Редакция таңдауы
Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды
УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік голды анықтады. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы ең көп дауыс жинап, үздік атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2023
Біз жекелеген «жасыл» бастамаларды қолдаймыз - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте Қазақстан жекелеген «жасыл» бастамаларды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2023
Климаттың өзгеруі дамушы елдерге зор қауіп төндіріп тұр - Мемлекет басшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2023
Елімізде протез жасайтын маман жоқ – Мәжіліс депутаты
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Таңсәуле Серіков «Ауыл» партиясы фракциясының атынан Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, мүгедектердің қордаланған мәселесін қозғады. Таңсәуле Ғабдыманапұлынан өзі көтерген мәселенің түйінін қалай шешуге болатынын сұрадық.
01 Желтоқсан, 2023
2023 адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды - БҰҰ Бас хатшысы
Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында СОР 28 жаһандық климаттың өзгеруіне қатысты конференция өтіп жатыр. Әлемнің 197 елінен 70 мыңнан астам қатысушы жиналған конференцияда планетадағы температураның өсуін 1,5°C-қа дейін шектеуге және 2050 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне қол жеткізу жайы талқыланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2023
Атырау облысындағы газ құбыры мемлекет меншігіне қайтарылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Желтоқсан, 2023
Қыстың алғашқы күні Астанаға қар түсті
Елордада қыс мезгілінің басталуы және қардың мол жаууымен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп жазады Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2023
Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Себебі мен салдары
Жоғарғы сотта Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкеновтің төрағалығымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кеңес өтті.
01 Желтоқсан, 2023
Өзбекстанға қандай өнімдер экспортталады?
Бір өңірде әрі көршілес орналасқандықтан, Қазақстан мен Өзбекстанның алыс-берісі ешқашан ажыраған емес. Әр елдің өзіне тән экспорттық және импорттық мүддесі бар. Биыл қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 3,3 млрд долларды құрады, бұл былтырғыдан 4 пайызға аз.
01 Желтоқсан, 2023
«Қандас» мәртебесін алу жеңіл болмай тұр
Азаматтық куәлік – жер басып жүрген әрбір жұмыр басты пенденің белгілі бір елде өмір сүруіне хақылы әрі сол елдің заңды азаматы екенін айқындайтын құдіретті құжат. Қазір «итке темір не керек» деп жүрген ешкім жоқ, тіпті ит пен мысықтың да тиісті құжаты бар. Ал атажұртым деп шекара асып келген қандастарымыз ел қатарына қосылғанын айғақтайтын бір жапырақ қағазға зар болып жүр.
01 Желтоқсан, 2023
Мемлекеттік тілдегі контент көбейеді
Орталық коммуникациялар қызметінде «Масс-медиа туралы» заң жобасын түсіндіруге қатысты баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, вице-министр Қанат Ысқақов, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов құжатты жан-жақты түсіндірді.
30 Қараша, 2023
Қазіргі қазақ жырының ақсақалы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сейфолла Оспанов сексен бес жасқа толды. Жаратқанның жақсылығы болар, ақын ағамыз осынау мазмұнды ғұмырының алпыс бес жылын қазақтың қасиетті өнері – өлеңге арнады. Сыр бойының түлегі болғасын, оның ақын болмауға қақы жоқ сияқты болып көрінеді. Сыр сүлейлерінің сан алуан көшінде, әр кезеңнің белестерінде ұлтына ұлық сөзін ұзатқан, тереңнен тауып терме өрген, тамырдан тартып шерленген, тұрлаулы сөзді өңгерген, тыңдарманға дем берген, тарихтың тарауын таңдайға құйып меңгерген, таланттардың көзін көріп, қолдарына су құйған, батасын алып, пұл жиған, көкірегіне құйылған таң нұрындай таза сөзді жүрегіне жазып ержеткен Сейфолла ағамыз алғашқы өлең сапарында адамгершілік пен адалдықтың ақ туын сол алдыңғы аға ұрпақтың көңіл қайнарынан құйылып жеткен ұлағаттан тауып, өмір бойы осы ұстанымнан айнымай келеді. Сондықтан да ақын өлеңнің өрісіне түскенде «Жыр – ана» деген имани кодекске қол қойып, сертсөздің сілтемесін тұғыр етіп ұстайды.
30 Қараша, 2023
Бозала таңнан Бозанбайға ағылған елде есеп жоқ. Жүйрік ат десе делебесі қозып тұратын қазақ елі қыран ұшып, тазы жүгірген күні жатсын ба? Бекзат өнерді насихаттауға бағытталған дәстүрлі фестивальда биыл Ресей, Моңғолия, Қытай, Қырғызстанның қыран баптаған құсбегілері де бақ сынасты. Осылайша, Ұлан ауданында үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бүркітшілер байқауы халықаралық деңгейдегі іс-шараға ұласты.
30 Қараша, 2023
Көктайғақ. Әкім жүрсе көпті ойлап...
Қараша туғалы жаңбырдан көз ашылмады. Кібіртіктеп қар жауғанымен, іле еріп, кеш түсе қатып, түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып жатыр.
30 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында «Бала тілі – бал» атты фестиваль өтті. Екі турдан тұратын сайысқа ауданның әр ауылынан 33 балдырған қатысып, мақал, жаңылтпаш айтудан жарысып, өнерлерін ортаға салды.
30 Қараша, 2023
Тұңғыш академиктің мектептегі мұрасы
Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы университеттің геология кафедрасы Қаражар орта мектебіне құнды тарту жасады. Оқу ұйымына түрлі тау жынысы мен минералдар, ғылыми әдебиеттер беріліп, оқушылар тұңғыш академик іздеп тапқан қазба байлықтармен кеңінен танысуға мүмкіндік алды.
30 Қараша, 2023
Алматы хостеліндегі өрт: Қаза болғандардың аты-жөні белгілі болды
Алматыда бүгін таңғы 5:33-те шыққан өрттен 13 адам қаза болған еді. Өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды, деп жазады Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
Жертөледен өрт шыққан: Хостелдегі қайғылы жағдайдың неден болғаны анықталып жатыр
Министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды. Онда олар хостелдегі өрттің шығу себептерін тексереді. Алдын ала деректер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
«11 қазақ». Досаев хостелде қаза тапқандар қай елдің азаматтары екенін айтты
Бүгін Алматыдағы хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Қараша, 2023
Айына 25 мың теңге: 13 адам қаза тапқан хостел өртке дейін қандай болған?
Өртке дейін Алматы хостелінің 2 GIS қосымшасындағы рейтингі ең жоғары деңгейде болған. Қазір қосымшаны қолданушылар пікір алаңына наразылықтарын жарыса жазып, рейтинг көрсеткіші 4,3-ке дейін төмендеген, деп жазады Egemen.kz.
30 Қараша, 2023