Оқи отырыңыз
Карантинде Шымкент халқына 8800 тонна азық-түлік таратылған
Шымкент қаласында карантин кезінде азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауар өндіруші кәсіпорын, 18 қойма және 25 сауда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.
25 Мамыр, 2020
Эстонияда Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі орнатылды
Таллиндегі Кадриорг паркінде белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгі қойылды. Салтанатты шараға Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты. Бұл туралы аталған елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
25 Мамыр, 2020
М.Әйтенов: Жұқпалы ауруларға арналған госпиталь 1 маусымда пайдалануға беріледі
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылды.
25 Мамыр, 2020
Соңғы қоңырау онлайн сыңғырлады
Биылғы төртінші тоқсан бұрынғыдан өзгерек басталғаны белгілі. Соған сай енді бөлекше бітіп жатыр. Оның бір белгісі болар, соңғы қоңырау биыл қашықтан соғылды.
25 Мамыр, 2020
Алматы әкімі апаттан қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев апаттан қайтыс болған полицейлердің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
25 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің ауылдарында 1 миллион 700 мыңдай жеке қосалқы шаруашылық барын, бірақ олардың өнімі сауда орындары арқылы ресми түрде сатылмайтынын және өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейтінін, онда жұмыс істейтіндердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалмағанын айта келе ендігі кезекте мемлекет қолдауы үй қасындағы осындай шаруашылықтарға көрсетілетіндігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар Президент «Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамыту үшін «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде «КазАгро» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие берілетіндігін де айтты. Осы жағдай қолдаудан құралақан қалып келе жатқан жеке қосалқы шаруашылық иелерімен қатар аталған проблеманы бұрыннан көтеріп жүрген сала мамандары мен ауыл жанашырларына тың жігер берді. Президент сөзінен қанаттанған олар қазірдің өзінде іске кірісіп, осы бір күрделі істің шешімін табуына еліміздің патриоттары ретінде кірісуде. «Кооператив құру арқылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру» жобасының жетекшісі Анас Баққожаевтың мәселенің мәнісін зерттей жазған төмендегі мақаласы соның бір дәлелі болуға лайық.
25 Мамыр, 2020
Ресейде бір тәулікте 8599 адам індет жұқтырды
Біздің ежелгі көршіміз Ресей елінде бір күнде 8599 адам індет жұқтырып, жалпы дертке тап болғандар саны 344481 жеткені жайлы аталған мемлекеттің коронавируспен күрес штабы мәлімдеді.
25 Мамыр, 2020
COVID-19 әлем байларына әсер еткен жоқ
«Коронавирус індеті басталғаннан бері әлемдегі ең ірі қаржылы адамдар қатарына жататын 25 тұлғаның байлығы тасып, соңғы екі айда бұлар 255 триллион доллар пайда тапты» дейді Нью-Йорктегі Forbes басылымы.
25 Мамыр, 2020
Олимпиада чемпионы коронавирус жұқтырды
Еркін күрестен Әзербайжан ұлттық құрамасының белді мүшесі, Олимпиада және әлем чемпионы Шариф Шарифовтың коронавирус жұқтырғаны анықталды.
25 Мамыр, 2020
Шымкентте медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы таратылды
Шымкентте коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ауа тазартқыш құрылғысы тарту етілді. Сыйлықтарды ақ халаттыларға «ZEPTER International» компаниясының қызметкерлері жеткізіп берді.
25 Мамыр, 2020
Испанияда 10 тәулік қаралы күн жарияланады
TASS ақпарат көзі таратқан хабарға сүйенсек, Испания үкіметі коронавирус салдарынан қаза тапқан адамдарды еске алу мақсатында, елде 10 тәулік қаралы күн жарияламақ. Бұл туралы премьер-министр Педро Санчес арнайы мәлімдеме жасады.
25 Мамыр, 2020
Шымкентте карантин және шектеу шаралары 8 маусымға дейін ұзартылды
Бүгін Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулысы жарияланды.
25 Мамыр, 2020
Павлодарда кәсіпорындар шығыны өтелген
Індет пен еліміздегі төтенше жағдай уақытында еліміздегі кейбір кәсіпорындардың жұмыстары азайып, кейбірі тоқтап та қалды. Ал, карантин кезіндегі шығындарды өтеу үшін қандай шаралар жасалады деген сұрақ та жеткілікіті.
25 Мамыр, 2020
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмысқа ынталы
Биыл Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі 50 адам еңбекке орналасуға өтініш берген. Олардың 2-уі жастар тәжірбиесі арқылы жұмыспен қамтылса, 19 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылған. Тағы 11-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
25 Мамыр, 2020
Ақмолада «Бастау бизнес» жобасы өз жемісін беруде
Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, кәсібін дөңгелеткендер көпке үлгі. Мәселен, зеренділік Дамира Битенова «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, жеке косметологиялық кабинетін ашқан.
25 Мамыр, 2020
«Әдеп пен әділет – егіз ұғым» - Серікбай Нұрғисаев
COVID-19 індетімен күрес кезеңі экономикалық саясаттың өзгеруіне ғана емес, атқарушы биліктің басқару формасы мен түрлі салалардағы жұмыс режимінің түбегейлі реформаға ұшырайтынын да көрсетіп берді. Мәселен, тұрғындар аз уақыт ішінде қашықтан оқу, онлайн байланыс арқылы жұмыс істеу, кеңсе қызметін алыстан пайдалану сияқты үрдіске бейімделуге мәжбүр болды.
25 Мамыр, 2020
Петропавлдық еріктілер қылмыспен күреседі
Жаз шыға петропавлдық полицейлердің мазасын алатын тағы бір ұрлық өрістейді. Ол - велосипед ұрлығымен байланысты қылмыстар. Олардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге тура келеді. Бұл жұмысқа биылдан бастап жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлардан басқа еріктілер де белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.
25 Мамыр, 2020
Вирус Ресейден келгендерден жұғып жатыр
Соңғы күндері Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден келгендер арасынан алты адамнан жаман індетті жұқтырғандар анықталды. Сөйтіп, осы уақытқа дейін мұнда тұрақтанған індет бірден 15 пайызға көтеріліп, 46 адамның бойынан табылып отыр
25 Мамыр, 2020
«Гауһар лигасының» кестесі жарияланды
Жуырда World Athletics Токио Олимпиадасының келесі жылға шегерілуіне және коронавирус пандемиясына байланысты жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстардың жаңа күнтізбесін жариялады.
25 Мамыр, 2020
Қазақстанда АИТВ жұқтырғандардың басым бөлігі ер азаматтар
Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Дегенмен биыл Қазақстанда CОVID-19 пандемиясы кезінде бұл датадағы шаралардың сипаты басқа болды. Бір жағынан бұл – АИТВ инфекциясын ауыздықтай отырып, коронавирус инфекциясынан емделушілердің өмірі мен денсаулығын сақтаудағы ел дайындығын көрсететін бір сынақ еді.
25 Мамыр, 2020