Редакция таңдауы
Дәрігерлерге үстемеақы төленбейді
Шығыс Қазақстанның дәрігерлері ынталандыру үстемеақысын толық ала алмай жүрген соң заңгердің көмегіне жүгінген. Жедел жәрдем қызметкерлерінің құқығын қорғаумен айналысатын адвокаттың айтуынша, үстемеақы сомасы 70 млрд теңгеге жеткен.
09 Сәуір, 2021
Еңбек – емші І топтағы мүгедек Иван Стракуленко ұстанатын қағида осы
Жарық дүние есігін аша салысымен қатал тағдыр қырына алған. Аяқ сүйектері әлсіз болып туыпты. Қарға адым жер жүру түгілі қыбырлап қозғалуға мұршасы келмейді. Қорғасындай ауыр салмақ еңсесін басып, тұсау салып тастағандай. Бірақ бойындағы алапат жігерінің арқасында қатардан қалмауға тағдырымен тайталасып тырысып-ақ келе жатыр...
09 Сәуір, 2021
16 перзент әкелген батыр ана: «Әр баланың өз несібесі бар»
Ақ қашып, қызыл қуған аласапыранда ұрпағының қамы үшін тау асып, тас басып, төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен ағайынның атажұртқа оралуы – тілмен айтып сипаттауға келе бермейтін, ақ түйенің қарны жарылған зор қуаныш. Елге ел қосылып, құтымыз артты, санамызда жұқанасы қалған салт-дәстүріміз қайта жаңғырды.
08 Сәуір, 2021
Сым жетпейтін жерге спутник жете ме?
Қазақстандағы шалғай елді мекендерге интернет енді спутник арқылы да таратылады. Қазір осы мақсатта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі OneWeb, Starlink және Ses сынды спутниктік байланыс операторларымен тиісті келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ведомствоның басшысы Бағдат Мусин айтты.
08 Сәуір, 2021
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заң мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы бұйрығына сәйкес Қазақстанда балықтардың уылдырық шашуы және көбеюі кезеңінде балық аулауға шектеу енгізілетінін хабарлады.
08 Сәуір, 2021
Вакцина салдырудың қандай жағымсыз әсері болуы мүмкін?
Вакцинациядан кейінгі жағымсыз реакциялар негізінен жеңіл немесе орташа дәрежеде болады. Вакцинаның жағымсыз әсері алғашқы екі-үш күнде пайда болады. Бұл ұзаққа созылмайтын тұмауға ұқсас синдром, қалтырау, дене қызыуының жоғарылауы, артралгия, миалгия, астения, жалпы әлсіздік, бас ауруы, сондай-ақ инъекция орнының ауыруы, гиперемия, ісіну түріндегі реакциялар болуы мүмкін.
08 Сәуір, 2021
Докторантураға қабылдау электронды форматта өтеді
Докторантураға қабылдау электронды форматта, ал диссертацияларды қорғау онлайн-режимде жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2021
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді
«Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2021
СІМ: Ресеймен екі арада шешілмеген мәселелер жоқ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екіжақты келіссөздер өткізді.
08 Сәуір, 2021
Елімізде Ұлттық жад институты құрылады
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2021
Президент неге «Спутник-V» екпесін салдырды
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың неліктен «Спутник-V» екпесін алғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2021
Туристік нысан салған кәсіпкерлердің шығындары өтеледі
Енді туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау заң аясында іске асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2021
Нұрлан Сауранбаев қызметінен босады
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Ермекұлы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Сәуір, 2021
Ел газеті «Egemen Qazaqstan» өзінің жылдағы дәстүрі бойынша жас журналистерге арналған «Үміт» конкурсын жариялайды. Бас басылым бәйгесінің биылғы сыйлығы «Тәуелсіздік – тұғырым» деген тақырыпқа арналып отыр. Азаттықтың арайлап атқан ақ таңымен бірге өмірге де, өнерге де талпыныс жасаған жастардан жаңа сөз күтеміз. Қатысушыларға сәттілік тілейміз. Редакциядан
08 Сәуір, 2021
Сыйлық алған да, берген де жауапқа тартылады
Бұдан былай мемлекеттік орган немесе ұлттық компаниялардың басшылары бұрын жемқорлық жасаған адамды жұмысқа қабылдайтын болса, өз қалтасынан 100 АЕК көлемінде, яғни 300 мың теңгедей айыппұл төлейді. Осы жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.
08 Сәуір, 2021
Уақытты да, қаржыны да үнемдейтін үкімет
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына биыл − бес жыл. Осы уақыт ішінде 150 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет тізіліміндегі қызметтің 96,5%-ын да осы корпорация ұсынып келеді.
08 Сәуір, 2021
Ымыраға келушілік – құқықтық мәдениеттің жоғарылағандығы
Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасырдан аса уақыт ішінде қоғамдық келісім, этносаралық татулық сияқты кез келген мемлекетте бірінші кезекте шешілуі тиіс саналатын шетін мәселені реттеу барысында атқарған шаруасы аз емес. Бүгінде бұл құрылымның қызмет аясы анағұрлым кеңейіп, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту сияқты басымдық бағыттарда мемлекеттік құндылықтарды орнықтыру бойынша әртүрлі жаңа форматтарда жұмыс істеуде.
08 Сәуір, 2021
Ресей үкіметі жақында елдің Арктикалық аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Құжатта 2024 жылға дейінгі стратегияны іске асыру үшін 19,5 миллиард рубльден астам қаражат бөлу жоспарланғаны айтылған. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттарына Ресейдің Арктикалық аймағының құрамына кіретін аумақтардың экономикалық дамуын жеделдету, олардың мемлекеттің экономикалық өсуіне қосқан үлесін арттыру, сондай-ақ макроөңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау кіреді.
08 Сәуір, 2021
Еуропа чемпионатына жолдама алды
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Нидерландта өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Мажарстан футзалшыларын ұтып, мерзімінен бұрын құрлық додасына жолдама жеңіп алды. Бұл – Қазақстан құрамасының өз тарихында үшінші мәрте Еуропа чемпионатына шығуы.
08 Сәуір, 2021
Халықтық ІРО: Қайта оралғанның қайыры бар
«Халықтық IPO» мағынасын жалпылама алсақ, мемлекеттің ұлттық байлығын азаматтары арасында бөлу дегенді білдіреді. Оның атауы бізге соны естілгенімен тарихы тереңде жатыр.
07 Сәуір, 2021