Оқи отырыңыз
Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында «Бұл ғажайып әрі нәзік әлем» атты сурет көрмесінің ашылуы өтті. Іс-шараны «Stop Musor» әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды.
04 Қараша, 2020
Кетпен тауының етегінде ауық-ауық асыршыл достарымен асық ойнап жүретін Қарадаланың қарадомалақ баласының аусары өнерге ауды. Әкесімін бірге ат ерттеп, жайлауға шыққанда қолына түскен ұзынды-қысқалы таяқты ұрғылап, даланы басына көтеріп айқайлап ән салатын. Баласының әнтек қылығына қызыққан әкесі, жақсы ырымға жорып, домбыра сатып әпереді. Қос ішекті киелі аспап қолына түскен сәттен бастап бес жасар бұзықтың бар ермегі сол болыпты. Міне, дәстүрлі өнерге деген құштарлық сол сәтте өрісін кеңге жайған еді.
04 Қараша, 2020
Дәуір алмасса да дәстүрін дәріптеуге іңкәр, бабадан қалған өсиетті, дала ділмарының тарихтан аршылған аңызын ауыздан-ауызға жеткізген халықтың даналығына дала бойлар ма? Шарайна жерді тітіреткен, семсер сілтесер қарсылас қалдырмаған түркінің ерлігін жырлар болсақ таң асыра толғанарымыз хақ. Бұл жолғы әңгіменің де әуені сол жақтан естіледі. Күміс қасты ердің үстінде батырларымыз тұлпар тізгіндеп, тебісімен жұмыр жерді теңселткен. Сондағы ер-тұрман оғланның ожданындай бағалы саналған. Алыптардың айбынды тұлғасына астар болған жауһар жәдігер-тұғын.
04 Қараша, 2020
Уақыт маңдайына жазылған жәдігерлер
Дөңгелеген дүниеге дүрбі салсаңыз, көшпенділердің құйқалы топырағы қашаннан құтты өлкеге айналғанына көзіңіз жетеді. Құдды әлімсақтан бері байтақ даламыздың түкпір-түкпірінде ұлылықтың дәні себілгендей. Әу бастан тектілік біздің қанымызға дарыпты. Кемелділік пен кенендік кереқарыс маңдайымызға бұйырыпты. Оның айқын көрінісі – бағзыдан бүгінге алтын жіптей арқау болған шежірелі мұрағаттар. Ал біз сол қазына артқан толағай дәуірлердің қадіріне жеттік пе? Осыған жауап іздеп көрейікші...
04 Қараша, 2020
Қарулы Күштер: Борыштан жауынгерлік жаттығуға дейін
Қай кезде де айбынды да айбарлы Қарулы Күштері бар елдің абыройы асқақ болары даусыз. Өйткені әр мемлекеттің беделі әлеуметтік-экономикалық һәм әскери әлеуетімен биіктей түседі. Осы тұрғыдан айтқанда, тәуелсіз Қазақстанның құрлықтағы және судағы шекара шебін көздің қарашығындай қорғау алдымен әскерге жүктеледі. Қазір отандық әскердің әлеуеті артты. Әскери бөлімдер осы заманғы озық техникалармен, қару-жарақ түрлерімен қамтылды. Мұның мысалын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы құрамындағы әскери бөлімдерден де байқауға болады. Бұл – Қарулы Күштердің құрылымдарында жүргізілген реформалардың жемісі. Сардарлар мен сарбаздар кез келген әскери тапсырманы бұлжытпай орындап, Отан шебін қорғауға сақадай сай әзірлігін байқатып келеді. Ал бұл жастардың әскерге баруға қызығушылығын оятты. Бұған бір күнде отаншыл 100 бозбаланың әскери борышын өтеуге аттанғаны дәлел бола алады. Сондай-ақ ел ертеңіне баланған өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне де баса мән беріліп отыр
04 Қараша, 2020
Саналы таңдау мен риясыздықтың үлгісі
Өткен бір мақаламызда волонтерлік қозғалыстың маңызын халықаралық деңгейде терең білетін Президент Қ.Тоқаевтың «Жан дүниесі таза емес, ойы лас адамдар волонтер бола алмайды» деген пікірін келтірген едік. Сөйтсек волонтерлер мәселесінің түйіні осы қозғалыстың ішкі мазмұнында жатқанға ұқсайды. Біз үнемі оның ішкі «болмысына» емес, тек сыртқы «пішініне» қарап келген тәріздіміз.
