Редакция таңдауы
Павлодар облысындағы жол апатынан үш адам қайтыс болды
Жол апаты Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының маңындағы Ленинский-Курчатов автожолының 55 шақырымында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2022
Жамбыл облысында жолаушылар пойызы өртенді
8 қазанда «Қызылорда – Семей» жолаушылар пойызында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Қазан, 2022
«Eurovision-2023» қайда өтетіні белгілі болды
«Eurovision-2023» Ливерпульде өтетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC сайтына сілтеме жасап.
08 Қазан, 2022
Қостанай облысында бірқатар шенеунік сотталды
Қостанай аудандық сотында Қостанай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қазан, 2022
Мәулен Әшімбаев: Халықтық коалицияның ұсынысы – еліміздің ертеңі үшін ең ұтымды шешім
Бұл туралы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қазан, 2022
Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға құжаттарын өткізді
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қазан, 2022
Адам капиталын арттыруға арналады
«Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қордың адам ресурстарын басқару, әлеуметтік еңбек қатынастары, өндірістік қауіпсіздік және ақпараттық-коммуникациялық қызмет бағыттары бойынша 9 айдағы жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
07 Қазан, 2022
Жастар халқымыздың, мемлекетіміздің алдындағы өз жауапкершілігін қашанда терең сезінеді. Ұлтымыздың басынан өткен күрделі әрі қиын сәттерде рухты, намысшыл жастарымыз Азаттық туының астына жиналды, ата-бабаларымыздың аманатына адалдық танытты! Бұған – тарих куә.
07 Қазан, 2022
Жұдырықтай жұмылу елді жігерлендіреді
«Amanat» партиясының тарихи съезінде еліміздің түкпір-түкпірінен 1 200 делегат бас қосып, алдағы президент сайлауына өз үміткеріміз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсындық. Аманаттықтар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.
07 Қазан, 2022
Кешелі бері еліміздегі ірі саяси күштер, республикалық қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер мен жастар ұйымдары және басқа да ұжымдар алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатыр. «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде де Мемлекет басшысын Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғаны белгілі.
07 Қазан, 2022
Tax Justice network халықаралық ұйымының мәліметі бойынша кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорларға шамамен 140-160 миллиард доллар шығарылған. Ал Ұлттық экономика министрлігінің есебінше, 30 жылда елімізден 100 миллиард доллар шетел асқан. Ұлттық банктің деректерінен 2010-2021 жылдар аралығында, яғни 11 жылда 53,4 миллиард доллар қаржының сыртқа кеткенін көруге болады. Бұл ақша бүкіл Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімімен тепе-тең және еліміздің сыртқы қарызымен пара-пар. Бұл – 30 жыл бойы мұнайдан түскен табыстан 2-3 есе көп қаржы.
06 Қазан, 2022
Солтүстік Кореяның сесті зымыраны
Солтүстік Корея тағы да баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Бұл жолы КХДР тарапы арасына 22 минут салып қатарынан екі ракета ұшырған. Бірнеше күн бұрын ғана аталған ел осындай қадамға барған еді. Осылайша, айналдырған бірнеше күннің ішінде Пхеньян жарты әлемді дүр сілкіндірді. Сарапшылар Солтүстік Кореяның бұл әрекетін ядролық қаруын жетінші мәрте сынауға талпынуымен байланыстырып отыр. Бірақ Ким Чен Ынның жоспары көршілес Қытайға ұнамауы мүмкін.
06 Қазан, 2022
Тағам – болашақтың мұнайы мен газы. Қазақстанның осы салада жоғары позицияға ие болар әлеуеті бар. Бұл ретте заманауи технологиялар мен білікті мамандар керек. Израиль үкіметі Қазақстаннан келген студенттерге агросалада білім алуына көмек көрсетуге дайын. Екі елдің ынтымақтастығындағы басқа да мүмкіндіктер жайында «Израиль – Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ айтып берді.
06 Қазан, 2022
Былтыр Ішкі істер министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «102» мобильді қосымшасын іске қосқаны белгілі. Жаңа жүйе қолға алынғаннан бері тұрғындармен байланыс нығайып, өзара диалог қалыптаса бастағаны байқалады.
06 Қазан, 2022
Қазақ диаспорасының қайраткері
Елордадағы Ұлттық кітапханада Қазақстан Республикасы Президент архиві және «Отандастар қоры» КеАҚ ұйытқы болуымен шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі Дәлелхан Жаналтайдың туғанына 100 жыл толуына орай «Архив және қоғам: Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары» атты дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылып, аталған шара аясында көпшілікке қайраткердің өткен өмір жолын дәйектейтін фотокөрме ұсынылып, қоғамдық-саяси қызметі туралы жинақтың тұсауы кесілді.
06 Қазан, 2022
Мынау ешқандай өлшемге сыймайтын алмағайып өмірде «өз орнымды таптым» деп кесіп айтатындар бар ма екен? Бар болса, солардың қатарына ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ҰҒА-ның құрметті академигі, «Бурабай ауданының құрметті азаматы» Болат Мәжитұлын нық қосуға болатындай.
06 Қазан, 2022
Адамзат тарихына үңілсеңіз, есепсіз соғыстар, қақтығыстар барысында жеңуші жақтың тонаушылық әрекеттері, контрибуция есебінде қымбат заттарды тартып алуы негізінде небір адам қолынан туындаған асыл заттар бір елден бір елге көшіп отырғанын байқайсыз. Мұнан басқа контрабандалық жолмен де, авантюрист қазына іздеушілер мен қазіргі күнгі «қара археологтер» деп аталатындардың тапқанын шет елдерге сатуы арқылы да ежелгі Мысыр мен Таяу Шығыс елдерінен, Үндістан мен Қытайдан, Орталық Азия қалалары мен далаларынан есепсіз жәдігерлер қолды болып, дамыған елдердің музейлерінен немесе бай коллекционерлердің жеке қорларынан орын тапты. Түркістандағы Ясауи кесенесінен қолды болған құндылықтардың ең бір асылы туралы «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаевпен кездесіп, әйгілі Луврдағы шырағданның онда қалай барғаны және оны елге қайтарудың қандай қисынды жолдары бары төңірегінде пікір алысқан едік.
06 Қазан, 2022
Партия тұғырнамасы: «Адам – мемлекеттің басты байлығы»
Елордада «Аmanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтіп, аманаттықтар кезектен тыс Президент сайлауына өз үміткерін – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Партия мүшелері Қазақстан Президентінің соңғы жылдардағы қиын-қыстау кезеңде атқарған жүйелі жұмысын атап өтіп, алдағы уақытта да реформаларды нәтижелі жүзеге асыратынына сенім білдірді.
06 Қазан, 2022
Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
06 Қазан, 2022
Нобель әдебиет сыйлығын Энни Эрно алды
Әдебиет саласы бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы 82 жастағы француз жазушысы Энни Эрноға бұйырды. Бағалау комиссиясы оның шығармашылығын «жеке жадтың және ұжымдық шектеулердің тамырын ашуда батылдық пен ептілік танытқаны үшін» бұл сыйлыққа лайық деп таныды.
06 Қазан, 2022