Оқи отырыңыз
Қызылжар қаласының орталығы қазір көркіне көз тартқандай болып жайнап тұрады. Айналаның бәрі тап-таза, жылан жалағандай бір мұқияттық, жап-жасыл, алқызыл гүлдер жайнаған иранбағы секілді.
31 Мамыр, 2020
Шымкентте 1 маусымнан 2 095 бизнес нысаны жұмысын бастайды
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ертеңнен бастап іске қосылатын нысандар мен шектеулердің алынуы бойынша баяндады.
31 Мамыр, 2020
Шегірткелер әлемді жаулап жатыр
Әлемде соңғы 25 жылда болмаған шегірткелердің ең ірі шапқыншылығы орын алды. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық жөніндегі ұйымының мәліметінше, әсіресе зиянкестердің қалың нөпірі Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және Африка құрлығындағы елдерде байқалуда. Оның салдарынан көптеген аймақтар ашаршылыққа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс айтты.
31 Мамыр, 2020
СҚО орталығы Петропавл қаласында жергілікті полиция мен Ұлттық Ұланның жауынгерлері күн сайын екі ауысыммен қаладағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалауға көшеге шығады. Жалпы саны 250 адамды құрайтын полицейлер 105 бағытта, соның ішінде 34 күндіз және 71 түнде күзет атқарады. Осы жолдарды жазып отырып демократияның игіліктеріне риза боласың. Бұрын мұндай сандарды милиция қызметі «құпия» ұстап, жариялай бермейтін...
31 Мамыр, 2020
Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны артуда
Ресейде соңғы тәулікте COVID-19-дан 138 адам қайтыс болды.
31 Мамыр, 2020
Денсаулық сақтау саласының алдағы бесжылдыққа арналған бағдарламасы таныстырылды
Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 жылдың 1 тоқсанындағы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алқа мәжілісінің екінші отырысы онлайн режимде өтті.
31 Мамыр, 2020
Қызылордада вирус жұқтырған 23 адам тіркелді
Соңғы тәулікте Қызылорда облысында тағы 23 адамның індет жұқтырғаны анықталып, олардың жалпы саны 380-ге жетті. Осының ішінде 233 науқас сауығып шыққан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.
31 Мамыр, 2020
Жанымызды алып қалған бір уыс бидай - Әнуза Елкейқызы
Отызыншы жылдардағы ашаршылық қазақ тарихының қаралы беті. Қазір «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген саясаттың салдарынан қолдағы барынан айрылып, түңдігі ашылмай қалғандардың, жұт жайлаған жұртынан ауа көшкендердің саны да әртүрлі айтылып жүр. Анығы – өзегі талып өлгендердің тым көп екендігі.
31 Мамыр, 2020
Ерлан Тұрғымбаев блокпост жұмысына тартылған қызметкерлерге алғыс айтты
ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев блокпост жұмысына тартылған қызметкерлерге алғыс айтты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
31 Мамыр, 2020
Илон Масктің SpaceX компаниясы ғарышқа адам аттандырды (видео)
2011 жылдан бері өз жерінен астронавт ұшырып көрмеген АҚШ атойлап жатыр. Бұрын NASA атқаратын шаруаны енді жекеменшік компания атқармақ. Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына астронавттар Даг Хөрли және Боб Бенкенді жеткізді. Бұл ғарышқа адам аттандырудан монополист болып отырған Ресейге тағы бір тұсау болмақ.
31 Мамыр, 2020
Солтүстік мұзды мұхитты зерттеген Гернет Қаробада жерленген
2017 жылы аудан әкімдігі Қараоба ауылында Гернет жерленген зират басына ескерткіш белгі орнатты.Ескерткіш белгіде: Здесь в августе 1943 года похоронен Гернет Евгений Сергеевич военный моряк, исследователь Арктики. Репрессирован в 1938 году» деп жазылған.
