың орны бөлек. Бүгінде мәртебелі мамандық иелеріне жүктелетін жауапкершілік жүгі ауыр. Әсіресе мектеп директорының жұмысы қиын. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, ата-аналардың көңілінен шығу, тұтас ұжымды басқару оңай емес.
07 Наурыз, 2024
Инновация жетістіктерінің игілігін әр салаға енгізу қазіргі кездегі маңызды қажеттілікке айналды. Білім беру бағыты да біртіндеп цифрлық жүйеге бейімделіп келеді. Жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылып жатыр. Еліміздегі оқыту жүйесін оңтайландыру үшін тағы не істелді, енді қандай қадамдар жасау қажет?
07 Наурыз, 2024