Редакция таңдауы
LRT құрылысының қашан аяқталатыны белгілі болды
Елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Алтай Көлгінов банктердің бірі LRT құрылысын жалғастыру үшін қаржыландыруға қатысатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2021
2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты іске қосылады
Мұнай-газ химия зауыттарын салу ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2021
15 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 15 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2021
«Анаға тағзым» орталығы ашылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Тараз қаласында «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Аталған орталық «Таразға тарту» жобасы аясында бой көтерген. Бұл нысанды «АрайСтройМаркет» ЖШС директоры Арман Еділбаев өз қаражатына салып беріп отыр. Орталық заман талабына сай салынып, ұлттық нақышта безендірілген. Жұмыс істеуге барлық мүмкіндік бар. Ал алдына ақжаулықты аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылған.
15 Қазан, 2021
Тарихи сананы жоюдың ерекше тәсілдері қолданылған
Нұр-Сұлтанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі жобалық кеңсе Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп, «Дәстүрлі дін өкілдері – саяси қуғын-сүргін құрбандары бойынша материалдар жинау тәжірибесімен алмасу туралы» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
15 Қазан, 2021
Қазақстан-Германия: Өзара ынтымақтастықтың алғашқы қадамы
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанға алғаш рет Германияның Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншер келді. Нақтылай айтқанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жариялануы алдында, 1991 жылдың соңғы айларындағы сыртқы саяси оқиғалар қатарында Германия тарихындағы және сол кездегі әлемдік саясаттағы ең ықпалды тұлғалардың бірі – ГФР Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің елімізге алғашқы сапары маңызды орын алды.
15 Қазан, 2021
Қазан айында Қазақстанда диаметрі үлкен болат құбырлар шығаратын жалғыз зауыт – «ArcelorMittal Products Aktau» АҚ өзінің 15 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде кәсіпорын 170 мың тоннадан астам құбыр өнімдерін шығарып, сатты. 920 шақырымнан астам құбыр коррозияға қарсы жабынмен өңделді.
15 Қазан, 2021
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар Каспий теңізінің биологиялық алуандығын сақтау туралы хаттаманы ратификациялады.
15 Қазан, 2021
Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласын түрлендіру, сәулеттік келбетін арттыру күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жергілікті әкімдіктерге зор жауапкершілік жүктеп отыр. Қазіргі таңда мемлекет қолдауының нәтижесінде облыс орталығында игілікті жұмыстар атқарылуда.
14 Қазан, 2021
ПИК-тен – МИБ-ке: Бүгінге дейін не өзгерді?
Пәтер иелері кооперативтерін (ПИК) мүлік иелері бірлестіктеріне (МИБ) немесе жеке серіктестіктерге ауыстыру жұмысы басталғалы біршама уақыт өтті. Содан бері не өзгерді? Тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына өту қалай жүзеге асырылып жатыр? Шолу жасап көрдік.
14 Қазан, 2021
1966 жылдың жадыраған жазы. Алғабас аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы Бақытжан Қалменов алдында тұрған ұзын бойлы, сымбатты жігітке сүйсіне қарап, жолдамасымен танысты.
14 Қазан, 2021
Көгілдір отын – қою түтін құрсауынан құтылу жолы
Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болғалы бері ауыз толтырып айтуға болатын ауқымды жобалар қолға алынды. Сол жобалардың көшбасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Арқа төріне көгілдір отын тарту бастамасы тұр дер едік. Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас қаланы газдандыру жұмысына айрықша назар аударып келеді. Мәселен, күні кеше Алматы ауданындағы Оңтүстік-шығыс тұрғын алабы Майдақоңыр көшесінің тұрғындары да көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді.
14 Қазан, 2021
Сұлу Көкше – ән мен жырдың Меккесі
Бұл күндері ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанған, ілкідегі рухани өмірімізге мәңгі өлмес мұра қалдырған сал-серілердің асқақ үні, ғажайып салтанатының сұлбасы әлі күнге дейін көгілдір аспанда кілкіп тұрған Көкшетау биыл Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін алып отыр.
14 Қазан, 2021
3-6 жас аралығындағы балаларды 100% балабақшамен қамту жоспарланған – Бауыржан Байбек
«Nur Otan» Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін ол Маңғыстау облысында сайлауалды уәделердің орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Жамбылда тағы жарылыс болды: Қорғаныс министрлігі түсінік берді
Жамбыл облысында оқ-дәрі қалдықтарын жару жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Қазақстанда құс фабрикалары жабылуы мүмкін
Елімізде жемдік бидайдың бір тоннасы 150 мың теңгеге сатылып жатыр. Шаруалар бағаны әлі де шарықтатудан дәмелі, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
14 Қазан, 2021
Қыздар университетінің жерін иемденген лауазымды тұлғалар ұсталды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тиесілі жер учаскесін иемденіп, сатып жіберді деген күдікпен бірқатар лауазымды тұлға ұсталды, деп жазады Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
14 Қазан, 2021
14 қазанға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
1992 жылы ашылған Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорында 55 мың жәдігер сақталған. Оның 15 мыңнан астамы негізгі қордағы құндылық саналады. Соның бірі һәм бірегейі қазақ драма театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике Шанинаның Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» пьесасында Қарагөз рөлін сомдаған киімінде салынған суреті.
14 Қазан, 2021
Балалардың көз іші қатерлі ісігіне операция жасалады
Елімізде бұл күндері әсіресе, балалар арасында жиі кездесетін көз іші қатерлі ісігіне ота жасала бастады. Отандық дәрігерлер қолға алған СИАХТ отасын Орталық Азия медицина тарихындағы үлкен жаңалық деуге болады.
14 Қазан, 2021