31 Мамыр, 2020
Маңғыстауда 1 маусымнан бастап карантин жеңілдетіледі
Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысында 1 маусым күнінен бастап жеңілдетілетін карантиндік шаралар және жұмыстарын жандандыратын келесідей кәсіпкерлік нысандарының тізімі жасақталды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
31 Мамыр, 2020
Гаухар Кожакеева: Темекіден бас тарту ешқашан кеш емес
Жыл сайын бүкіл әлемде 31 мамырда Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні атап өтіледі, мақсаты белгілі – барынша халықты салауатты өмір салтына үндеу, өз денсаулығына бейғам қарамауға болысу. Мәселен, 2020 жылы жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлініп отыр.
31 Мамыр, 2020
Қытайлық Tencent Еуропада төлем жүйесін іске қосты
«Қытайлық интернет-гигант Tencent Alibaba тобына тиесілі Alibay-мен бәсекелестікті кеңейту үшін дүйсенбіден бастап Еуропада WeChat Pay төлем жүйесін іске қосты», деп хабарлайды CNBC. WeChat - бұл ай сайынғы аудиториясы 938 миллион адамды құрайтын үлкен әлеуметтік желі, негізінен Қытайда және басқа да Азия елдерінде тарайды. «Сонымен бірге, 600 миллион адам ол арқылы төлемдерді пайдаланады, - деп жазады CNBC.
31 Мамыр, 2020
Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандар саны 17 адамға өсті
30.05.2020 жылғы, 09:30 уақыты бойынша аймағымызда "Covid-19" вирусын жұқтырғандар қатары 357-ге жетті, - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
31 Мамыр, 2020
Шымкентте 22 адамнан Covid-19 анықталды
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 22 тұрғынына COVID-19 диагнозы қойылды. Олардың 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і пневмония диагнозымен стационарға жатқызылған, 2-і ақылы түрде қаралған, 1-і стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген, 3-і скрининг нәтижесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.
31 Мамыр, 2020
Түркістан облысында тағы 6 адам коронавирус жұқтырған
Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Төлеби ауданының 1989 жылғы, Сарыағаш ауданының 1986, 1987 жылы туған, Сайрам ауданының 1965 жылғы және Ордабасы ауданының 1955 жылғы тұрғындарынан анықталған.
31 Мамыр, 2020
Әке рухынан қуат алған қайсар жан
Осынау, орта бойлы, қайыңның безіндей берік, қайсар жүзді, өткір көзді, түсі сұсты, көзқарасы салқын ақсақалды ұзақ жылдардан бері білемін. Ол аяғын нық басып, әр қадамына салмақ салып, үнемі бір ой үстінде кетіп бара жатады. Алған бетінен қайтпайтын қайсарлық, айнымайтын табандылық, оған қоса жаратылысынан берілген қажырлылық бұл кісінің өмір бойғы жолдасы болып келеді. Қазір 85 жасқа аяқ басқан бұл ақсақалдың аты-жөні Болат Мағазұлы Сағындықов.
31 Мамыр, 2020
Асанбай аға! Жұрт: «Асекең!» – деп құрметпен атап кеткен бұл абзал жанды оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Аға ұрпақ өкілдерінің бірі академик Кеңес Нұрпейсов айтқандай ол «Өмірі тек өнегеден ғана тұратын адам» еді. Бітімі мен болмысынан парасаттылық лебі ескен сол Асекең, Асанбай Асқараовтың өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Алматы облысын басқарып тұрған кезіндегі еңбегі ерекше. Әсіресе аймақтың ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық әлеуетіндегі қол жеткен биік деңгейді атап айтпасақ болмайды.
31 Мамыр, 2020
Қасіретті жылдар. Тауқымет тартқан аналар
Қылышынан қан тамған солақай саясаттың символындай болып XX ғасыр да жылдар жылғасымен алыстап барады. Соған кері бұрылып қараған сайын алапат аштық пен қисапсыз қырғынның ізін әлі де анық аңғаруға болады. Қазақтың жұлындары үзіліп, бұрымдары қиылған аяулы аналарының, қадірлі қыз-келіншектерінің қасіретті көз жасы төгілгенін Ұлы дала аз көрген жоқ. Сол бір азапты жылдардың белгісіндей, дәлеліндей болып Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының Ақмол ауылында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені тұр...
31 Мамыр, 2020