Редакция таңдауы
Кәсіпкерлерді қолдауға басымдық берілді
Өткен жыл отандық кәсіпкерлерге сынақ кезеңі болған-ды. Мемлекет тарапынан оларға барынша қолдау көрсетілді. Ел Президентінің тікелей тапсырмасымен қолға алынған қолдау шаралары өз жемісін берді де.
08 Қаңтар, 2021
Қоғамдық ұйымдар ауылға бет бұрса игі
Бүгінде әлемнің көптеген елінің саясатында үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше сипатқа ие. Өйткені мемлекеттік басқару жүйесіне қоғамдық қауымдастықты араластырмай түйткілді мәселелерді шешу мүмкін емес. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы үшінші сектор әлемдік трендтер бағытында дамып келеді. Яғни еліміздегі үшінші секторды қолдау мемлекет тарапынан да, бірқатар ірі компанияның қайырымдылық мақсаттағы ҮЕҰ арқылы да жүзеге асуда. Бұл бағытта сонымен бірге бизнестің, фандрайзинг жүйесі, әлеуметтік желілер және масс-медианың рөлі маңызды екенін де айта кеткен жөн. Десек те соңғы кездерде осы бағыттағы ұйымдар қоғамның дамуына қаншалықты атсалысуда, жұмыс істеу тәжірибесіне мемлекет көңіл бөліп отыр ма деген сауалдар төңірегінде туындаған мәселелерге жауап іздеу барысында ауыл-аймақтарда үшінші сектор үлесін арттыру қажеттігін аңғарамыз.
08 Қаңтар, 2021
Қоныс аударушылар көшін жандандыру маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің басты басылымы – «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында биыл отызжылдығы аталып өтілетін Тәуелсіздік туралы тереңнен толғай келе, егемен еліміздің алдағы уақыттағы ішкі саясатының басты бағыттары мен бағдарларын айқындап берді.
08 Қаңтар, 2021
Кескіндеменің көркем кеңістігі
Бүгінгі таңдағы қазақ бейнелеу өнері – әбден толысқан, жоғары деңгейде шыңдалған, толымды өнер. Осы дәрежеге жету үшін де еліміздің мәдени өмірінде, небір күрес пен ізденіске толы процестер жүрді. Еліміздің егемендік алуымен шығу тегімізге, тарих пен өткен мұраларымызды қайта тануға деген белсенділік те артты. Бірақ көп суретшілер замана өзгерістерінің байыбына бара алмай аңтарылып қалғаны да рас. Қазақ бейнелеу өнері қалай дамуы керек деп, бағыт ала алмай тұрған өліара тыныштық орнаған кез еді.
08 Қаңтар, 2021
Экономикалық мәселелер талқыланды
Nur Otan партиясының өкілдері өңірлерде халықпен кездесуді жалғастыруда. Кеше партия сайлауалды штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысында болды.
08 Қаңтар, 2021
Сайлаудан кейін де жұмыс жалғаспақ
ADAL партиясы халықпен кездесулерін жалғастыруда. Депутаттыққа үміткерлер партияның бағдарламасымен таныстырып, халықтың өтініш-тілектерін ескеруге барынша тырысып келеді.
08 Қаңтар, 2021
Жаңа ОПЕК + келісімдері Қазақстанға не береді?
Жаңа ОПЕК + келісімдері Қазақстанға ақпан-наурыз айларында мұнай өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
07 Қаңтар, 2021
Түркістанда карантин режімін бұзғандарға 4 млн теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы аптасында карантин режімін бұзушыларға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
07 Қаңтар, 2021
Конгресс Байденді АҚШ президенті етіп бекітті
Конгресс Капитолийді басып алу мен қаладағы тәртіпсіздіктерден кейін Джо Байденді АҚШ президенті ретінде бекітті. Бұл туралы талқылау нәтижесі дәлел болған, деп хабарлайды Egemen.kz
07 Қаңтар, 2021
Елордада 13 автокөлік жанып кетті (видео)
Елордалық өрт сөндірушілер автожуу нысанындағы жалынды сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Қаңтар, 2021
Алматыда 7 күнде 700 адам індет жұқтырды
Бүгін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 2021 жылғы 7 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Алматыдағы эпидемиялық жағдайдың күрделі екендігін хабарлады. Осыған байланысты ол қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды.
07 Қаңтар, 2021
Медициналық сақтандыру мәртебеңізді қалай тексеруге болады?
Елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгені белгілі. Қазір бұл қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі. Алғашқысы – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында болса, екіншісі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында, деп хабарлайды Egemen.kz
07 Қаңтар, 2021
Қазақстан қай айда мұнай өндіруді арттыратыны белгілі болды
Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан ақпан және наурыз айларында мұнай өндірісін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz
07 Қаңтар, 2021
«Отбасы» банкі қосымша өкілеттіктерге ие болды
Egemen.kz «Отбасы» банкі қосымша өкілеттіктерге ие болғанын, БЖЗҚ-дан қаражаттарды несиелендіру үшін шот ашуға және жүргізуге лицензия алғанын хабарлайды.
07 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин: Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түседі
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Қаңтар, 2021
Еңбек нарығы бұрынғыдан өзгерек
Пандемия адамзаттың күнделікті өмір салтын ғана емес, құндылықтары мен көзқарасын да біршама өзгертті. Осы тұста көпшілігі жұмыс орны мен айналысқысы келетін кәсібін қайта қарай бастады.
07 Қаңтар, 2021
Ауыл тұрғындары ауыз суға мұқтаж
«URANkz» республикалық қоғамдық бірлес тігінің өкілдері мен Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды біріктірген «Қызыл автобуc» Қарағанды қаласының маңындағы Сарытөбе ауылында болды. Елді-мекенде 700-ге жуық адам тұрады. Олардың басты мәселесі – интернеттің, ауыз судың және жайылым жердің жоқтығы.
07 Қаңтар, 2021
Соңғы уақытта көпшілік арасында вакцинация, яғни екпе туралы әңгіме жиі айтыла бастады. Бұл, әрине, бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирус инфекциясының адамзатқа тажал сеуіп, ауыр зардап шектіріп, айылын жимай отырғанына тікелей байланысты туындап отыр. Вакциналау көптеген инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ертеден-ақ кең қолданылып келеді.
07 Қаңтар, 2021
Өзге елдер қызығатын жетістіктер
Ұлттық нейрохирургия орталығының жас мамандары Динара Бердібаева мен Ерген Кенжеғұлов – Тәуелсіздік құрдастары. Болашағынан үміт күттіріп отырған олар өздерінің осындай маман болып, іргелі орталықта жұмыс атқарып жүруін ел Тәуелсіздігімен байланыстырады.
07 Қаңтар, 2021
Қытай АҚШ экономикасын басып оза ма?
Ұлыбританияда орналасқан экономикалық және іскерлік зерттеулер орталығының (CEBR) жазуынша, 2030 жылға таман Қытай экономикалық тұрғыда АҚШ-ты артта қалдырады. Бұған Қытайдың коронавирус пандемиясына лайықты қарсы тұрып, жылдам қалпына келгендігі себеп болуы мүмкін.
07 Қаңтар, 2021