Редакция таңдауы
Алматылықтарды қандай мәселе алаңдатады?
Алматы қарқынды түрде урбандалып жатқан қалалардың қатарында. Бүгінде мегаполис тұрғындары 2 млн адамнан асып жығылады. Халықтың толассыз көбеюі түрлі проблемаға жол ашып отыр. «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен шаһардағы өзекті мәселелерді анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді.
24 Қараша, 2021
Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген «Алматы − Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты егемен ел шежіресін баяндаған көрме ашылды.
24 Қараша, 2021
Пандемия кезінде әлемде 9 мың бала шетінеді
«Жасыл аймаққа» ауысқан Алматыда 22 қарашада 127 адамнан індет табылды. Бір тәулікте 14 адам айығып үйіне оралса, есесіне олардың орнын 38 науқас басты. Қазір елімізде індетке қарсы екпе қайтара салынып жатқаны белгілі. Халықтың бір бөлігі коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы дозаларын алуға әлі күнге дейін жүрегі дауаламай отырғанда, енді бірі оны қайталап салдырып жатыр.
24 Қараша, 2021
Қазақстан – әлеуметтік бағдар ұстанған мемлекет
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз алдына «әлеуметтік бағдар ұстанған, нарықтық экономикасы бар қуатты егеменді мемлекет құру» міндетін қойды және ол жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуына негіз болды.
24 Қараша, 2021
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысып, сол жиын барысында еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Бұл айқындалған негізгі бағыттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатқа қатысты ұстанған жолымен үйлесіп, сындарлы сабақтастық осылайша жалғасын тауып отыр. Осы орайда, Қазақстан алдағы уақытта қандай басымдықтарға мән беретініне тоқталуды жөн көріп отырмыз.
23 Қараша, 2021
Жергілікті қамтудың үлесін қалай арттырамыз?
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы сауалға жауап ізделді. Сондай-ақ тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі қаралып, әдеттегідей елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай сөз болды.
23 Қараша, 2021
«Жас қазақ»! Ән өнерінің жауһары саналатын бұл туындының даңқы ел ішінде қаншалықты мәшһүр болса, туу тарихы соншалықты мұңды. Ал майдан даласынан халық ортасына жету тағдыры жүрек тебірентерлік.
23 Қараша, 2021
Ауру асқынып, әл таусыла бастағанда дәрігер іздеп, әбігерге түсетініміз несі осы?! Жанға батқанша тым жайбарақатпыз. Тегін скринингтен өтуден қашамыз. Облыста обыр дертінің асқынып тұрғаны да сондықтан. Соңғы он айда ғана 3 274 азаматтан аты жаман ауру анықталып, тіркеуге қойылған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 20,8 пайызға көп.
23 Қараша, 2021
Шымкент қаласында халық саны өскен сайын түрлі өнім, қызмет түрлеріне деген сұраныс та артуда. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында жергілікті кәсіпкерлер сапалы өнім шығарып, тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Жылдан-жылға халықта таңдау еркіндігі артып келеді. Себебі үшінші мегаполисте кәсіпкерлік нысандары көбейіп жатыр. Бұл үрдіс өз кезегінде кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестікті күшейтіп, сапаның артып, бағаның түсуіне зор ықпал жасайды. Нәтижесінде, нарықта азулы нысандар қалады. Осы орайда қалада тек ірі кәсіпкерлерді емес, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында көптеген жұмыс атқарылуда.
23 Қараша, 2021
Жеке қосалқы шаруашылық: Ірілене ме, біріге ме?
Қазіргі таңда елімізде 1 636,2 мың жеке қосалқы шаруашылық бар. Олар 2020 жылдың соңына қарай жалпы сомасы 2,6 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Бұл салада 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді, олар табыс деңгейі төмен азаматтар санатына жатады. Шаруашылықтарда қордаланған мәселе де көп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке қосалқы шаруашылықтар туралы бөлек заң болуы керегін ерекше тапсыруы да сондықтан.
23 Қараша, 2021
Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлап ап, Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап. Қазір оқығандарыңыз жарықтық Жұматай Жақыпбаевтың жұрт жатқа айтып жүрген жыры. Иә-иә, меңді сұлу Ләйләға арналған. Шіркін-ақ дерсіз... Бірақ біз бүгін Ләйлә жайлы емес, Ләйлә таққан алқызыл шарф туралы айтқымыз келеді. Сұлудың сұңғақ мойнына оралған түрлі-түсті лентадай құлпырған матада несі бар екен ақынның...
23 Қараша, 2021
АҚШ Ресейге қарсы ядролық қару қолдану нұсқасын пысықтаған ба?
Ресей әскери күштері Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына жақын жерде АҚШ әскери-әуе күштерінің стратегиялық бомбалаушы авиациясының белсенділігінің едәуір артуын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2021
Айдос Үкібай Елбасы шешімінің себебін түсіндірді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының Төрағасы өкілеттігін Президентке тапсыру туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2021
Министр Pfіzer вакцинасының бағасына қатысты пікір білдірді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfіzer вакцинасының бағасы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2021
Салық дискриминациясы отандық өндірушілердің мүмкіндігін шектеуде – Энергетика министрі
Шетелдік және отандық өндірушілер арасында қалыптасқан салық дискриминациясы жергілікті тауар өндірушілердің ірі жобаларға қатысу мүмкіндігін шектеп отыр. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2021
Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды
Кәсіпқой бокс әлемінде жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген сайыпқыранымыз, Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусіновтің IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласатын шайқасында кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2021
Нұр-Сұлтанда бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқиды
Елордада бірініші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары бүгін мектепте сабақ оқымайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Қараша, 2021
Ұлттық бейнелеу өнерінде шарж жанры кенжелеу дамыған. Кезінде ұлы Шоқан бабамыздан бастау алған өнерді кәсіби деңгейге жеткізген санаулы ғана суретші бар. Соның бірегейі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Еркін Нұразхан.
23 Қараша, 2021
Құлақтан кірген құдіретті музыка туындылары денені шымырлатып, алпыс екі тамырға рух жүгірткендей тебіренесің. Ұлт аспаптарының шертолғақ шанағынан шымыр-шымыр ноталар түлегенде ат тұяғынан сүрдекке айналған жолда жортуылда күн кешкен ұлы бабалардың мұрат-мақсаты мен асқақ арманы болған бүгінгі берекелі шақта бесік тербеткен қазақ ұлтының тектілігі қылаң береді. Міне, осындай сан толқынысқа жетелеген белгілі әнші, Қазақконцерт солисі Ерболат Шалдыбековтің «Төгейін жырды халқыма» атты жаңа концертінің куәсі болдық.
23 Қараша, 2021
Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен
Былтыр Затобол деген ескі атауын тарихқа өткізіп беріп, қала мәртебесіне ие болған ең жас қала Тобыл шаһарының бүгінде ұлт мәдениетінің жаршысы, дәстүрлі өнердің насихатшысына айнала бастағаны қуантады. Қаланың қақ ортасына орналасқан «Алтын дән» мәдениет үйінде қазақтың ақыны, сазгер, кезінде Ыбырайдың ағартушылық идеясын насихаттап, ұлы ұстазға көп қолдау көрсеткен Нұржан Наушабайұлы атындағы республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті.
23 Қараша, 2021