Редакция таңдауы
Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауады
19 мамырда Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
19 Мамыр, 2021
Қазақстандық ұнның басты импорттаушысы – Ауғанстан. Бұл фактор биыл да өзгерген жоқ. Биылғы қаңтар айында осы мемлекет бізден 17,4 млн долларға 59,8 мың тонна ұн сатып алған. Экспорттың қалған 29,8%-ы ТМД елдеріне тиесілі. Ал жұмсақ бидай мен қоспа бидай экспорты 5,2 млн тоннаға жеткен. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 1,2%-ға кемісе де, сатылу құны 1,1 млрд долларға дейін өсіп, 2019 жылға қарағанда 13,4%-ға жоғары болды.
19 Мамыр, 2021
Түркістан судан таршылық көрмей ме?
«Ағын судың арамы жоқ» деп арықтағы судан шөлін қандыратынын айтатын ауылдағы аға буынның сөзіне қаланың баласы сене қоймас. Ауылдарда өзгеріс көп, ауыз суыңыз құбыр арқылы әр аулаға дейін жеткізілген. Яғни ауылға жиі баратын қаланың баласы арықтағы ағын суды ішуді жабайылыққа балар. Онымен тұрмай, қала тұрғындарының көпшілігі пәтерге кіргізілген құбыр суын «аквафор» сүзгісі арқылы тазартып барып тұтынады. Сол қалада ауыз сусыз отырғандар да бар.
19 Мамыр, 2021
Шығыс Қазақстанда өршіген індет сәл бәсеңдеген көрінеді. Алдыңғы тәулікте облыста короновирус инфекциясы 74 адамнан ғана анықталды. Әрине, оның өзі аз көрсеткіш емес. Бірақ мамандар «жасыл аймаққа» өтуге негіз бар деген шешімге келді.
19 Мамыр, 2021
Дербес деректі қолдана білу де өнер
Келешекте әлемді алып корпорациялар басқарып, адамның түсінігіндегі биліктің форматы түбегейлі өзгереді. Тіпті саяси элиталар технократтардың дегеніне көндігіп, ырқына жығылуға мәжбүр болады. Қазір кез келген футурологты тыңдасақ, айтатыны осы. Бірақ жасыратыны жоқ, технологиялық үдерістер қарқын алған сайын адамдардың жеке кеңістігі тарылып бара жатқандай әсер қалдырады.
19 Мамыр, 2021
Тарихты зерделеу – ұрпақ міндеті
Ерлікті дәріптеу, бүгінгі ұрпаққа жеткізу маңызды. Осы орайда Түркістан облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы филиалында Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне құрмет көрсету, есімін ардақтау, жастардың бойына отансүйгіштік құндылықтарды дарыту, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Рақымжан – Жеңіс сарбазы!» ерлікке тағзым эстафетасы өтті.
18 Мамыр, 2021
Қазақ радиожурналистика ғылымының негізін қалаған, журналистика ғылымының мектебін қалыптастырған ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашұлы Қазақ радиосының 100 жылдығына орай «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берді.
18 Мамыр, 2021
Өскеменнің бұрынғы әкімі министрліктегі қызметінен де кетті
Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылғаннан кейін, сауда министрлігіндегі қызметінен де босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2021
Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы елшісі ауысты
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
18 Мамыр, 2021
Аида Балаеваның анасы өмірден озды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Мамыр, 2021
Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады
18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Мамыр, 2021
Көктем және жаз мезгілдерінде адамдарға түрлі жәндіктен, мал мен өзге де жануарлардан келетін қауіп арта түседі. Себебі бұл уақытта зиянкес жәндіктердің жер бетіне шығуы көбейеді. Сондай-ақ түрлі жануарлардың бойындағы ешкімге білінбейтін кеселдердің де адамдарға кесірін тигізуі мүмкін. Бұл орайда, адамдардың өзі де барынша сақтанып жүргені дұрыс.
18 Мамыр, 2021
Сыр мен жырға толы тұлғалар музейі
Музей – тарихи жады мен өткен дәуірдің мұрасын сенімді сақтайтын мемлекеттік маңызы зор мәдени мекеме. Білім көкжиегін кеңейтіп, танымды арттырып, әсемдікпен байланыстыратын музей атаулы адамның әлем мен уақытқа қатысы барын сезіндіретін айрықша қуатқа ие. Уақыт озған сайын маңызының арта түсетіні де сондықтан.
17 Мамыр, 2021
Мемлекет мән беріп отырған маңызды міндеттің бірі – шағын және орта бизнесті қолдау. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде кәсіпкерлерге мемлекеттің қомқорлығы қажет-ақ.
17 Мамыр, 2021
Денсаулықтарыңызды сақтаңыздар: Алексей Цой вакцинадан кейінгі жағдайы туралы айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2021
«Астана LRT»: Прокурор айыпталушыларға қандай жаза қолдану керектігін айтты
Нұр-Сұлтанда Astana LRT қаржысын ұрлау бойынша сот процесі жалғасуда. Бүгін прокурор жеті айыпталушыны 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
17 Мамыр, 2021
«Үркер-2021» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «Үркер – 2021» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2021
Қыркүйекте халық санағы басталады
2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2021
Бүгін елімізде қатты ыстық болады
17 мамырда Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен, күн райы ашық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Мамыр, 2021
Еркін жүргің келсе, екпе салдыр
Вакцина алғаннан кейін бетпердесіз жүре беруге бола ма? Аллергиясы бар адамдарға екпе алуға рұқсат етіле ме? Көпшілікті толғандырған осы және өзге де сауалдарға отандық ғалымдар жауап берді.
17 Мамыр, 2021