Оқи отырыңыз
ІІМ-де «пилоттық» жобаның волонтерлермен кездесу өтті
Ағымдағы жылғы 28 мамырда Ішкі істер министрлігінде Нұр-Сұлтан және Қарағанды облысы әкімдігіндегі ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің қолдауымен Қарағанды қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша «пилоттық» жобаны іске асыратын ведомствоаралық жұмыс тобымен кезекті онлайн-кездесу өтті, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
30 Мамыр, 2020
Есепте тұрғандар үшін жәрмеңке өтті
Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік - құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.
30 Мамыр, 2020
Смағұл Елубай ашаршылық құрбандарына мемориал кешен тұрғызуды ұсынды
Белгілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубай «Egemen Qazaqstan» газетінің ұйымдастыруымен өткен қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ғасыр зұлматы» атты онлайн дөңгелек үстелінде зұлмат жылдар құрбандарын еске алуға байланысты бірнеше ұсыныс айтты.
30 Мамыр, 2020
Адамдар қауіпсіздігі басты назарда тұруы тиіс
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға қала және аудан әкімдері селекторлық режимде қатысты. Күн тәртібінде суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен орман және дала өрттері, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу мәселелері қаралды.
30 Мамыр, 2020
Қайырымдылық адамның асыл қасиеті. Қызылорда қалалық пробация қызметінің ұжымы, пробация есебінде тұратын тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға қол ұшын созуды игі дәстүрге айналдырып келеді.
30 Мамыр, 2020
Сингапурде автобуста телефонмен сөйлесуге тыйым салынды
Сингапур билігі қоғамдық көліктерде ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салды. Бұған қоса вирусты инфекцияның таралу қаупін азайту үшін автобуста адамдарға бір-бірімен сөйлеспеуге кеңес берілді. Бұл туралы үкіметаралық жұмыс тобының отырысында айтылды. Аталған елде 1 маусымнан бастап карантин режімі біртіндеп алынады деп көзделуде.
30 Мамыр, 2020
Лондонның қоғамдық көлік жүйесіне 1,6 млрд фунт бөлінеді
BBC-дің хабарлауынша, Ұлыбританияның билігі Лондонның қоғамдық көлік жүйесін қолдауға 1,6 млрд фунт (1,95 млрд доллар) бөлмек. Таратылған ақпаратына сәйкес, бұл қаражат Біріккен корольдіктің астанасындағы Transport for London (TfL) көлік операторына беріледі.
30 Мамыр, 2020
Трамп Нью-Йорктің көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлді
Financial Times халықаралық іскерлік газетінің мәліметінше, АҚШ-тың президенті Дональд Трамп федералды қаржыландырудың есебінен Нью-Йорктің қалалық көлік басқармасына 4 млрд доллар бөлуге пәрмен берген. Бұл туралы Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо мәлім етті деп жазады басылым.
30 Мамыр, 2020
Қазақстандық жолаушы тасымалдаушылардың табысы 40%-ға азайды
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін тұрақты 117 маршруқа, нақты айтқанда ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияға транзитті жолаушылар тасымалы, сондай-ақ автокөліктің барлық түрлерімен халықаралық жолаушылар тасымалы мен көлік логистикасы уақытша тоқтатылды. Бұл отандық тасымалдаушылардың табысының 40%-ға азаюына алып келді. Қалыптасқан ахуалды реттеу үшін қазір көптеген мемлекеттерде карантин режімі жеңілдетіліп, нарықтағы стейкхолдерлер (мүдделі тарап) біртіндеп кәсібіне кірісті.
30 Мамыр, 2020
Илон Маск «Тесладан» қанша пайда тапты? (видео)
АҚШ Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы Илон Масктың «Тесладан» түскен алғашқы сыйақысы туралы құжат берді.
30 Мамыр, 2020
Еліміздегі 8 ЖОО жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға дайын
Индустрия және инфрақұрылымдық вице-министрі Д. Щеглова Білім және ғылым вице-министрі Р. Бегаримен бірлесіп еліміздің 13 ЖОО және "ВТЅ Education" компанияларының өкілдерімен 2020-2021 жылдарға арналған білім беру бағдарламасына ТМК секторларының жаңа мамандықтарын енгізу мәселелері бойынша кездесу өткізді, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
30 Мамыр, 2020
Тәуекел мен кіріс арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады?
Резиденттердің депозитарлық ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,1% төмендеп, 19 649,7 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 5,7% -ға 9 935,0 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 0,3% -ға 9 714,6 млрд теңгеге дейін азайды. Бұл туралы кеше Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
30 Мамыр, 2020
Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігі басты мәселе
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде "Балалардың жазғы демалыс кезеңінде жазатайым оқиғалардың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
30 Мамыр, 2020
Севара Нурматова: Басты жетістігім – мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесе алғаным
Қолөнерден өз ісін тапқан тараздық Севара Нурматова жайындағы оқиға ешкімді бей-жай қалдырмас. Ол айналасына өзі сияқты мүгедектігі бар, бірақ қолынан іс келетін шебер жандарды жинай білді. Бұл «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен ұйымдастырылған «Әрекет» гранттар байқауында қолдау тапқан «Дөңгелекті дүкен» жобасы аясында жүзеге асты. Севара өзінің туа біткен ми салдану диагнозы мен бірінші топтағы мүгедек екеніне қарамастан өмірден өз орнын тапқан жігерлі жандардың бірі.
30 Мамыр, 2020
Ұшу қауіпсіздігін қадағалау бөлімшесі қайта құрылды
Қазақстанның мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі бас басқармасы Қазақстанның мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау департаменті болып қайта құрылды, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
30 Мамыр, 2020
Қарағанды облысындағы жолдарды қайта жаңарту жұмыстары тексерілді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев «Теміртау – Қарағанды» жолын, «Қарағанды қаласының солтүстік-шығыс бұрма жолын» және «Қарағанды – Балқаш» жолын қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
30 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтандағы темір жол вокзалдарының жолаушы тасымалдауға дайындығы қаралды
Қазақстан Республикасы ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Ж. Тайжанов жəне "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдерімен жолаушылар вагондары жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы темір жол вокзалдардың пандемия жағдайында тасымалдаудың жүзеге асыру дайындығы қаралды.
30 Мамыр, 2020
Шымкентте шомылу маусымындағы үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерғали Бахаевтың қатысуымен «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында онлайн-брифинг өтті.
30 Мамыр, 2020
Атырау: Індет жұқтырғандар саны 1024 адамға жетті
Теңіз кенішінде де, аудандарда да коронавирус инфекциясының тіркелуі тоқтар емес. Бұған өткен тәулікте 44 адамнан індеттің анықталуы дәлел бола алады.
30 Мамыр, 2020
Б.Қамалиев республикалық маңызды жолдардың жаңару жұмыстарымен танысты
Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан республикалық маңызға ие «Талдықорған – Өскемен» (287-880 шақырымы) және «Үшарал-Достық» (0-180 шақырымы) автомобиль жолдарының учаскелерін тексеріп қайтты, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
30 Мамыр, 2020