Редакция таңдауы
Қаңтар туа Шығыста қыс қаһарына мінді. Қар басты, борандатты, артынша кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, жолдар көктайғаққа айналды. Салдарынан болса керек, жол көлік оқиғалары орын алды. Адам шығыны да жоқ емес. Сондықтан да, төтенше жағдайлар департаменті алдын ала ескерту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыр.
14 Қаңтар, 2024
Майқайыңдағы «Шанхай» шағын ауданының тұрғындары әр күнін үреймен өткізіп келеді. Алтын кеніші бұл жерден 300-400 метрдей жерде орналасқан. Кеніште жер жару жұмыстары жүргізілгенде, үйіміз жер астына опырылып түсіп кетіп, бала-шағамызбен опат боламыз ба деген қорқыныш бар жұрттың бойында. Ал кәсіпорын басшылығы шахта үйлердің астымен өтпейді деп сендіргісі келеді.
14 Қаңтар, 2024
Оқушылар 15 қаңтарда қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райының нашарлауы себебінен Астана қаласында бiрiншi ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары 15 қаңтарда онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қаңтар, 2024
Әдеби басылымның мерейтойына арналды
«Қазақ әдебиеті» газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толып отыр. Салтанатты іс-шара Алматы қаласындағы «Достық» үйінде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қаңтар, 2024
Никита Чирюкин Азия чемпионы атанды
Индонезияның Жакарта қаласында оқ атудан лицензиялық Азия чемпионатында отандасымыз Никита Чирюкин Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қаңтар, 2024
Ақпан айында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ақпан айында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2024
Көлік салығын төлеу мерзімі жақындады. Салықты төлеу жолдары қандай?
Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті автокөлік жүргізушілері 2023 жыл үшін көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
12 Қаңтар, 2024
Көлік министрлігі шетелдік рұқсат бланкілерін заңсыз жолмен қайта сатып жүргендерге қарсы шараларды барынша күшейтеді. Бұл туралы кеше Алматыда өткен халықаралық автокөлік тасымалы бойынша кеңейтілген кеңесте айтылды.
12 Қаңтар, 2024
Сапалы маман – жергілікті экономиканы дамытуға, азаматтық қоғам құруға, білім саласын жақсартуға, тиімді үкімет жүйесін қалыптастыруға, жалпы айтқанда, бүкіл қоғамды өзгертуге ықпал ететін күш.
12 Қаңтар, 2024
Бюджеттің тең жартысы – білімге
Түркістан облысында мемлекеттік бюджет есебінен 33 мектептің құрылысы қолға алынған болатын. Бүгінде 33 мектептің 10-ы пайдалануға берілген. Жыл соңында 10 мектеп тапсырылды. Қалған 13-і биыл пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыста 49 мың оқушыға шақталған 63 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осылайша, 2025 жылға дейін өңірде 96 білім ошағы бой көтереді.
12 Қаңтар, 2024
Ішкі істер органдары құқық бұзушылықтарға, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілік қағидатын қамтамасыз ету жөнінде шара қабылдап жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде «Тұрмыстық зомбылыққа – нөлдік төзімділік» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтылды.
12 Қаңтар, 2024
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин интернет жылдамдығы бойынша Токионы басып оздық дегенде бәрі таңғалған еді. Себебі бізде интернетке қол жеткізе алмай отырған қаншама елді мекен бар. Тіпті қалалық жерлердің өзінде интернет дұрыс ұстамайды. Дегенмен мәселені шешуге қадамдар жасалып жатқанын жоққа шығармаймыз. Тек көптің қалауы –интернеттің игілігін ертерек көру. Ал шын мәнінде еліміз қай мемлекеттен озып, қайсысынан қалып келеді? Интернетіміз қай елден қымбат, қай елден арзан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
12 Қаңтар, 2024
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын талқылауға арналған жиын өтті. Қоғам қайраткерлері, қоғамдық кеңес мүшелері мен жастар ұйымдарының өкілдерінен құралған сарапшылар сұхбатта айтылған өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
11 Қаңтар, 2024
Батыс Қазақстан облысында жол-көлік апаты көбейіп тұр. Қаңтардың алғашқы онкүндігінде өңірде 11 жол апаты болып, 12 адам қаза тапса, 21 жолаушы түрлі дене жарақатын алған.
11 Қаңтар, 2024
Бұрын мүмкін емес болып көрінген дүние бүгін таңсық болмай барады. Дегенмен 3D сканердің жаңалық болып келгені рас-ты. Яғни қажет затыңызды өзінің цифрлық «көзімен» сызбасын сызып, көлемін дөп құяды. Сосын дайын нұсқаны 3D принтердің жадына жолдайды. Таңдаған материалыңыздан көшірмені айнытпай дайындап береді. Сынған бөлшегіңізді басқа жерден таппасаңыз, 3D технологияның көмегімен жасап алуға болады. Қарағандыдағы «KZ Transit» компаниясы жаңашылдықтың жалына жармасып, тұрғындарға дәл осындай қызметтерді ұсынып отыр.
11 Қаңтар, 2024
Бексұлтан Нұржекеұлы: Рух шындықта ғана болады
Бексұлтан Нұржекеұлы – замандастарымыздың санасына тоқылған есім. Адам жанының тереңіне бойлап, нәзік иірімдеріне батырар сыршыл жазушының үйінде болдық. Жақында алған «Халық жазушысы» атағымен құттықтап, ілтипат білдірдік. Қаламгердің денесі сергек, бойы тік. Сексеннің сеңгіріне шықса да, шүйілген қырандай әр сөзді анықтап, арындап сөйлейді. Бірде құйындай құдіреттеніп, бірде құмырсқадан әлсіз күйде жанарына жас үйіреді. Жанының түбінен тазалық атты тұмса қоңыраудың үні естілердей.
11 Қаңтар, 2024
Дүниеде бар жаратылыс мүлдем жоғалып кетпей, тірі пендемісің, жан-жануар, құрт-құмырсқа болсаң болды, уақытың келгенде өліп барып қайта тірілетініңе шүкіршілік.
11 Қаңтар, 2024
Қазақ қызы – халықаралық төреші
Отандасымыз Айя Айтбай садақ атудан халықаралық дәрежедегі төреші атанды.
11 Қаңтар, 2024
Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
11 Қаңтар, 2024
Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
11 Қаңтар, 2024