Редакция таңдауы
Елімізде қашан күн жылынатыны айтылды
«Қазгидромет» синоптиктері 24-26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2021
Билік өкілін қорлаған азамат қоғамдық жұмысқа жегілді
Билік өкілін қорлаған ақмолалық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz.
23 Сәуір, 2021
2017 жылы елордада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ашылған еді. Аты да айтып тұрғандай, бұл орталықта рухани қазынамыздың құнды жәдігері саналатын, бағзы заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен, еш жерде кездесе бермейтін сирек жазбалар сақталған. Қазір орталықтың қорында 11 мыңға жуық сирек кітап болса, оның 316-сы – XIX-XX ғасырларға тиесілі бағалы еңбектер. Орталық қорында көне Құран кітабынан бастап, хадистер жинағы, ертедегі хандарымыздың жазған хаттары, бұйрықтары, біртуар тұлғалардың қолтаңбасы қалған туындылар, ежелдегі Ислам құқына қатысты кітаптар, әл-Фараби заманынан бергі жазбалар бар.
23 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік тірегі – ел бірлігі
Тәуелсіздік – киелі ұғым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласында: «Бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет – ел бірлігі. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел... Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың міндеті», деді. Бұл тәуелсіз елімізге ауадай қажет ой. Себебі, бірлік – ұлтты сақтаудың бір кепілі. Демек, ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарғанға не жетсін!
23 Сәуір, 2021
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналатын болды.
22 Сәуір, 2021
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Ресей президенті ел халқына кезекті жолдауын жариялады. 1 сағат 18 минутқа созылған федералды жиында Владимир Путин коронавируспен күрес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек тақырыптарын сөз етті.
22 Сәуір, 2021
Президенттік институт – пәрменді билік
Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасында басталған Кеңес Одағындағы қайта құру саясаты нақты нәтиже бермеді және ол халықтың үмітін ақтай алмады.
22 Сәуір, 2021
Қарашоқы. Қас қарая Бақыжан отырған киіз үйдің есігі сарт ашылып, еңгезердей біреу кіріп келген. Үй ішін алакөлеңкелеп тұрған пілте шамның сығырайған жарығы сұлбасын ғана көрсетті. Ентігін басар-баспастан жан-жағын жанарымен шолып шықты да, жер үстелдің аяқ жағына жайғаса кетті. Қазақтың «шықпа жаным, шықпа» деп үрейлі күй кешіп отырған кезі-тұғын. Қай күні итжеккенге айдалып, қай күні атылып кететіні де белгісіз. Үй иелері құдайы қонаққа дастарқан жайып, төрге оздырды. Бақыжан жөн сұрасып, онымен түн ауғанша әңгімелескен. Сөйтсе «қызылдардан» қашып жүрген қазақ баскөтерерінің бірі екен.
22 Сәуір, 2021
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Пандемия кезінде басқа да қауіпті кеселдерді бақылап отырудың көкейкестілігі былтыр да көрінді. Қандай дерттің болсын алдын алып, диагнозын дер кезінде қойып, ем тағайындау аса маңызды.
22 Сәуір, 2021
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Өткен аптада АҚШ президенті Байденнің әкімшілігі «елдің ұлттық қауіпсіздігіне қол сұққан» Ресейдің кейбір әрекеттеріне байланысты санкциялар жариялады. Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді деген сауалға АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер жауап берді.
22 Сәуір, 2021
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Бүгін Ирина Герлицтің туған күні. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының екінші жартысы мен тоқсаныншы жылдардың басында бұл есім ерекше құрметпен аталатын. Қазақстанда туып-өскен ол ұзақ уақыт бойы баскетболдан Алматының «Университет» клубының намысын қорғады. КСРО құрамасы сапында жасындай жарқылдап, әлемдегі үздік ойыншылардың санатына қосылды. Міне, сол даңқты жерлесіміз бүгін 55 жасқа толып отыр.
22 Сәуір, 2021
Қырымбек Көшербаев: Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның онлайн жүйесіндегі отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысы: Атырау облысында медицина мамандары жетіспейді
Білікті мамандардың тапшылығы жағдайды ушықтырып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
22 Сәуір, 2021
Сенатор Мұхтар Жұмағазиев жұмыс процесінің төмен деңгейде ұйымдастырылуы, еңбек етуге қарапайым жағдайдың жасалмауы, материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі, жалақының төмендігі ветеринар мамандардың қызмет етуге ынтасының азаюына әсер ететінін айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2021
Ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен Бөдеш өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2021
Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы
Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Қилы заманда бірден-бір дұрыс жолды таңдай білген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының сабақтастықпен жалғасын табуының, Қазақстанды мекендеген этностардың сын кезеңдерде шыңдалған бірлігі мен татулығының арқасында шаңырағымыз шайқалмай, отыз жыл бойы елімізде ұшан-теңіз игі істер атқарылды.
22 Сәуір, 2021
Қазіргі таңда Қазақстан және онда тұратын барлық этностардың тыныс-тіршілігі әлемдік қоғамдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде бейбітшілік пен келісім және жасампаз еңбек болуы қажет екендігі белгілі. Онсыз демократияны қайта құру, мәдениетімізді алға жылжыту және экономикалық тұрақтылықты жүзеге асыру мүмкін емес. Мұның еліміздегі барлық шағын этностық топтардың өкілдеріне тікелей қатысы бар.
22 Сәуір, 2021
Жаһандық пандемия Қазақстанды да шарпыды. Талай жан денсаулығымен күресіп, өмір мен өлімнің ортасында арпалысты. Өкінішке қарай, арамыздан жаны жайсаң қаншама адам өмірден өтті. Елге түскен нәубетпен денсаулық сақтау ұйымдарынан өзге, қарапайым халыққа дейін қарап қалмады. Күресті. Қиын-қыстау сәтте ел ортақ мүдде жолында бірікті. Тыныс алуы қиындағандарға әркім шамасына қарай көмекке келді. Бірі аппарат жеткізіп берсе, бірі дәрі-дәрмектен қарасты. Енді бірі зауытта жүріп, сол оттегін баллондарға құйып, науқастарға тасымалдады.
22 Сәуір, 2021
2020: Музейге қанша адам барды?
Ресей Мәдениет министрлігінің хабарлауынша, былтыр көрші елде музейге жиырма миллионға жуық адам барыпты. Жыл бойына 2,7 мың көрме жобасы өткен. Бұдан бөлек пандемиялық ахуалға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылған 23 мың іс-шара 300 миллион қаралым жинаған.
22 Сәуір, 2021
Ақындар мен суретшілер бақ сынайды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мәдениет порталы» ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» атты ақындар мен суретшілер арасындағы республикалық онлайн-байқауы жарияланды. Өнер бәйгесінің жалпы жүлде қоры – 7 600 000 теңге.
22 Сәуір, 2021