Оқи отырыңыз
Жеңіл автокөлік салонында жүргізушімен қоса алғанда бес адам Алға ауданының орталығына қарай бағыт алып келеміз. Басты мақсатымыз – «Егеменнің Қазақстанның» 100 жылдық торқалы тойы қарсаңында агломерация аумағына кіретін ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, оқырмандармен ой бөлісу болатын. Бұл үшін жолға жалғыз шықпай, Ақтөбенің зиялы азаматтары, басылымға әркез жанашырлық танытып жүретін оның тұрақты оқырмандары. Белгілі қаламгер-журналист Жанғабыл Қабақбаев пен есімі елге елеулі азамат, қара тілден бал тамызған сарапшы-маман Түлкібай Сапаровқа бірге жүруге қолқа салғанбыз. Екеуі де тілегімізді қайтармады. Осы қатарда «Казахстанская правдадағы» әріптесіміз Жұбаныш Байғұрынов та бар еді.
17 Қараша, 2019
Қазақ жерінде туған бала қамқорсыз қалмауы керек
«Балалар үйі» деген мекемедегі кеңестік қамқорлықтың жетім бөбектерге қандай болғанын бәріміз білеміз. Оларды үкімет күтіп, бақса да бәрібір ананың қамқорлығындай жылылық бере алған жоқ. Сондықтан қатігез, рақымсыз балалардың өсіп шыққанын жасыруға болмайды.
16 Қараша, 2019
Қазақстан өнімдерін Арменияға экспорттауды ұлғайтудың келешегі талқыланды
Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Арменияға ресми сапар аясында Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинянмен кездесті.
16 Қараша, 2019
Дариға Назарбаева Еревандағы балалар онкологиясы және гематология орталығында болды
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Армения Республикасына ресми сапары аясында Армения премьер-министрінің жұбайы Анна Акопянмен бірге Еревандағы Балалар онкологиясы және гематология орталығында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қараша, 2019
Н.Нығматулин: Қазақстан мен Вьетнам ынтымақтастығының болашағы зор
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Дананг қаласына барып, теңіз айлағының жұмысымен танысты, сондай-ақ, өнеркәсіп орындарына барып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қараша, 2019
Жастар жылы: Инновация мен шығармашылық үйлесімі
15 қараша 2019 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар форумы болып өтті. Ауқымды шараны Білім және ғылым министрлігі, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған.
15 Қараша, 2019
Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жаһандық медиакеңістіктегі баспасөздің рөлі мен даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
15 Қараша, 2019
Ресейде қазақ сұлтаны Ораз-Мұхаммедке ескерткіш тақта орнатылды
Ресей Федерациясының Рязан облысы Қасымов қаласында Жошы ұлысынан шыққан Ораз-Мұхаммед сұлтанға мемориалды тақта орнатылды. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қараша, 2019
Асқар Мамин Азия даму банкінің президенті Такехико Накаомен кездесті
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанға ресми сапармен келген Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накаоны қабылдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қараша, 2019
Еуразия ұлттық университетінде «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай конференция өтті
«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаһандық медиасаладағы басылымның рөлі мен даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.
15 Қараша, 2019
Қазақстанға жаңа әуе компаниялар тартылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «ашық аспан» режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қараша, 2019
Нұрлан Нығматулин Ханой университетіндегі Абай орталығына барды
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Ханой университетінде Абай орталығына барды, сонымен қатар, ұстаздар және студенттер қауымымен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Қараша, 2019
Елордада Фариза Оңғарсынова көшесі ашылды
ЭКСПО-2017 маңындағы «Вена орамы» тұрғын үй кешені жанындағы жаңа көшеге Фариза Оңғарсынованың есімі берілді.
15 Қараша, 2019
Жиырма Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS халықаралық аккредитациясын алды
CIS-тің штаб пәтері Нидерландыдан Астанаға Петропавл және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Council of International Schools (Халықаралық мектептер кеңесі) аккредитациясын алғаны жөнінде сүйінші хабар жетті. Бұл екі мектеп аккредиттеу процесін аяқтады, енді барлық жиырма Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғары білім стандарттарын CIS мойындауымен растады.
15 Қараша, 2019
Қостанайда жастар Би-аға шығармашылығы жөнінде ой бөлісті
Жазушының туғанына 125 жыл толуына орай «Қаламы жүйрік Би-аға» деп аталған бұл шараны Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхана ұйымдастырды. Жастар негізінен белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхметтің, Бейімбет Майлиннің шығармашылығына орай айтқан тағылымды әңгімесін тыңдады. Әсіресе әдебиетке құштар студент жастар үшін бұл берері мол кездесу болды.
15 Қараша, 2019
Қазақстанның 700 әртісі Ресейге эстафета жолдады
Қазақтың рухани құбыласы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай бастау алған ақын шығармаларын оқу эстафетасын қоғам қолдап, алыс-жақын шетелдіктерге де жолдап жатты. Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының 700 әртісі «Көзімнің қарасы» әнін қосыла шырқап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл ұлы ойшыл мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған флешмобтардың ішінде қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш.
15 Қараша, 2019
Мұғалімдерді қолдауға қомақты қаржы бөлінеді
Nur Otan партиясының Құқықтық кеңес мүшелері педагог мәртебесін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кеңейтілген отырысқа жетекші партияның басшылары, ұстаздар қауымы мен уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
15 Қараша, 2019
Екіжақты байланыстың келешегі талқыланды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
15 Қараша, 2019
Қазақтың маңдайына біткен марғасқа тұлғалары қызмет еткен «Egemen Qazaqstan» газеті биыл өзінің 100 жылдық мерейтойын барынша сән-салтанатпен атап өтіп жатыр. Еліміздің бас газеті осы кезеңдерде небір тарихи сәттерді бастан өткергені анық. Талай адамның тағдырына араласып, әділет жолында құрбан болған азаматтарға қамқор болғаны да рас. Тіпті біздің отбасымызға қиындық туған сәтте де көмекке келген еді бұл басылым. Тағдырдың жазуына қарасайшы, бүгінде марқұм болған әкемнің басына түскен ауыртпалықты жеңілдетуге септігін тигізген ел газетінде қызмет ету бақыты бізге бұйырыпты. Біз үшін бұл – зор мақтаныш һәм жауапкершілік болса керек. Осы орайда ғасырдан ғасырларға құлаш ұрған газеттің мерейтойы қарсаңында есімізде қалған бір оқиғаны баяндап берсек деп отырмыз.
15 Қараша, 2019