Редакция таңдауы
Ақсуда балаларын сабаған тұрғын заң алдында жауап беретін болды
Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы, 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
20 Сәуір, 2021
COVID-19: Планетадағы жағдай тұрақсыз
Бір жылдан астам уақыт бұрын әлемді әуреге салған пандемияның шеті көрінер емес. Қайтыс болғандар саны 3 млн-нан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індет жұқтырғандар қатары соңғы екі айда екі есе өсуіне алаңдап отырғанын жеткізді.
20 Сәуір, 2021
Әттең бір қапы дүние-ай! Бұл мақала бұрынырақта, кейіпкердің көзі тірісінде жазылғаны жөн-тұғын. Керенаулықтың кесірінен созбалаққа салып жүргенде Жетісудан жайсыз хабар жетті. Өзектегі өкінішті басудың ендігі жолы – марқұмның мына өмірдегі өнегелі істерін еске алу болса керек. Ағам туралы айтарым көп-ақ сияқты еді. Ақ қағазға қол артсам болды, қара қаламнан сөз сорғалап қоя беретіндей көрінетін. Ендеше, ежіктеп кітап оқыған бастауыш сыныптың баласындай кібіртіктеп отырғаным қалай? Сірә, өзім аса құрмет тұтқан адам жайында азасөз жазуға қиналғандығымыз шығар.
20 Сәуір, 2021
Былтыр ұлы ақынның айтулы мерейтойы аясында «Абай» телеарнасы ашылып, мәдени-рухани өміріміз жаңаша бір серпілгендей болды. Қазір осы арнадағы «Руханият», «Сарасөз», «Үркер», «Жәдігер», «Бір туынды», «Дәуір даналары» атты тарих пен өнерді кең қамтыған байыпты бағдарламалар көрерменнің көз қуанышына айналды. Осы қатарға өз ортасынан оза шауып жүрген сан қырлы мамандық иелерін дәріптейтін «Есімдер» бағдарламасын қосар едім. Жақында содан «Астана Балет» театрының жетекші солисі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Риза Қанатқызы туралы жып-жылы хабар берді. Соны көріп отырып, талантты балеринаның өнер жолына қызықтық. Оның айтқан әрбір сөзінен қазақы тәрбиенің қайнарына қанып өскендігі байқалып тұрды. Жас болса да балет өнерінде өз қолтаңбасы қалыптасқан.
20 Сәуір, 2021
30 жыл дегеніміз тәуелсіз мемлекет үшін көп уақыт емес. Тәуелсіздік алған күннен бастап жаңа жағдай, сол жағдай ерекшеліктерін көлденең тартқан мүлде басқа мемлекеттік ахуал қалыптасты. Геосаяси кеңістігімізді қайтадан қалыптастыру процесіне жаңа көзқараспен қарауға қажеттілік туды.
20 Сәуір, 2021
«Талантты адамдардың «тәтті тамұғынан» буырқанып, бұлқына шыққан сәтті туындыларына таңғалмақ керек. Жанды картинаға, жақсы өлеңге һәм тәуір шығармаға таңғалу екібастан дұрыс. Әрі өз басыңа бұйырмаған өнерді басқа бір замандасыңнан көріп, тамсана таңғалуың заңды құбылыс сияқты. Яғни бұл да белгілі бір деңгейде мәдениеттіліктің белгісі дейміз. Алайда уақыт өте келе жақсыға таңғалудың жөні мен жосығы да өзгереді екен».
20 Сәуір, 2021
Қасиетті Рамазан айының берекеті – таңғы сәресін ішу. Қазақша айтқанда, «ауыз бекіту» асы. Бұны арабша «сухур» дейді. Сәресі уақытында өте көп берекеттер бар, - дейді ислам ғұламалары. Өйткені, қасиетті айда сәресін ішу тек мұсылман баласына нәсіп болған. Мұндай берекелі ас басқа кітап иелеріне бұйырмаған.
19 Сәуір, 2021
Цифрлы технологиялар, интеллектуалды шешімдер, жасанды интеллект, өзгермелі әлем білім беру саласының даму қарқынын да жеделдете түсті. Жаңа жағдай әр баланың дара қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді. Оқушының жеке даму траекториясын бақылауға, қажеттіліктерін анықтауға, ынталандыруға мүмкіндік беретін білім беру ортасы қоғамға қазір ауадай қажет.
19 Сәуір, 2021
Серекбол Тоқмолдин: Қазақстан іргелі және қолданбалы ғылымымен дамиды
– Серекбол Жарылғапұлы, Президент табысты экономиканың негізі ғылымды қажет ететін технологиялар екенін айтып, осы бағытта ғылымның зияткерлік әлеуетін көтеру, инфрақұрылымды дамыту мен цифрландыру, әлемдік ғылыми кеңістікке ықпалдасу сияқты маңызды мәселелерге көңіл аударған болатын. Алайда қоғамды «Қазақстанда ғылым жоқ» деген пікірлер жиі мазалайды. Оған себеп болатын дәлелдер бар ма?
19 Сәуір, 2021
Үлкен-кіші бас алмай көріп, қызу талқыға салған бір ғана «Паразиттер» (Пон Чжун Хо) комедиялық драмасының қызуы әлі басылған жоқ. Оңтүстіккореялық киногерлер жанрлық фильмдерді жақсы меңгере отырып, бүгінде диснейлік блокбастерлерді өкшелей қуып келеді.
19 Сәуір, 2021
Бизнесті тың технологияға икемдеудің игілігі
Уақыт өткен сайын бұлтты технологияларға сұраныс артып барады. Әсіресе оның артықшылығы қаржы-экономика салаларында айқын байқалуда. Мәселен, әлемдегі қаржы институттарының 95%-ға жуығы бұлтты есептеулерге басымдық берген. Мұндай дерек Accenture халықаралық консалтингтік компаниясының таяуда жарияланған зерттеуінде келтірілді.
19 Сәуір, 2021
Атырау облысында шекара қоршаулары алынды
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Көптоғай ауылында салып жатқан шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды. Енді ауыз суды сағаттап алып жүрген көптоғайлықтар Қиғаш өзеніне бара алатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Израиль билігі маска тағу режімін алып тастады. Енді ашық аспан астындағы нысандар мен көшелерде бетпердесіз жүруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Жозе Моуринью «Тоттенхэмнен» қуылды
Португалиялық маман Жозе Моуринью Англияның «Тоттенхэм» футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Шпекбаевтың қақпаны: Антикордың экс-басшысы қанша жемқордың ісін әшкереледі?
Өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы қызметінен босатылған Алик Шпекбаев бұл қызметті үш жарым жылға жуық атқарған еді. Жемқорлыққа қарсы жүйеде бас-аяғы алты жылдан астам уақыт жұмыс істеген ол жауапты лауазымда отырып жемқорлықпен күресуге айтарлықтай күш жұмсады, деп жазады Egemen.kz қазақстандық Forbes-қа сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Әскери қайраткер Ким Серікбаев дүниеден өтті
Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
«Қазгидромет» синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанның орталығында жол опырылып түсті
Нұр-Сұлтан қаласында жолдың ортасында пайда болған тесікке көлік түсіп кете жаздады. Көлікті шығаруға жақын маңайда болған жүргізушілер көмектесті. Мұндай видео 18 сәуір күні инстаграм желісінде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Сәуір, 2021
Қазақстанда коронавирустан 23 науқас көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
19 Сәуір, 2021