04 Қараша, 2020
Халық алғысына бөленген волонтер
Індетпен алғы шепте күрескен дәрігерлердің ерлігі туралы қанша айтсақ та артық болмайды. Қиын кезде оларға көмекке келген волонтерлердің де еңбегі көпке үлгі. Солардың қатарында медициналық оқу орындарын жаңадан бітіріп жатқан түлектер де әріптестерімен қатар, белгісіз вирусқа тойтарыс беруге барынша тырысты.
04 Қараша, 2020
Қай мобильді қосымша сіз жайлы көбірек ақпарат жинайды?
Жасыратыны жоқ, ақпарат заманында мобильді қосымшалардың рөлі зор. Apple және Google қолданушылары осы жылдың үшінші тоқсанында рекордтық 33 млрд бағдарлама жүктеп, 28 млрд доллар қаржы жұмсаған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 20% артық. Бұған себеп – әлемді індет жайлап, оқшауланған жұрттың интернет арқылы байланыс орнатуы.
04 Қараша, 2020
Тұран жолбарысының популяциясы жаңғыртылады
Қазақстанда Тұран жолбарысының популяциясы жаңғыртылады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Осы мақсатта Балқаш көлінің оңтүстік жағалауының аумағы, сондай-ақ Іле өзенінің шығысқа қарай ауданы дала жануарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін аймақ ретінде таңдалды.
04 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырған «Мәлік Ғабдуллин: заман, тұлға, жад» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Кеңес Одағының Батыры, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 105 жылдығына арналған. Іс-шара 1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Шақырылған спикерлер арасында Қазақстан, Ресей, Израиль, Германия және Эстонияның белгілі ғалымдары болды.
04 Қараша, 2020
Ойыншық тапаншамен қорқытқан тұрғын ұсталды
30 қазан күні кешке Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 25 жастағы тұрғын арызданған. Ол қалалық аурухана алдында бір жас жігіт оны тапаншаға ұқсас затпен оны қорқытып, автокөлігіне мінгісі келгенін хабарлапты.
03 Қараша, 2020
Шахтинск қаласының полицейлері адам тонаған күдіктіні қолға түсірді
Шахтинск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері автобус аялдамасында адам тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
Ақтөбеде құжатсыз жүрген жүргізушілер анықталды
Ақтөбеде бір тәулікте екі құжатсыз жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
03 Қараша, 2020
Сенат Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы құжатты ратификациялайды
Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды, онда "1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Заңының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 21 мыңнан астам оңалтудың техникалық құралы берілді
Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғалы бері мүгедектігі бар адамдар үшін 21, 3 мың оңалтудың техникалық құралы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2020
Шымкентте өрттің алдын алу жұмыстары күшейтілді
Өткен жылы жылыту маусымында 3 өрт оқиғасы болды. Биыл бұл көрсеткіш едәуір көбейіп отыр. Бұл жөнінде онлайн өткен Үкімет отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
Ақтауда жаңа модульдік стационар өз жұмысын бастады
Бүгін Маңғыстау облыстық ауруханасының "В" блогында ем қабылдап жатқан 24 науқас Ақтаудағы жаңа модульдік стационарға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
10 мыңнан астам кітап цифрлық форматқа көшірілді
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы кітапханаларының кітап қоры 4 млн 482 мың 22 дананы құрайды. Биылғы жылы кітап қоры 28 мың 442 дана жаңа кітаппен толықты. Аймақтағы кітапханалар жыл басынан бері 155 мың 64 оқырманға қызмет көрсетіп, 1 млн 780 мың 472 дана кітапты оқырман қолына ұстатқан, деп хабарлайды Egemen.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020