Редакция таңдауы
Елордадағы Ұлттық музейдің қорында даңқты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ыбырай Жақаевтың өзі киген қазақы тақиясы сақталған.
15 Сәуір, 2021
Сырдария сағасындағы сұлу мекен
Қойнауы тұнған тарих қазақ даласының тау мен тасы, өзен-көлі, сылдырап аққан бұлағы – өткен күндер шежіресінің куәгерлері. Оларға тіл бітсе, қазақ елінің басынан кешкендерін, көргендерін айтуға уақыт жетпес пе еді?!
15 Сәуір, 2021
Мемлекеттік тілді құрметтеу – ортақ міндетіміз
Мен әрдайым қоғамымыздың әрбір мүшесін мемлекеттік тілімізге деген құрметін арттыра түсуге, оның қолданыс аясын кеңейтуге барынша үлес қосуға шақырғым келіп тұрады.
15 Сәуір, 2021
Мысыр билігі Суец каналына қайраңдап қалған жүк кемесі Ever Given-ді тәркіледі. Кеменің иесі әлемдік саудаға үлкен шығын әкелген оқиғаның өтемақысын төлемейінше, Ever Given енді орнынан қозғалмайды.
15 Сәуір, 2021
Тәуелсіздік және ұлт менталитеті
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Алдағы төртінші онжылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет» деп ой түйеді.
14 Сәуір, 2021
Қарыз күліп кіріп, күңіреніп шығады
Бірінші кредиттік бюро 1 162 038 қарыз алушыға тиесілі 1 262 720 келісімшартқа «оңалтылған» мәртебесі берілгенін хабарлады. 2021 жылғы 9 сәуірде Қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігінің несиелерді оңалту туралы №53 қаулысына түзетулер күшіне енді. Қаулыға сәйкес несиелік келісімшартты оңалту мәртебесін несиелік бюро есептейді және Бірінші кредиттік бюроның несиелік есебінде көрсетіледі. Бірінші кредиттік бюро «оңалтылған» мәртебесі жеке тұлғаға емес, несиелік келісімшартқа берілетінін атап өтті.
14 Сәуір, 2021
Жарлыны байланыс желісімен жарылқады
Қарағанды облысының Жарлы ауылына жоғары жылдамдықты интернет тартылды. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.
14 Сәуір, 2021
Ауылдарға кең жолақты интернет тартылады
– «Қой кезек-2021» деген тобымыз бар «уатсапта». Үйді-үйді аралап бөтен қой іздемейміз, топқа жаза саламыз. Интернет деген қолымызды ұзартып, көзімізді ашты, – дейді Ізғұтты Айтықов ауылының тұрғыны Жанимхан Өмірбек. Ұлан ауданына қарасты бұл ауыл Өскеменнен қырық-ақ шақырым жерде жатқанымен, осы уақытқа дейін интернетті қойып, ұялы байланысы болмаған.
14 Сәуір, 2021
Қазақтың Нурикамалы дүниеден өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2021
Шенеуніктердің кесірінен балалар спорт секцияларына қатыса алмай отыр
Қазақстанда мемлекеттік органдар дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерге нормативтік-құқықтық актілер әзірлемегендіктен, балалар тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатыса алмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Вера Ким айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2021
СЭС шара қолданбай отыр: Алматыдағы Әуезов ауданының әкімі карантин ережесін бұзған
Алматы қаласындағы Әуезов ауданың басшысы карантиндік нормаларды сақтамай, қызметкерлермен бетбе-бет жиналыс өткізген, әрі ол үшін жауапқа тартылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
14 Сәуір, 2021
Бас басылымның PDF нұсқасы ақылы негізге ауысты
2021 жылдың 5 сәуірінен бастап «Egemen Qazaqstan» газетінің PDF нұсқасы ақылы негізге ауысқанын хабарлаймыз.
14 Сәуір, 2021
Жеңіс күніне арналған әскери парад бола ма?
Коронавирустың таралу қаупіне байланысты елімізде 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Сәуір, 2021
Қазақстанда кинотеатрлар мен караокелер қайта ашылады
Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы туралы жаңа қаулысы шықты. Онда «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2021
Неліктен жұрттың бәрі президент болғысы келеді?
Неліктен жұрттың бәрі президент болғысы келуі мүмкін? Елдің ең жоғарғы қызметі түрлі артықшылықтарға қарамастан, өте ауыр міндет. Вашингтондық журналист Элизабет Дрю өз мақаласында осы сұрақты қойып, оның жауабын іздейді. Автор қазіргі АҚШ президенті Джо Байденнің президенттік лауазымға кіріскен кезі өте сәтті өткенін алға тартады. Оның пайымдауынша, Байден бастапқыда тиімді саясат жүргізе білді. Дегенмен уақыт өте келе оның әкімшілігі көптеген қиындыққа тап болды.
14 Сәуір, 2021
Өмірмен қоштасуға медициналық тұрғыдан көмектесу
Принстон Университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер «Өлуге медициналық көмектесу» атты мақаласында жазылмайтын дертке шалдыққан, аурудан тәні мен жаны қиналған науқастардың фәни дүниемен өз еркімен қоштасуы қажет пе деген мәселені талқылайды. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемнің бірқатар елінде мұндай тәсілге рұқсат етілген. Бірақ бұл физикалық тұрғыда зардап шегетіндерге ғана берілген құқық. Автор психикалық тұрғыда қиналатындарға да осындай мүмкіндік берілу қажет деп есептейді. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
14 Сәуір, 2021
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп тұрған цехтарды жаңартпақ. Бұл жұмысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
14 Сәуір, 2021
Әрі рухани, әрі саяси бірегей орталық
Шетелдің әлдебір саяхат орны, қасиетті жерлері туралы жақсы білеміз, тамсана әңгімелейміз. Себебі олар сол жерлердің қасиетті екеніне бізді сендіріп қойған. Қасиеттің не екені туралы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ жинақтай келгенде екі түйінге тоқтаймыз. Бірі – емдік қасиеті бар немесе көрінісі ғажап ерекше жаратылған табиғи орта, екіншісі – қолдан жасалған көпке қызмет ететін орын. Мұндай орындар бізде де бар. Солардың бірі һәм бірегейі – елорда төрінде орналасқан Назарбаев орталығы десем, қазақстандықтар бұған келісер деп ойлаймын.
14 Сәуір, 2021
Бизнес қай банкке көбірек сенім артады?
Жыл басынан бері қазақстандық банктердегі ұжымдық депозит мөлшері 155,4 млрд теңгеге немесе 1,5 пайызға өсіп, 10,77 трлн теңгені құрады. Бірақ наурыз айында әжептәуір құлдырау болғанын байқаймыз. Заңды тұлғалардың салымы 20,5 млрд теңгеге азайып кеткен.
14 Сәуір, 2021
Ұлт ғұмыры – ұрпақ сабақтастығында
Ұлттың ұлы болмағы ұрпақ сабақтастығының саралығында, алдыңғы толқынның даналығында. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» (Абай) дегендей, алдыңғы толқынның құрметі кейінгі толқынға қашанда керек. Оның әдемі үлгілері халқымызда болған.
13 Сәуір, 2021