Редакция таңдауы
Отпен арпалысу осалдың ісі емес
Ақтөбе қаласындағы №1мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мұқан Әмір – тәжірибелі құтқарушы, әрі өрт сөндіруші. Осы салада қызмет атқарған он үш жыл ішінде нелер төтенше оқиғалардың куәсі болды, талай мәрте басын қатерге тіге отырып адамдар өмірін құтқарды, өзекті өртер көріністердің де куәсі болды.
05 Сәуір, 2021
Театр қоржынында – кезекті жүлде
Халықаралық байқауда топ жарған Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының қоржынында кезекті жүлде! Әсіресе соңғы бірнеше жылда өзінің жаңашыл ізденістерімен кішкентай көрермендердің рухани кемелденуі жолында есепсіз тер төгіп келе жатқан ізденгіш ұжымның шығармашылық аяқалысы мен қарымы бүгінде елден асып, алыс-жақын шетелді де мойындатып, ұлт мерейін асырып жүр. Оның және бір жарқын дәлелі – талантты театр труппасының Қырғызстанның «Эргуу-2021» ұлттық театр жүлдесін еншілеуі.
05 Сәуір, 2021
Әп-әдемі істі әкімқаралар қор қылмасын...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында: «Біз еңбек күші көп оңтүстік өңір тұрғындарының солтүстік және шығыс аймақтарға қоныстануына қолайлы жағдай жасап, осы жұмысты назарда ұстаймыз. Бұл – өте өзекті әрі еліміздің қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Бұған қоса соңғы жылдарда түрлі себептерге байланысты бәсеңдеп қалған қандастар көшін барынша қолдап, оларды жоғарыда айтылған өңірлерге орналастыруды жандандырамыз.
04 Сәуір, 2021
АҚШ-та бизнес жүргізудің артықшылығы мол
ILF Adilet & Alem компаниясы құқықтық қолдау көрсетумен және инвестиция тартумен айналысады. «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген 50-ден астам шетелдік компания дәл осы ILF Adilet & Alem арқылы Қазақстанға келген. Компания өкілдіктері әлемнің бірнеше қаласында жұмыс істейді. Жақында компания Қазақстанда аса ірі бизнес жобаны жүзеге асырмақ. Осы және басқа да мәселелер туралы компанияның негізін қалаған Әйгерім БЕРЕКЕШЕВАМЕН пікірлесудің сәті түсті.
04 Сәуір, 2021
«Менің атым Қожа»: авторлар мен кейіпкерлер тағдыры
Қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлде ойнаған, жуырда ғана 70 жасқа толғанын тойлаған Нұрлан Санжарды ұзақ уақыттан бері мазалап келе жатқан, бірақ жауабын таба алмаған сауал осы екен. «Бұл кино авторларына да, кейіпкерлеріне де жақсылық алып келмеді» деген пікірді құлағы шалған кезде жылдар бойы мазалап келген сауалға жауап тапқандай болды.
04 Сәуір, 2021
Оруэллдық образдар немесе арғымақтардың ақыры
Қай дәуір болмасын тоталитарлық жүйесіз, оның темірдей қатты тырнақшаның ішіндегі «тәртібінсіз», теперішінсіз өтпепті. Мұны тіпті адамзат жаралғалы бергі тарихтан тамыр тарта отырып тарқата айтуға болады. Қоғамның барлық саласы биліктің бақылауына өтіп, адам бостандығы мен конституциялық құқықтар аяққа тапталған жерден бастап тоталитарлық жүйенің тар қамыты момын халықтың мойынына кигізіледі. Еркін идеялар мен оппозициялық озат ойлар саяси қуғын-сүргінге ұшырай бастайды.
04 Сәуір, 2021
Су тасқыны болуы мүмкін өңірлермен жұмыс кеңесі өтті
2021 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі М.М. Күлдіковтың төрағалығымен бейнеконференциялық байланыс режимінде 2021 жылғы су тасқыны кезеңінің өтуі мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті. Оған Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2021
Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты
Алматыда Рысқұлов көшесіндегі екі қабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2021
Экология министрі геологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады
Қазақстанда жыл сайын сәуір айының бірінші жексенбісінде Геологтар күні аталып өтеді. ҚЭкология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында еліміздің геологтарын осы атаулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2021
Футзалшылар соңғы даярлықтарын пысықтауда
Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2022 жылы Нидерландта өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 6 сәуір күні Мажарстанға қарсы ойнайтыны белгілі.
04 Сәуір, 2021
Орталық Азия елдері шекарадағы кедендік рәсімдерді жеделдетуі керек
Дүниежүзілік банк сарапшылары инфрақұрылымды жақсарту, шекарадағы кідірістерді азайту және жүк тасымалдау тарифтерін төмендету Орталық Азия экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін ескерте бастады. Бұл мәселе «Орталық Азиядағы көлік байланысы: қиындықтар мен перспективалар» конференциясында талқыланды, – деп жазады Egemen.kz. ДБ таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2021
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Кеше елімізге халықаралық әуе рейстерімен келген жолаушылардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2021
Тұрсынбай Құлахмет қарсыласын бірінші раундта құлатты
Біріккен Араб әмірліктерінің (БАӘ) Дубай қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Осы жарыста күш сынасқан Тұрсынбай Құлахмет өрелі өнерімен өз жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2021
Қорғаныс министрі Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу полигондарын аралады
Ақтау гарнизонында қорғаныс ведомствосының басшысы арнайы операциялар күштерінің құрамдарын тексерудің екінші кезеңі өтіп жатқан оқу-жаттығу полигондарын аралады, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
04 Сәуір, 2021
Бір тәулікте 2 мыңнан астам қазақстандық коронавирус жұқтырды
Елімізде өткен тәулікте 2054 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2021
Өткен тәулікте 1229 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда 1229 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Сәуір, 2021
Алматылықтарға медициналық ақпараттық жүйе арқылы шақыртулар жіберілді
Бүгін мегаполистегі вакцинация барысы туралы Алматы қаласы №17 емханасының дәрігер-эпидемиологы Галина Рогатовская ақпарат берді. Медицина қызметкері вакциналау жұмыстарын 4 наурызда бастағандарын хабарлады.
03 Сәуір, 2021
Ashyq жобасы еліміздің тағы үш қаласында енгізіледі
Ashyq жобасы енді Павлодар, Тараз бен Ақтөбеде енгізіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2021
Қызылорда қаласының бұрынғы әкімі құрметті азамат атанды
Бүгін Қызылорда қаласының әкімдігінде облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен актив отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысымен қатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары қатысты. Активте 8 жылдан астам уақыт Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарып, 1 сәуірден бастап Премьер-Министрдің өкімімен жаңа лауазымға тағайындалған Нұрлыбек Нәлібаевқа құрмет көрсетіліп, «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2021
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия әлем елдеріндегі эпидемиялық ахуалға қатысты мәліметтер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Сәуір, 2021