Редакция таңдауы
Такси мен әуе билеттерінің бағасы қайта қаралады
Отандастырымыз такси мен әуе компанияларының қызмет сапасына жиі шағымдана бастады. Биыл алғашқы жартыжылдықта Көлік министрлігіне және тұтынушылар құқығын қорғау органдарына 37 мыңнан астам өтініш түскен. Шағым 2021 жылғы бүкіл көрсеткіштен екі есе көп. Халықтың наразылығы бағаға ғана емес, сапаға да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
04 Тамыз, 2025
Сауда және интеграция вице-министрі тағайындалды
Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
04 Тамыз, 2025
Астана мектептерінде 100-ден астам кәсіби сынып ашылды
«Жұмысшы мамандықтар» жылы шеңберінде биылғы қаңтар айынын бастап Сервис (тамақтандыруды ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету), дизайн, тігін өндірісі, теміржол көлігі, IT, педагогика, медицина бағыттары бойынша «100 бейінді сынып» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
04 Тамыз, 2025
Қазақ балуаны финалдық белдесуден бас тартты
Варшава (Польша) қаласында өткен халықаралық әйелдер күресі турнирінде Қазақстан спортшысы финалға дейін жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Тамыз, 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Соның аясында азаматтар зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығын (ЖТС) мүлде төлемейтін болады. Дегенмен, бұл жеңілдікке дейін де мемлекет әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға бірқатар жеңілдік ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
04 Тамыз, 2025
Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті
Ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев 74 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Ақорда жариялады, деп жазады Egemen.kz.
04 Тамыз, 2025
Семейде салық мөлшері неге өзгерді?
Алмақтың да салмағы бар. Абай облысының тұрғындары мүлік және жер салығының мөлшері артуына алаңдаулы. Өңірде жеке тұлғалардың аталған салығы қалай есептелуіне қатысты бірқатар ерекшелікті еске сала кеткенді жөн көрдік.
02 Тамыз, 2025
Маңғыстау өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық тазалық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Тазалық жұмыстары, әсіресе туристер көп жазғы мезгілде маңызды әрі қауырт болып тұр.
02 Тамыз, 2025
Химиотерапиялық препаратты робот әзірлейді
Елімізде химиотерапиялық препараттарды дайындайтын алғашқы робот қолданыла бастады. Сөйтіп, Алматы онкология дертіне шалдыққандарға арналған жоғары технологиялы «KiroOncology» роботын пайдаланатын бірінші қалаға айналып отыр.
02 Тамыз, 2025
Мақсат Тұрлыбаев: Ауыл шаруашылығы санағы – маңызды стратегиялық қадам
Елімізде 1 тамыздан 20 қазанға дейін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі. Санақ деректерінің маңыздылығы мен науқанның өту барысы жайында Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаевпен әңгімелестік.
02 Тамыз, 2025
Үкімет биылғы алғашқы жартыжылдықта өңдеу өнеркәсібі, энергетика және көлік салаларында қандай жетістіктерге қол жеткізгенін баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Баспасөз мәслихатында жаңа өндірістерді іске қосу, газдандыру қарқыны мен жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар егжей-тегжейлі айтылды.
02 Тамыз, 2025
Көлік жүйесі – дамудың көрсеткіші
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада көлік саласының қызметкерлерін марапаттады. Президент, ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады.
02 Тамыз, 2025
Қазақ тазысы халықаралық көрмеге қатысады
Қазақ тазылары Финляндия астанасы Хельсинкиде өтетін WDS 2025 Дүниежүзілік ит көрмесіне аттанды. Қазақстан кинологтер одағының мүшелері, тазы қожайындары сапарға «Бәйтерек» монументінің алдынан жол тартты.
02 Тамыз, 2025
Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы табысталды
Президент көлік саласының қызметкерлерін марапаттау салтанатында «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақстан темір жолы» компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке берілді, деп жазады Egemen.kz.
01 Тамыз, 2025
Әуе арқылы жүк тасымалын дамытамыз - Президент
Президент көлік саласының қызметкерлерін марапаттау салтанатында алдағы маңызды міндет – әуе арқылы жүк тасымалын дамытып, Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хабқа айналдыру екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Тамыз, 2025
Батыс Қазақстан облысында биылғы 6 ай ішінде 563 жол апаты болып, 36 адам қаза тапқан. Бұл туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы Олжас Ыбырайымов мәлімдеді.
01 Тамыз, 2025
Ұлытау облысына қарайтын екі ауданның денсаулық саласында жасалып жатқан жұмыстарымен жақын танысу барысында бірқатар өзекті мәселеге көз жеткіздік. Жаңаарқа ауданының біраз халқы қалаға тіркелген. Ұлытау ауданына маман тұрақтамайды.
01 Тамыз, 2025
Ымдау тілін түсіндіретін кешен
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әйгерім Ерімбетованың жетекшілігімен «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешені» әзірленіп жатыр. Жобаға Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің зерттеуші ғалымдары тартылған.
01 Тамыз, 2025
Рейтингі жоғары компанияға неге ренжиміз?
Іркес-тіркес вагон доңғалақтарының шойын жолға табан төсеп, зымырап беруі қаншалықты оңай болғанымен, осы салаға жауапты мекемелердің заулап бара жатқан пойыз қозғалысын реттеуі, ондағы баға мен сервисті қолайлы етуі соншалықты қиынға соғады. Қыс болса уақытынан сағаттап кешіккен отарбаны сарыла күткен, жаз болса билет таппай, тапса да тоқты-торымның пұлын бір-ақ төлеп сапырылысқан жұрт. Таяуда «Қазақстан темір жолы» ресми сайтынан билет іздегенде бағаның шарықтап тұрғанына тағы куә болдық. Мәселен, Астана қаласынан Шу қаласына жету үшін бір адам купе-вагонның үстіңгі орнына 30 мың теңге төлеуі керек. Отбасымен аттанса, бір бағыттық шығын 100-120 мыңға айналады.
01 Тамыз, 2025
Ертіс-Баянда ұлылардың ғылыми-ағартушылық мектебі бар
Кең-байтақ қазақ даласының төрт құбыласының бірі болған Ертіс-Баян өңірінде ғылым мен білімнің, мәдениет пен руханияттың сарқылмас кені бар деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жерде сонау ХІХ ғасырда өмір сүріп, халқына адал қызмет еткен әйгілі ағартушы Мұса Шорманұлының қалыптастырған ғылыми-ағартушылық мектебі бүгінгі буынмен жалғасып жатыр. Сондай-ақ бұл қазақ ғылымының шамын жаққан әйгілі Қаныш Сәтбаев, қазақ археологиясының негізін салған Әлкей Марғұлан, қараңғы қазаққа күн болып келген Сұлтанмахмұт Торайғыров, ұлтының шамшырағына айналған алғашқы ұстаздардың бірі Әбікей Сәтбаев сынды тұлғалардың ізі қалған киелі мекен.
01 Тамыз, 2025