Редакция таңдауы
Алматы туризмі сервис, қауіпсіздік, озық технологиялар мен инвестицияға тәуелді
Екінші жылға ұласқан жаһандық пандемия жұртты түгел тұсаулап отыра алмақ емес. Індет туризм саласының дамуын тежеп тұрса да, ебін тапқан жиһанкездер таза ауа, тау, жаңа әсерлер іздеп әлемнің әр түкпірінде жүр.
28 Шілде, 2021
Жоғалып-табылғандардың әлегі жетерлік
«Таксиші жоғалды» дегенге жұрт елең ете қалады. Өйткені осы кәсіптің адамдарына әне бір жылдары жиі қастандық жасалып, өлі денелері жиі табылатын. Бұл жолы да сондай оқиға емес пе екен деп петропавлдық тәртіп сақшылары өре түрегелген.
27 Шілде, 2021
Ұрпақтар сабақтастығы қалай сақталады?
Шетелдік ғалымдар ұсынған «ұрпақтар теориясы» деген ұғыммен бұрыннан таныспыз. Түрлі ұрпақ ұстанатын құндылықтар, ұқсастықтар мен ерекшеліктер сол дәуірдегі саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдаймен һәм технологияның дамуымен байланысты. Өсіп келе жатқан жас буынды түсініп, жылы қарым-қатынас орнату қашанда оңай шаруа емес. Алайда олар ер жетіп, қоғамның бар бөлігіне айналғанда санаспауға болмайтыны анық.
27 Шілде, 2021
Талабы ерек Босқындар құрамасы
Төртжылдықтың басты бәсекесінде Босқындар құрамасы да бақ сынауда. Отанындағы қиын жағдайларға байланысты туған елінен кетуге мәжбүр болған спортшылар биыл бөлек одақ құрып, өнер көрсетіп жатыр.
27 Шілде, 2021
Металды терең өңдеуге бет алды
Қазақстан металының көп бөлігі шикізат күйінде шетелге экспортталатыны белгілі. Дегенмен, қолға алынған индустрияландыру бағдарламаларының нәтижесінде, елімізде металдан дайын өнімдер алуға ерекше басымдық берілуде. Әсіресе алюминий өндірісінде жақсы қадамдар жасалғанына жұрт куә.
27 Шілде, 2021
1942 жылдың қыркүйегінде майданға Ақтөбе облысынан 18-25 жас аралығындағы 300 қыз аттанған. Соғыстың беталысын болжауға мүмкін болмай, ер жауынгерлер жетіспей жатқан шақта әскерге алынған қыздардың қатарында Новоресей аудандық партия комитеті құпия бөлімінің хатшысы, 18 жастағы Шолпан Тасмұхамедова да бар еді. Мектеп бітірген бойы партия қызметіне араласқан бойжеткен тағдырын соғыс осылайша күрт өзгертті.
27 Шілде, 2021
Мұқағали мұрасы – Түркия төрінде
Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман-мұңы халқының қастерлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Тәуелсіздіктің мерейлі белесімен тұспа-тұс келген ақын тойына арналған шаралар шоғыры еліміздің әр өңірінде салтанат құруда. Күні кеше Түркия астанасы Анкарада «Мұқағали Мақатаев және оның шығармалары» атты конференция өтіп, ақынның алты тілде жарық көрген «Соңғы тырналар қайтқанда» кітабының тұсауы кесілді.
27 Шілде, 2021
ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы ауысты
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық өзгерістер орын алды. Мемлекет Басшысының тиісті өкімдері Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Бес қалада шектеу шаралары күшейтіледі
Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Токио-2020: Елена Рыбакина ширек финалға шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға өтті
Бүгін Токиодағы Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден іріктеу турнирі өтті деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Министрлік LinkedIn ресурсының бұғатталуына қатысты пікір білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn интернет ресурсының бұғатталуына себеп болған жайтты атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Сайлауды азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті. Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Асқар Мамин Өзбекстанның көлік министрімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады
Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 310 мыңнан астам өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
27 Шілде, 2021
Елге оралған Елдос Сметовке көлік сыйлады
Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленген дзюдошы Елдос Сметов бүгін таңғы 4:20-да Алматыға ұшып келді. Әуежайда спортшыға су жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
ІІМ жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті
ІІМ әуежайлар мен темір жол вокзалдарында жолаушылардың ковид-мәртебесін тексеруді күшейтті, деп жазады Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Коронавирус пен пневмониядан 110 адам қайтыс болды
Елімізде коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 110 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Бүгін елімізде ауа райы ашық болады
Қазгидромет 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Шілде, 2021
Қазақстанда тағы бір ауыл облыстық маңызы бар қалаға айналды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жаңа Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
27 Шілде, 2021